Ел тағдыры дегеніміз – ол білім тағдыры
Қостанай таны, 2005 ж., 21 қыркүйек, 3 б.
Қуат Баймырзаев:
Бүгінгі күннің педагогы қандай, оған қойылатын талап ше? 12 жылдық оқыту, бүл білім жүйесіне мүғалім мен оқушы даяр ма? Студент, болашақ жас маманның білімі қандай? Біз білім саласына қатысты осындай өзекті сауалдар төңірегінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, география ғылымдарының докторы, профессор Қуат Баймырзаевпен әңгімелескен едік.
Мектеп және жоғары оку орны. Неге бір-бірінен алшақ?
-Биылғы облыста өткен білім қызметкерлерінің тамыз мәслихатында көтерілген әңгіме - ол жаңа формацияның педагогын даярлау. Мәселен, сіздерде білім алып жаткан студент-болашақ жас маман жаңа формацияның педагогмаманы болуға даяр ма?
-Мәселе - осы жаңа формацияның педагогтары қандай болуға да оған қойылатын талап қандай? Мына 12 жылдық оқыту енгізіліп жатыр, соған сай ма? Өзіңіз білесіз, осы жылдың 18 тамызында республикалық «Казахстанская правда» газетінде Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім мен жаңа формация педагогының ұзіліссіз педагогикалық білім Тұжырымдамасының жобасы жарық көрді. Міне, осында жаңа формацияның педагогы туралы егжей-тегжей, яғни білім сапасы, тәжірибесі жөніңде айтыпды. Бул енді келешектегі мәселе.

- Қуат Маратұлы, сіздердің оқу орны бір жыл ішінде бір емес, екі рет ғылыми конференция өткізді. Неліктен? Осы жиындардың институт ұжымына, облыс мұғалімдер қауымына тигізер пайдасы бар ма?
- Конференцияның өткізілуі -мына алшақтап кеткен педагогикалық мамаңдықтар даярлайтын оқу орындары мен мектеп мұғалімдері арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіру. Мысалы, біз мектепке даярлайтын мамандарымыз бен сол мектептегі ұстаздардың сапасын білгіміз келеді. Осы жиын арқылы мектеп ұжымын шақырып ғылымда қандай өзгерістер болып жатыр соны көрсету, оларды ғылыми-ізденістерге тарту, ғылым арқылы мүғалімнің өз творчествосын көрсетуіне көмектесу. Ол ұшін ұйрену қажет. Педагогика ғылымында қандай соны жаңалықтар. өзгерістер, үдерістер бар, міне сонымен таны-суы керек. Сол процестің ішінде пе-дагогтың өзі жүрсе, сонда жетістік болады, мына бір-екі, үш деген кезең секілді.
Біз болсақ, мысалы өзіміздің «продукциямызды», яғни даярлал жатқан мамандарымыздың нәтижесін, маман даярлауда қандай қателігіміз, жетістігіміз бар екенін көргіміз келеді.
- Кейде конференцияда үнемі бір «адамдарды» , мұғалімдерді көреміз, облыста сонда бұдан басқа педагог, үздік әдіскер жоқ па еквн деп ойлайсың.
-Бұл сұрағыңыз орынды. Кейбір кезде штатный деген болады, сөйлей беретін, Қазір заман басқа, ол әдістен алшақтауымыз керек. Мундай жиындарда үздік, білікті, озат муғалімдер осындай мақсатқа, жетістікке жеткені жөнінде ой бөліссе, мәселен, өткендегі жылдық корытындыда, облыста түрлі байқауларда жеңімпаз атанған мұғалімдер өз шығармашылығы туралы айтса, сонда дұрыс болар еді.
Реформадан реформа. Ал, ол ауыл-село мектебіне сай ма?
- Мына теуелсіздік алғалы он бес жыл, осы жылдар ішінде неше министр ауысты. Реформадан реформа. Реформалар қала мектептеріндегі тәжірибе – сынақ алаңшаларда өткізіледі де, "нәтижесі керемет, қолдана беруге болады" дейді де, ал негізгі мектеп - ауыл мектебі екенін ұмытамыз.
