Жас мамандардың ордасы
Қостанай таны, 22 қыркуйек, 2009 жыл | Білім ордаларында
Атанған Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының өткені мен бүгіні жайлы сөз
Ректордың бөлмесіндегі әңгіме
Уақыт дегеннің қалай сынаптай сырғып өте шыққанын білмей де қалыппыз. Еліміздегі ең байырғы оқу орындарының бірі, көптеген педагогтардың алтын ұясы Қостанай педагогикалық институтына 70 жыл толып отыр. Жақында осы білім ордасының басшысы, география ғылымдарының докторы, профессор, академик Қуат Маратұлы Баймырзаевқа арнайы жолығып, есімі елімізге белгілі ғалымнан өзі жетекшілік етіп отырған жоғары оқу орнының өткен кезеңдер ішінде тындырған қомақты істері және алда тұрған келелі міндеттері жайлы кеңінен сөйлескен едік.
Қай жұмыста болмасың, оның алға басуы ұжымның ауызбірлігі, оның басшысының адамгершілік қасиеттеріне, білімі мен біліктілігіне, іскерлігіне байланысты екендігі сөзсіз. Сұхбаттасым Қуат Маратұлының осы Қазақстанға танымал оқу орнына ректор болып тағайындалғанына бес жылдан аса уақыт өтіпті. Осы қысқа мерзімнің өзінде мұнда атқарылған жұмыстар ауыз толтырып айтарлықтай.
Енді қалың оқырманға түсінікті болу үшін солардың басты-бастыларына тоқталып өтелік. 2004 жылы Қазақстан Республикасы үкіметінің арнайы қаулысымен елімізде бес ұстаздар даярлайтын жоғары оқу орны, оның ішінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын қайта құру туралы шешім қабылданды. Сонымен, сол жылдың 1-ші сәуірінен бастап бүгінгі біз әңгіме арқауына айналдырып отырған білім ордасы өз жұмысын қайта бастады.
Сол кезде бүл институтқа география ғылымдарының докторы, профессор Қуат Маратұлы Баймырзаев ректор болып бекітілді. Ол бұған дейін Алматыдағы Қазақстанның өң іргелі оқу орындарының бірі - Әл-Фараби атындағы ұлттық университетте география факультетінің деканы болды. Оның алдында осы университетте проректор секілді жауапты қызметтерді атқарды. Ыбырай Алтынсарин атындағы білім академиясының академигі, "Құрмет" орденінің иегері.
Жоғары оку орнында қызмет атқарып, әбден шыңдалған азамат мұнда келген соң да өзінің нағыз іскер маман, білікті басшы екендігін іс жүзінде дәлелдеді. ¥жымдағы барша оқытушылар қауымын ортақ іске шеберлікпен ұйымдастыра білді. Бұл күндері осындағы жас мамандарға дәріс беріп жатқан оқытушылардың 35 пайызы ғылым докторлары мен кандидаттары.
Әңгіменің орайы келгенде, оқу орнының абыройың асқақтатып келе жатқан ғалымдардың қатарына ғылым докторлары, профессорлар Аманжол Күзембайұлы, Татьяна Брагина, Елена Рубинштейн, Владимир Важев ғылым кандидаттары, доценттер Тілеген Ахметов, Сейітбек Қуанышбаев, Валентина Жаркова, Зәмзагүл Шахаман, Наталья Важева, Салтанат Жақаева, Серікбай Оспанов, Надежда Демина, Иван Путиев және басқаларды қосуға әбден болады.
Қазіргі таңда оқу орнында тарих және өнер, физика-математика, жаратылыстану, филология, шет тілдері, спорт, денешынықтыру, туризм, педагогика және жантану, сырттай оқу секілді 6 факультет бар. Онда 24 кафедра жұмыс істейді.
