Студентке берген сапалы білім мектепке бағытталады

Егемен Қазақстан, 2007 жылы, 16 маусым, 12 б.

Қуат БАЙМЫРЗАЕВ, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, география ғылымдарының докторы, профессор.

Ұлы Абай 25-ші қара сөзінде: "Ғылым, өнер — дүниенің кілті. Оны білгенге дуние арзанырақ түседі" дейді. Абай "ғылым, өнер" дегенде алдымен білімдт меңзеп отырса керек. Өзі өмір сүрген XIX ғасырда халқының жаппай сауатты болуын аңсаған ағартушы, ойшыл ақын қазақтың тек ғылым-білімнің арқасында ғана мойны озық тұрған жұрт катарлы көзі ашылатынын білді. Көктегі Шолпан жұлдыздай жарқырап, ақыл-ой мөңгілігіне айналған Абай біздің заманымыздың да шекесінен қарап тұрғандай. Өйткені, "ғылым өнердің дүниенің кілті" екені қалың ұйқыдағы даланы оятуға ұмтылған үлтымыздың үш бөйтерегі Абай, Шоқан, Ыбырайдан бастап, Алаш арыстарына дейін қандай ақиқат болса, бүгін жаһандану деген аждаһаның алдында тұрған қазақ елі ушін де соншалыкты маңызды. XXI ғасырдың Абай заманынан уақыт айырмашылығы болғанымен, білім туралы мақсат-мүдде, тусінік өзгерген жоқ. Бәсекеден тұратын бугінгі әлемде ұлтымыздың өзгелерге жұгылып кетпеуі үшін басты тегеурін - білім болмақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты биылғы Жолдауында: "Білім беру реформасы табысының басты өлшемі—тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады" деді. Өмірдің басқа салаларындағы сияқты білім реформасы да осы қызметтегі өзгеріс қана емес, табыс жолыңдагы мол ізденістерге негізделуі керек.

 

Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазакстанның әлемдегі ең алдыңғы қатарлы дамыған елу елдің қатарынан көрінуін межелеп отыр. Ол үшін өмірдің қай саласында да бәсекеге негізделген халықаралық стандарттарға сай келетіндей дамуға қол жеткізуіміз керек. Мектептердің он екі жылдық білім беру бағдарламасына көшу мақсаты да осы халықаралық талаптардан туындайды. Ол үшін алдымен сапалы білім алған білікті мұғалімдер дайындау міндеті тұрады. Сондықтан 2004 жылы елімізде университеттер құрамынан бөлініп шыққан мемлекеттік педагогикалық бес бірдей институт педагог мамандар дайындау ісіне кірісіп кетті. Осындай келелі міндетті Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты да атқарып келеді.

Қазір институтта 22 мамандық бойынша 4013 студент оқиды, оларға 175 профессор окытушылар құрамы дәріс береді. Оның 62-сі ғылым кандидаттары мен докторлар. Бүгін институтта сапалы білім алып жатқан түлек ертең мектептегі шығармашылықпен жұмыс істейтін білікті ұстазға айналады. Қазіргідей ақпарат тасқыны төпеген, ұлттық, рухани құндылыктарға ғаламдық ойлау жүйесі басымдылық танытып тұрған заманда еліміздің болашағын сеніп тапсыратын жас ұрпаққа педагогикалық білім берудің маңызы мен күрделілігі де арта түсті.

Білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес институт екі деңгейлі білім беру жүйесіне көшті. Биыл үшінші жыл 10 мамандық бойынша магистратурада 49 жас білім алуда. Жоғары оқу орнында жаксы материалдық база жасалып, профессорлар құрамы жасақталғанмен студент уақытты тиімді пайдаланбаса түпкілікті нәтиже болмайтыны анық. Сондықтан институт қабырғасында жүрген жастар ушін ең қымбат дүние — уақыт екенін ұғынуы керек. 2005 жылы енгізілген кредиттік технология жүйесі жақсы нәтижесін берді. Жастарға өлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру үшін қазіргі жоғары технологиялар мен инновациялар заманында халықаралық ынтымакгастық байланыстар жақсы нәтиже береді. Осы мақсатта Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Францияның Қазақстандағы елшілігімен, Америка Құрама Штаттарынын Бейбітшілік корпусымен, Ресейдің Білім академиясының Білім басқару институтымен және Ресейдің көптеген жоғары оқу орындарымен жан жақты, соның ішінде ғылыми мақсатта байланыстар орнатты.