Ауыл-село мектебіне келгенде, сол реформамыздан көп сәйкессіздік туындап жатады. Неге?
-Енді бул реформалар министрлердің ауысуына байланысты емес, бұл мына уақыт, өмір талабы, өйткені өзіңіз білесіз, Қазақстан Еуропа білім стандартына еніп жатыр. Соңдықтан да білім жүйесінде өзгерістер болады. Ал, сол реформалардың қалай іске асырылуы - ол басқа мәселе. Оның сапалы түрде жүзеге асуы, ауыл-селода, қалада болсын, негізінен білім департаментінің жұмысынан көруге болады. Департамент сол реформаны қалай іске асырады, нәтижесі сондай.
- Эксперимент ретінде біздің облыста 12 жылдық білім берудің алаңшалары бар. Ол бірде тоқтап, бірде қайта жанданды. Нәтижесі де жоқ. Еуропалық білім стандартына өттік те, осы оқытуды жұзеге асырмақпыз. Сол 12 жылдық оқытуға мектебіміз бен мүғаліміміз дайын ба?
- 12жылдық оқытудың нәтижесін түгел, қай жерінде қандай кемшілік, қай жеріне қандай өзгеріс жасау қажеттігін бірінші сыныптан бастап 12 сыныпқа өткенде ғана білуге болады. Төрт-бес жылга қоса салып мынау реформа деу қате. Реформа болған соң оқу жұйесі түгелімен өзгеріске түседі. Соны білген жөн. Бір-екі жылда мынау дұрыс, мынау бұрыс деп айтуға болмайды. Негізгі біздің алға қойып отырған мақсатымыз - ол білім жүйесін одан әрі жақсарта түсу. Жақсара түссе - онда реформаның ақталғаны.
Білім сапасы - ол маман сапасы
- Қуат Маратұлы, қазіргі педагог уақыт, окушы талабына сай ма? Неге күн тертібінен білім сапасы да, жоғары оқу орны даярлайтын маман сапасы да түспейді?
- Сұрағыңыз орынды, әсіресе жогары оқу орындарындағы. Бүгінгі білім сапасы - ол уақыт талабы. Қоғамда, экономикада, әлеуметтік салада өзгерістер көп. Сол өзгеріспен бірге - білім де сапалы болуы тиіс. Білімдегі реформалар да сол сапаны дұрыстау. Жақсы маман бәріне қажет, сол себепті уақыт талабына қарай оқытушыларымыз да, мұғалімдеріміз де таптаурынды бағыттан кетіп, психологиялық тұрғыдан өзгерістер керек.
Ең алдымен балалардың обалына қалмас үшін сапалы білім беруіміз қажет. Мына білім жүйесіңдегі, білім стандартындағы өзгерістердің бәрі сапа үшін.
Биыл біздің институт дүниежүзілік сапалық менеджменттің білім сертификатына ие болды. Біріншіден, ол оқудың сапасын жақсартуға, екіншіден, институтты сапалы жумыс істеуге міндеттейді. Ол ушін студенттерге жағдай жасау керек емес пе. Керек. Студенттеріміздің екінші үйі - жатақханасына жөңдеу жұмыстары жүргізілді, қырық жыл бойы жиһаздары ауыстырылмаған, оны дурыстап жатырмыз.
Сонымен бірге, оқу процесіне - 2 млн. 800 теңгелік зертханалық жаңа қурал-жабдықтар сатып алдық. Кітапханамыз да толық, тек қазіргі жаңа мамандықтарға сай және қазақ тіліндегі оқулықтар жетіслейді. Ғалым-оқытушыларымыз оқулық, әдістемелік оқу қуралдарың да жазуда.
- Мектепке барған пән педагог-мамандардың көбісінде теориялық білім бар да, ал сол пәннің әдістемесін білмейді дейді...
- Оны жоққа шығармаймыз. Мысалы, биылғы, былтырғы білім стандарттарында - пединститут бөлініп шыққалы бері өзгеріс болып жатыр. Себебі, бұрынғы стаңдартта бағыт басқа болған, педпрактика, оқу-әдістемелік практика мектептегі, мамандыққа кіріспе деген сияқтылардың сағаты қысқартылған еді. Енді қазір бірінші курстан төртінші курсқа дейін студенттеріміз үздіксіз практикадан өтеді. Өзіне жақсы, психологиялық тұрғыдан дайын болады, мектепке барудан қорыкпайды.