Мәселен, бұл күндері институтта барлығы 4300 студент оқиды. Биылдың өзінде білім ордасына 930 талапкер қабылданды. Мұның 395-і мемлекеттік грант бойынша түсті. Ал, өткен жылы ол 360, одан алдыңғы жылы 280 болатын. Міне, осы деректердің өзінен өлімізде педагогикалық кадрлар дайындауға жеткілікті көңіл бөлініп келе жатқандығын байқау әсте қиынға соға қоймас.
Сондай-ақ, әңгіменің реті келгенде, институттағы 24 кафедрада өз жұмысын жетік білетін білікті кадрлар қызмет атқарып келе жатқандығын да айтып өткеніміз орынды болар. Бұл кафедраларда 5 ғылым докторы мен 71 ғылым кандидаты абыроймен жұмыс істеуде.
Ректормен сұхбат барысында өткен жылдарда институтта магистратура ашылғанын да білдік. Онда 10 мамандық бойынша білімге құштар, ертеңінен мол үміт күттіретін, ғылымға бейімділігі бар жастар тартылған. Олардың қазіргі уақыт талаптарына сай алаңсыз білім алуына барлық жағдайлар жасалған.
Институтта жаңадан география, дефектология, мектепке дейінгі даярлық мамандықтары ашылды. Оқу орнындағы бірқатар дәрісханаларға қазақ халқының ұлы перзенттері Ахмет Байтұрсыновтың, Манаш Қозыбаевтың, Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімдері берілді.
ЮНЕСКО-ның қарамағына кірген Науырзым қорығында Американың ғалымдарымен бірігіп, агробиостанция ашылды. Енді студенттер осы жерде өздерінің биология, ботаникаға байланысты ғылыми дәрежелерін көтеретін болады. Сондай-ақ, былтыр "Сосновый бор" шипажайының маңынан институтқа 4,3 гектар жер бөлінді. Мұнда спорттық-сауықтыру орталығы дүниеге. Онда студенттер туризм мамандығына бейімделіп, өзара тәжірибе алмасады.
Сонымен қатар, институттың ректорының тікелей қамқорлығымен осындағы бес қабатты жатақхана күрделі жөндеуден өткізілді. Оның бөлмелері студент жастарға өте қолайлы. Барлық белмелер жаңа жиһаздармен жабдықталды. Қысқасы, білімге ден қойған жастарға толық жағдай жасалған.
Институттың басты және лабораториялық корпустары да оқытушылар мен студенттердің игілігіне қызмет көрсетеді. Оқу корпусындағы барлық қабаттардағы бөлмелер де жөндеуден өткізілді. Мұндағы француз орталығы Францияның Қазақстандағы елшілігі мен келісе отырып ашылды. Осындағы студенттер сол Еуропадағы елде тәжірибеден өтеді.
Оку орныныц тарижы озгелерге онеге
Өзіміз 70 жылдық өткен өмірі жайлы баяндап отырған оқу орны жөнінде әңгіме еткенде оның тарихына да тоқтала кеткеніміз жөн болар. Жалпы, Қостанай облысы 1936 жылы 29 шілдеде құрылды. Сонан соң өңірімізге сонау Ленинград, Алматы.Мәскеу қалаларының жоғары оқу орындарын бітірген мамандар келе бастады. Сол кездері облысымызда 550 бастауыш, 73 толық емес орта және 18 орта мектеп болды. Аталмыш білім ордаларында 65 мың оқушы білім алып жатты. Сондықтан, Қостанайда әртүрлі пәндер бойынша оқытатын мұғалімдерді қысқа мерзім ішінде дайындап шығаратын жоғарғы оқу орнын ашу мәселесі туындағаны рас.
Міне, осы өзекті жайды шешу мақсатында Қостанай облыстық еңбекші депутаттар Кеңесінің атқару комитетінің президиумы 1939 жылдың 21 тамызында "Қостанай мұғалімдер институты мен оның белімдерін құру" туралы қаулы қабылдады.