Біздің Қостанай мемлекеттік педагогика институты студенттер мен оқытушылардың түрлі бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуына басымдылық береді. Институт басшылығы мен оқытушы-ғалымдардың үйымдастыруымен өтетін республикалық, халықаралық ғылыми конференциялар мен семинарлардың студенттер үшін берері көп. Студенттердің оқытушылармен бірігіп жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының жақсы нәтижелері көріне бастады. Мысалы, институт биологтары "Солтүстік Қазақстанның сулы-батпақты жерлері" деген ғылыми жоба шеңберінде екі халықаралык ірі ғылыми конференция өткізді. Ал биыл өткен "Азия далаларының биологиялык әралуандығы" деген тақырыптағы халықаралық ғылыми конференцияға алыс-жақын шетелдерден айтулы биолог ғалымдар келіп қатысты. Студенттер ғалымдардың баяндамасын тыңдап кана қойған жок, тақырыпты талқылауға арналған ғылыми пікірталасқа катысты, олармен осы ғылыми басқосуда қоян-қолтык жұмыс істеді. Сонымен қатар, жас оқытушылардың ғылымға деген ықыласы, құлшынысы артты. Биыл институтта 34 ғылыми диссертациялық такырыпты игеру үшін ізденушілер жұмыс жүргізуде, ал өткен жылы олардың қатары бұдан екі есе аз болатын. Негізі жоғары оку орындары тек білім беру ғана емес, ғылыми зерттеу орталықтарына айналса құба-құп.

Білім бұлағының бастауы — мектеп. Сондықган бүгінгі мектеп пен педагог мамандар даярлайтын жоғары оқу орны тығыз байланыстағы тұтас шеңберді құрауы тиіс деп білеміз. Мектептің журегі болып саналатын білікті, жан жақты дамыған мұғалімді жоғары оку орындары даярлайды. Ал алғыр да, ізденімпаз студенттердің негізі мектеп партасында қаланады. Көптеген халықаралық ұйымдарға мүше және Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруге ұмтылып отырған еліміздің ертеңі үшін жас ұрпақтың үш тілді меңгеруі — уақыт талабына айналды. Біз осы міндет межесінен шығу үшін Францияның Қазақстандағы елшілігімен байланыс орнаттық. Облыс орталығындағы француз тілі тереңдетіліп оқытылатын №2 орта мектепте бұл пәннің барлық оқулықтары Франциядан алынады да, сабақгы біздің педагогика институтының оқытушылары береді. Әзірге бұл игілікті іс еңді басталды, ал бастауыш сыныптардан кейін балалар барлық пәнді француз тілінде оқитын болады. Қостанайда француз тілін 600 студент, 3 мыңдай оқушы оқып үйренуде. Биылғы көктемде институтта Француз мәдени орталығы ашылды, оның ашылу салтанатына Францияның Қазақстандағы төтенше жене өкілетті елшісі Ален Куанонның өзі келіп қатысты. Осы сапарында елші мырза институттағы осынау көптщ игілігіне асатын істің басталуына мұрындық болған романо-герман тілдері кафедрасының меңгерушісі Айша Оспановаға Францияның Білім министрінің бұйрығымен "Академиялық пальма" орденін табыс етті. Бүл жоғары марапатқа Францияның өзіндегі барлық мұғалімдердің үш пайызы және дүние жүзшде санаулы адам ғана ие болған көрінеді. Айша Оспанова француз тілін үйретудің бастапқы сатысы әдістемесін жасаудан Франция Білім академиясы ұйымдастырған халықаралық байқаудың жеңімпазы атанған болатын және біздің институттағы оның шәкірттері де осы пән бойынша халықаралық олимпиадалар мен форумдардан жеңіспен оралып жүр. Біздің Қостанай мемлекеттік педагогика институты жанындағы бұл орталыкта Франциядан келген оқытушылар сабақ береді және Еуропаның осы алдыңғы қатарлы елінің мәдениетімен, тарихымен танысуға тек біздің институт студенттеріне ғана емес, тілек білдірген барлык жастарға, тұрғындарға мумкіндік жасалған. Францияның жоғары оқу орындары мен біздің институт биылдан бастап студенттер алмасуды да бастады.