- Мұнымен қоса салалы білім алу проблемасын тағы қосыңыз.
-Иә, ең алдымен бізге мысалы талапкерлер кім боламын, қандай маман боламын деп келсе дурыс болар еді. Оны мектепте жүргенде ойлануы қажет. Мына, мемлекетімізге, елімізге қандай маман керек, алға қойған мақсатым қандай, ол үшін не істеуім қажет, қай жағынан үлес қоссам деген арманы, ойы болған жөн. Өйткені, қазір құпия емес, әке-шешенің қалтасына, ыңгайына, қабағына қарай мамандық таңдай салады. Әке-шеше де сен сол оқуды оқисың дейді. Болашақта ол оқуды бітірген соң сол мамандық бойынша жұмыс істей ме, істемей ме шаруамыз жоқ.
Сапасыздық осыдан шығады. Ата-ана да әрі кеткенде мұғалім де оқушы баланың неге бейім, не нәрсеге қабілет бар екенін біліп, соған қарай қажетті мамандық таң-дауына бағыт, жол сілтесе. Содан кейін қазір қай жерде арзан, содан окып, диплом апады. Ол диппомның бағасында сапа бар ма, жоқ па оны ешкім де, қоғам да білмейді. Әйтеуір диплом. Ең қажеті сол диплом ғой, кейін бірдеңе қылармыз дейді. Ол ойдан арылу керек. Өзіне де, қоғамға да пайдалы маман иесі болса, міне, дурыс жол. Өз болашағын ойламаса, төрт жылға кеткен уақыт, зая кеткен жылдар.
Бар тетікті кадр шешеді
- Жоғары оқу орнын бітіріп келген жас маман мединституттағы сияқты бір жыл мектепте жумыс істеп барып диплом алса, немесе тестілеуге емтихан тапсырып, содан кейін шығармашылық сынақтан өтсе деген пікір бар.
- Бұл пікір дұрыс. Неге десеңіз, қоғамдағы білім мен медицина саласы ең негізгі сала. Екі сала да адам тағдырына жауап береді. Екеуіне де қойылатын талап бірдей. Ол талапқа жету ушін білім керек. Білім мектептерден басталады. Білім сапасына сол мектептегі мұғалім жауапты, ал муғалімге жоғары оқу орны. Бәрі бір-бірімен байланысты. Сондықтан жаңа педагогикалық білім Тұжырымдамасында жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін, мектепте бір жыл стажировкадан өткеннен кейін, сонда бер-ілген бағаға қарай мұғалім бола алады. Егер осы бағытпен кетсек, өте дурыс болар еді. Сонда кім көрінген мектепте жұмыс істемейді. Мектелке мектептін өз адамы барады.
- Десек те кейде жең ұшымен жалғасып, мұғалімнің жүгін алып жүре алмайтындар де мектепте жүр...
-Қазір мундай болмау керек қой. Уақыт өзгерді. Сондай нәрсеге жіберіп жатқан мысалы, ұжым басшылары болса, онда олар өзінің отырған орнына сәйкес келмейді деген сөз. Біз, ел тағдыры дегеніміз-ол білім тағдыры екенін ұмытпауға тиіспіз. Қай адам болмасын өзінің сана-сезімі арқылы не істеп жатқаны туралы сезінуі керек. Егер мектебіңце білікті ұстаз болса, мемлекетімізге де, өзіне де, оқушы баланың болашағына да бей-жай қарамағаны.
Мәселе -мектепте емес
- Бізде қит етсе қазақ мектептерінің білімі төмен деген түсінік қалыптасқан, оған Сіз не дер едіңіз?
- Енді білім деңгейі темен деп айта алмаймын, қазақ мектептерінде. Барлық мектепте бір оқу стандарты, бір оқу жоспары. Ал, материалдық база төмен деп айтуға болады. Мысалы, қарап отырсаңыз, кейбірінде жөнді база да жоқ, ал "Алтын белгі" мен жоғары оқу орнына түсіп жатқандар бар. Оны немен түсіндіреміз? Ал, бір мектептің базасы жақсы, екіншісі нашар, сол нашардан "Алтын белгі" болса, оңда айта алмаймыз ғой білімі темен деп.