Өткен кезеңдердегі деректер мен дәйектерге сүйенетін болсақ, білім беру саласының білгірі Дәулет Ыбыраевтың осы мұғалімдер институтының алғашқы директоры болғандығын байқаймыз. Содан кейін аз мерзімде Төреғали Жұмағазин де оқу орнына басшылық еткен. Содан кейін біраз жылдар бойы Иван Найденов оқу орнына директор болып бекітілді. Сол жылдары институтта небәрі 13 оқытушы болды. Олардың арасында тәжірибесі мол, ғылыми дәрежелері мен атақтары бар оқытушылар саусақпен санарлық қана еді.
Мысалы, сол кезеңдерде институттың қызмет көрсету аймағына Ақмола, ішінара Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстары кірді. Студенттердің алғашқы легі негізінен Қостанай облысының жастарынан құралғандығын айтып еткеніміз абзал. 1940 жылы күзде институтта санаулы ғана мамандықтар бойынша сырттай оқу бөлімі ашылып, I курсқа 68 талапкер қабылданды.
Алайда, 1940-1941 жылдары мұндағы оқытушылар құрамы екі есеге дейін көбейді. Алдын-ала жарияланған байқау бойынша институтқа басқа да жоғары оқу орындарынан мамандар келе бастады. Осындағы жаратылыстану және география кафедрасының меңгерушілігіне Томск университетінен Ф.К.Сташевский, физика кафедрасының меңгерушісі міндетін атқаруға Одессалық Альтман бекітілді.
Ерекше тоқтала кетер бір жай, 1941 жылғы 27 шілдеде Қостанай мұғалімдер институтының алғашқы түлектері мемлекеттік емтихандарды тапсырып, кептен күткен дипломдарын алды. Олар арада бір күн өткеннен кейін Отанды жаудан қорғау үшін майданға аттанды. Сол елім деп еңіреген қайран боздақтардың басым көпшілігінің денесі жат жерде қалды. Туған жерге қайта оралу бақыты бұйырмады.
Содан кейін де институт басшылары ұдайы өзгеріп отырды. Институтқа Ольга Белинская, сонан соң Владимир Сунцов директор болды. Әрине, олар да мүмкіндіктері келгенше оқу орнын өрқендетуге өздерінің үлестерін қосты. 1944 жылы институтқа халық батыры Амангелді Имановтың есімі берілді.
Соғыстан кейінгі жылдары институт қаладағы тозығы жеткен шағын ғимараттардың бірінде орналасты. Сонау 1946 жылы институттың жалпы аумағы 145 шаршы метрды құрайтын студенттер жатақханасы болды. Білім ордасы жаңа кадрлармен үнемі толығып отырды. Сол жылдары институтка Николай Кандалин секілді білікті мамандар келді. Уақыт өте өз саласының білгірі, осындағы орыс тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушілігіне тағайындалды. 1949 жылы тарих факультеті ашылып, дайындалатын мамандықтардың аясы кеңейді.
Әрине, институтка басшы болған азаматтардың бәрінің де аты жөндерін моншақтай тізіп шығу мүмкін емес. Бірақ, олардың әрқайсысы да қолдарынан келгенше еңбек сіңіргендері белгілі. Алайда, Степан Терентьевтің тұсында білім ордасында нағыз өркендеу кезеңі болған секілді. Өйткені, Қазақ ССР Министрлер кеңесінің 1955 жылғы 1 шілдедегі өкіміне сәйкес және орта мектеп мұғалімдерін даярлау сапасын арттыру мақсатында сол жылдың 5 шілдесінде мұғалімдер институтының базасында Қостанай педагогикалық институтын қүру туралы шешім қабылданды. Сол кезде жоғарғы оқу орнының құрамында күндізгі оқу белімінде 75, ал сырттай оқу белімінде 50 студент бар орыс тілі мен әдебиеті және физика-математика факультеттері болды.