Әбу Насыр әл - Фарабидің тәрбиесіз берген білімнің зиянды екенін айткан ескертпесі бабамыз бен біздің заманымызды мыңжылдықтар бөліп тұрса да мән-маңызын жойған жоқ. Қоғамды аздырмайтын имандылық, адамгершілік, рухани болмыс жастардың бойына біліммен қатар тәрбиемен келеді. Болашақ ұстаздар институт қабырғасынан бойына жиғанын мектепке барғанда жас ұрпақ санасына сіңіреді. Педагогикалық білім беретін жоғары оқу орындарының түпкі темірқазығы — мектеп болуға тиіс. Сондықтан жастарға ұлттық тәрбие мен саламатты өмір салтын насихаттаудың маңызы зор. Шыгармашылықпен айналысатын талантты жастардың "Ақ қауырсын" клубында студенттер оздері жазған өлен, әңгімелерін талқылайды. Былтыр Астана қаласыңда өткен IX халықаралык "Шабыт" жастар фестивалінде ақын қызымыз К.Кекілбаева дипломант, ал А.Ерғалиева "Ізет ілтипат" номинациясы бойынша лауреат атанды. Институттың өнер факультетіндегі халық аспаптар оркестрі облыстағы айтулы өнер ұжымдарының бірінен саналады.Спортшыларымыз халықаралық жарыстардан жүлдемен оралып, институттың ғана емес, облыс атын асқақтатып жүр.

Әлбетте, осындай күрделі мәселелерді шешу барысында туындайтын проблемалар да жоқ емес. Үлкен мәселе — шалғай ауылдардағы мектептермен тығыз байланыс орнату. Алыстағы ағайынның зерделі ұрпағын қанатымыздың астына алып, ұлтжанды мұғалім дайындасақ, ол қазақ ауылының келешек жанашыры болмақ. Келесі бір ойланатын шаруа, мұғалімдік мамандықгың абыройын, беделін көтеру. "Ұстазы жақсының — ұстамы жақсы" деген сөздің мөнгілік мәні өзгермейді. Мұғалім қоғамның сүйіктісі, қажеттісі болмай, мектеп те оңбайды. Соңғы бір айтарымыз, мұғалімдер дайындайтын оқу орыны мемлекеттің ерекше қамқорлығында болуы қажет. Еңселі ғимараты, зертханасы, бай материалдық базасы, зиялы оқытушылары бар педагогикалық оқу орыны жастарды да өзіне магниттей тартары сөзсіз. Жақында еліміз Конституциясына өзгертулердің енгізілуі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сара саясатының көрінісі болды. Ал біздің елдегі дамып келе жатқан демократиялық үрдістер халықтың әл-ауқатының жақсарып, Қазақстанның көркейе беруіне қызмет етеді. Оны жүзеге асыру жас ұрпактың еншісінде. Сондықтан Елбасы жастарға ауылға барыңдар, елді көтеріңдер деп тастаған үндеуіне біздін түлектер де үн қосып отыр. Биыл облыс аудандарындағы мектептерге 233 мұғалім керек болса, біздің институтты бітіргелі отырған 125 түлек ауылға баруға бел буып отыр. Білімі, ғылымы жетілген елде демократиянын, да жолы ашық.

Наши координаты

110000, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Мы в социальных сетях

Вы здесь: Главная Библиотека СМИ о нас Студентке берген сапалы білім мектепке бағытталады