Ауылдағы мектеп қаланың мектебімен бірдей құрал-жабдықпен, оқулықпен қамтамасыз етілсе, көңіл бөлінсе білім деңгейі төмен деген сөз өзі өзінен-ақ айтылмай қалады. Сонымен бірге екі мектептің бірінде бір жылы сапа төмен, екінші жылы жоғары болуы мүмкін. Бәрі де мұғалімге байланысты екенін ұмытпау керек. Педагог жақсы болса - қалаауылға, орыс-қазақ мектебіне қарамастан білімді оқушылар шығады.
- Қуат Маратұлы, білім грантымен қатар қаражат төлеп оқитын студенттер де бар. Олардың барлығы да ауқаттылардың баласы емес. Ақылы бөлімде оқитындардың арасында озат оқитындар да бар. Соларға институт тарапынан қандай да бір жеңілдік карастырылған ба?
-Биыл институтымызға Үкімет тарапынан 500 білім гранты бөлінді, оның 425-і күндізгі, қалғаны сырттай оқыту бөліміне. Ал, енді ақыпы оқұга төрт жүз алпыс талапкер қабылдадық, оның екі жұз алпыстайы күндізгі, қалғаны сырттай. Оқу ақысына келсек, сыртқы оқытуда елу, кұндізгіде - жүз мың. Ақысы көтерілудің себебі - материалдық база, жалақы, студентке жағдай жасау дегендей. Сонымен бірге биыл институтқа жоғары балл жинал түскеңдер де бар екен. Соларға облыс әкімінің 19 гранты тағайындалды. Аудан әкімдері де өз аймағына қажетті мамаңдарын өздері жіберіп, соларға грант беріп, өздері оқытып жатыр. Ал, ақылы бөлімде оқитындардың арасында белгілі категориядағы балаларға, атап айтқанда жетімдерге жеңілдік бар. Ал, басқа жеңілдіктер жоқ.
Футбол ойнап, саяси кітап оқығанның айыбы жоқ
- Ректор мырза бос уақытында немен шұғылданады? Соңғы кезде қандай әдеби кітап оқыдыңыз?
- Өзім Әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетінің география факультетін бітірдім. Аспирантурада оқып, сонда жұмыс істедім, декан, проректор болдым. Ғылыми жұмысым - табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бағыты. География ғылымының докторымын, профессормын. Бос уақытымда футбол ойнағанды жақсы көремін. Осы ұжымда аптасына екі рет спорт залда футбол ойнаймыз. Көбінесе саяси кітаптарды, саяси тұрғыдағы материалдарды оқығанды ұнатамын. Еліміздегі, өзге де шет елдердегі саяси-әлеуметтік-экономикалық процестерді қадағалаймын. жақсы дүниелерді оқимын.
- Отбасыңыз туралы айта кетсеңіз де артык болмас.
- Әйелімнің есімі Мәдина, ол кісі Қостанай қаласындағы Дулатов атындағы инженерлік-экономикалық университетте саяси экономика деген мамандық бойынша сабақ береді. Ғылым кандидаты экономикадан. Екі балам мектеп жасында, үшіншіміз-Назерке 19 тамызда осы Қостанайда дұниеге келді.
- Кейбіреудің қайталап айтатын сөзі болады, осы бір нақылдан тәрбие аламын дейді, сіз ше?
-Біз өзіміз жаратылыстану ғылымы саласының адамы болғандықтан нүктелеп айтып, нүктелеп сөйлейміз. Бізде гуманитарлық ғылым саласындағыдай көп сөзділік, философия жоқ. Тік айтып, тік жүреміз. Өйткені, біздің ғылым саласы негізінен тура, нақ айтылады. Мынандай себеп болуы мүмкін, анау-мынау деген жоқ. Бізде не болады, не болмайды.
-Әңгімеңізге рахмет.

Гулназым Сағитова