Дәл сол жылы тамыз айында педагогикалық институтка студенттерді қабылдау жұмысы қарқын алды. Мұнда 400-ден астам түлек оқуға түсу үшін тілек білдірді. Бағы жанып, емтихандардан ойдағыдай сүрінбей өткен 300 бойжеткен мен бозбалалар дәрісханаларда студент ретінде оқуларын жалғастырды. Олардың арасында мектептерді Алтын медальмен бітірген қабілетті жастар да болды. Қысқасы, сол кезендерде студенттер саны 731-ге жетті. Жыл сайын бітіруші түлектердің саны 100 адамға артып отырғанын айтып өткеніміз лазым.
Арада жылдар өткен сайын институттың материалдық-техникалық базасы да жақсара түсті. 1958-1959 оқу жылы қазіргі Таран кешесіндегі оқу ғимаратын біртіндеп іске қосу жұмысы да басталды. Содан толықтай салынып бітпеген оқу ғимаратында дәрістер оқылып, зертханалар мен кабинеттерді қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. Институтта оқу шеберханасы, оқу залы, әкімшілікке арналған арнайы белмёлер, деканат, дәрігерлік пункт және шаруашылық белімдері үшін арнайы орындар бөлінді. Сол 1959 жылы құрылыс аяқталып, жалпы аумағы 1662 шаршы метр, яғни, барлығы 14 кабинет, 9 дәрісхана, акт залы, оқу залы, кітап қоймасы, басқа да қосалқы орындар пайдалануға берілді.
1972 жылы Амангелді Иманов атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына КСРО-ның 50 жылдығы атауы берілді. Вадим Зубко басшылық еткен жылдары да жоғары оқу орнының жүмысы жандана түсті. 1981 жылғы қыркүйектен институт жанында жалпы білім беретін мектеп директорларының біліктілігін көтеру факультеті жұмыс істей бастады. Профессорлық-оқытушылық құрам сапалық және сандық жағынан айтарлықтай жетілді. 1984 жылдан бастап оқытушылар үжымы 226 адамды құрады. Оның ішінде 72 оқытушының ғылыми атақ-дәрежелері болды. Сонымен қатар, институтта 81 қызметкер, 29 кітапханашы, 9 жалпы институттық және 21 факультеттік кафедра жұмыс істеді.
Мұнда ұзақ жылдар бойы ректор болған азаматтардың бірі, белгілі ғалым, бұл күндері де осында тәлімгерлік ретінде жастардың құрметіне бөленген — Иван Терновой. Сол 1981-1989 жылдар аралығында институттың атағы бүкіл елімізге кеңінен танылды. Осы кезеңде жыл сайын оқу орнын бітірушілердің саны 700-900-ге жетті. Оқу орны Қостанай облысы мен Қазақстанның солтүстік өңірін барлық мамандықтағы мұғалімдермен қамтамасыз етіп отырды. Сонау 90-шы жылдардың басында мұнда 34 кафедра ғылыми дәрежесі бар 93 оқытушы, оның ішінде 3 профессор мен ғылым докторлары жемісті еңбек етті.
Осы оқу орнын биікке көтерген қазактың зиялы азаматтарының бірі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зұлқарнай Алдамжарұлы Алдамжар болды. Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1992 жылғы 6 тамыздағы №662 қаулысымен Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Қостанай университетті болып қайта құрылды. Педагогикалық мамандықтар университет құрамында 12 жыл бойы даярланды.
Сол уақытта бұрын болмаған көптеген қазақ бөлімдері дүниеге келді. Қостанай облысының түкпір-түкпірінде тұратын бозбалалар мен бойжеткендер осы оку орнына қарай судай ағылды.
