Басты мақсат - заман талабына сай маман даярлау
Қостанай таны, 2008 жылы, 7 қазан, 3 б.
Дүние жүзілік білім кеңістігіне кіру және халықаралық байланыс білім мазмұнына жаңа технологияларды енгізу, оқыту үрдісін озық инновациялық және ақпараттық технологиялармен жетілдіру, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау сияқты мүмкіндіктерді туғызып отыр. Ал, отандық білім жүйесін дүниежүзілік білім үлгісіне жеткізу бүгінгі таңда ең басты мәселелердің бірі болып отыр деп те айтуға болады. Бұл мәселелер еліміздің оқу орындарында даярланатын болашақ мамандардың кәсіби дайындыәына қойылатын талаптардың арта түсері сөзсіз. Елбасымыз да «еліміздегі білім беру реформасы табысының басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азамататы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады» деп айтқанды.
Университеттердің Ұлы Хартиясы еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға негізгі өзек болып табылады. Еуропалық білім дегенде түпнұсқадағыдай бәрін көшіріп алуға негіз жоқ, қайта жақсысын алып, сол білім үлгілеріне, технологияларына кіріктіріп, өзіміздің отандық, ұлттық білім жүйесін дамытумыз қажет. Хартия ең алдымен жоғары оқу орындарын автономиялық университет ретінде дамыту, басқарудың демократиялық қағидалары, студенттердің академиялық бостандығы, ғылыми зерттеулерге бостандық, зертте-ушілік пен оқытушылық ажырамас ұғым деген сияқты мәселелерге жол ашып отыр.
Біздің делегацияны жиынға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев бастап барды. Бізге дейін Университеттердің Ұлы Хартиясына елімізден он үш университет, осы жолы бес жоғары оқу орны қол қойды. Соның бірі біздің институт. Мемлекетіміздегі жоғары оқу орындарымен қатар Хартияға мәселен, Грузия, Сербия, Түркия, Испания, Хорватия, Швеция сияқты шамамен елу терт мемлекеттің жоғары оқу орындары қол қойды. Сол сияқты Украинадан алты, Ресейден екі жоғары оқу орны, сол екеудің бірі Мәскеудегі Патрис Лумумба атындағы Халықтар достығы университеті.
Сонымен бірге конференция барысында Қазақстан делегациясы өз мемлекетімізді, жоғары оқу орындарымызды таныстыру мақсатында Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы, жоғары оқу орындарымыз туралы ақпараттық-таныстыру тұрғыда көрме ұйымдастырды. Айта кетуміз керек, көрмені тек біздің ел ғана ұйымдастырды. Жиналған көпшілік көрмеге қызығушылығын танытып жатты.
Ал, енді осы салтанат барысында өткен конференцияда министріміз «Қазақстандағы жоғары оқу және ЖОО-дан кейінгі білім жағдайы, оның бәсымдықтары» атты баяндама жасады. Министріміз өз баяндамасында Қазақстандағы білім жүйесі Болон удерісіне қосылуға даяр екендігін, еуропалықбілім кеңістігіне кірігудің алғы шарттары бар екенін атап көрсетті.
Еліміздегі білім жүйесінде Болон Декларациясына сәйкес негізгі қағидалар жүзеге асырылып жатқаны белгілі, мәселен мамандарымызды үш сатылы бакалавр-магистр-PhD доктор моделі бойынша оқыту, оқытудың кредиттік технологиясын енгізу, студенттер мен оқытушылардың академиялық бостандығы мен оларды соған жұмылдыру, жоғары оқу орындарын сапалық жүйемен қамтамасыз ету, аккредитациялау дегендей. Жоғарыда айтып өткен мәселелер бүгінгі танда жалғыз біздің оқу орнымызда ғана емес, еліміздегі барлықжоғары оқу орнындағы қалыпты оқыту үдерісі болып отыр. Декларациядағы талаптарға саймыз деп айта аламыз. Әрине, алға қойған сол мақсаттарға жету үшін жасалынып жатқан бұл апғы шарттар, яғни бәсекеге қабілетті көпдеңгейлі ұлттық білім моделін қалыптастыру, әлемдік білім жүйесіне, отандық, ұлттық білім бейнесімен кірігу, сапалы, білікті, қоғамдағы сүранысқа ие мамандар даярлау болып табылмақ.