Кітапжана – студенттердің рухани ордасы
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында болған зиялы адам ондағы кітапханаға соқпай кетпейді. Оның оқу залдары, басқа да орындары бүгінгі уақыт талаптарына толық жауап береді. Оған өз ісінің нағыз білгірі, тәжірибелі маман, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Инна Нечипоренко басшылық етеді. Жылы жүзді, адамгершілік мол, инабатты жанды қашанда ез қызмет орнынан кездестіресіз. Оның осы кітапханаға директор болғанына да 17 жылдың жүзі болды. Ол талай республикалық семинарлар мен конференцияларда баяндамалар жасап, қалың жұртшылықтың назарын өзіне аударды.
Кітапханада сонау 1939 жылдан бері жинақталған аса құнды 500 мың дана қоры бар. Бұл дерек институт қабырғасында оқып жатқан жастарға білімін тереңдетуге және жан-жақты ізденуге толық жағдай бар деген сез. Осы рухани орданың жанына „Вдохновение,, деп аталатын поэзиялық қонақжай және "Эрудит" деп аталатын интеллектуалды клуб жұмыс істейді. Осынау "Эрудит" клубына кітапханашы Тамара Давиденко жетекшілік етеді. Олар еліміздегі көптеген интеллектуалдық жарыстарға қатысып жүр.
Жақында ғылыми кітапхана басшысы Инна Ивановнамен тілдескенімізде де біраз жайға қанықтық. Ол сез барысында институт ректоры, көрнекті ғалым Қуат Маратұлы Баймырзаевтың тарапынан үнемі қамқорлық пен қолдау көріп жатқандықтарын баса айтты. Кітапхана осы заманға сай жаңа ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етілген. Жалпы, осынау кітапхана бұл күндері облыстағы жоғары оқу орындары мен орта кәсіби білім беретін білім ордалары кітапханаларының облыстық әдістемелік орталығы болып отырғандығын да айтып етті.
Кітапхананың залдарында жергілікті ақын-жазушылармен де жүздесулер уйымдастырылып, олардың жаңадан шыққан еңбектерімен жастарды жүйелі түрде таныстырып отыруды дағдыға айналдырыпты.
Институттың болашағы жарқын
Осынау жоғары оқу орнының басшыларымен сөйлесу барысында қазір мұнда тек Қостанай еңірінің ғана емес, бүкіл еліміздің түкпір-түкпірінен білімге құштар жастар келіп, оқып жатқандығына кезіміз жетті. Өйткені, мұнда білім сапасы жоғары. Жылдан-жылға білікті ғалымдар мен ұстаздардың саны да артып келеді. Байырғы білім ордасында оқығысы келетін жастардың кебейіп келе жатқандығы да сондықтан болса керек.
Ал, институттың ректоры Қуат Маратұлынан алдағы түрған маңызды міндеттер мен өзін басшы ретінде толғандырып жүрген езекті мәселелер жайпы айтып беруін сұрағанымызда, ол кішкене ойланып алып, былай деді:
- Білім ордасының барша оқытушылар қауымы өткен жылдарда қол жеткенге тоқмейілсімейді. Біздің негізгі алдымызға қойып отырған басты мақсатымыз — Елбасының талабы бойынша тәуелсіз мемлекетімізге қажетті жан-жақты білікті мамандар дайындау. Бұған біздің мүмкіндіктеріміз де мол. Былтыр қыркүйек айында біздің институт Болония Университеттер Ұлы хартиясына қол қойып, білім саласындағы ұстанамын айқындады.
Бізде жастарға сапалы білім алуға толық мүмкіндік бар. Оны өздеріңіз де байқап жүрген боларсыздар. Өйткені, институттың материалдық-техникалық базасы жоғары дәрежеде білікті мамандарды әзірлеуге толық жауап береді. Оқу орны қазіргі заман талабына сай ғылыми оқу зертханаларымен, лингофондық, тренинг, компьютерлік, әдістемелік кабинеттер және мультимедиялық кешенді дәрісханалармең жабдықталған.
Болашақта Студенттер үйің салсақ деген ойымыз да бар. Сонымен қатар, дүниежүзілік аккредитациядан ету де жоспарда тұр. Мұның бәріне де уақыт тереші.