Бәсекеге қабілетті, әлемдік стандартқа сай оқу орны
Қостанай таңы, 2009 жылы, 28 қазан
Әрбір мемлекеттің келешегі мектептен басталады. Ертең елге ие болар азамат - oл бүгінгі мектеп оқушысы. Ал, сол оқушыға білім нәрін бойына сіңдіретін де, тәлім-тәрбие беретін де мұғалім. Халқымыздың ардақты да аяулы ұлдарының бірі Ахмет Байтурсынов XX ғасырда "Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім " деп, XXI ғасырда тәуелсіз Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқыған дәрісінде "...Бірінші кезекте
жастардың білімділікке, интеллектіге, Отан мен халыққа қызмет етуге деген көзқарастарын өзгерту. ...Бізге ұлттық интеллектінің діңін қуру қажет, бізге халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын эрудициялы адамдар керек" деп те бекер айтқан емес-ті. Ал, білімді де, білікті, еліміздің әлеуетін құрайтын сол педагог мамандар Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында даярланады.
Қазақстанның солтүстік аймағын алып жатқан Қостанай -Торғай өңірі үшін мұғалім кадрлар даярлайтын бірден-бір білім ордасы - Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты. Дала қоңырауы атанған Ыбырай бабамыз туған өлке жеткіншектері қашанда білімге құштарлығымен ерекшөленіп, білім бұлағынан сусындауға ұмтылған.
Педагогикалық институттың тарихы әріден басталады. Кеңес үкіметі орнағаннан кейің бастауыш мектепке мұғалім даярлау мақсатында орта білімді мамандар даярлайтын бірнеше оқу орындары ашылды. Солардың бірі - Қостанай қаласындағы қазақ педагогикалық училищесі. Облысқа Ленинград, Мәскеу, Алматы қалаларының жоғары оқу орындарын бітірген мамандар келді. Бірақ мұғалімдерге деген сұраныс кебеймесе, азайған жоқ. Облыста 550 бастауыш, 73 толық емес орта және 18 орта мектеп болды. Оларда 65 мың оқушы білім алып жатты. Әр пән бойынша оқытатын мұғалімдерді аз уақыттың ішінде даярлап шығаратын жоғары оқу орнын ашу мәселесі туындады.
Қостанай облыстық еңбекші депутаттар Кеңесінің атқарушы комитетінің президиумы 1939 жылдың 21 тамыз айында "Қостанай мұғалімдер институты мен оның белімдерін құру туралы" қаулы қабылдады. Институттың ұйымдастыру жұмыстарын жүргізген қазақ педагогикалық техникумының директоры, тамаша ұстаз, кейіннен Ыбырай негізін қалаған қазақ мектебінің директоры болған Дәулет Ыбыраев 1939 жылдың 28 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін Қостанай мұғалімдер институтының директоры қызметін атқарды.
1941 жылғы 27 шілдеде Қостанай мұғалімдер институтының алғашқы түлектері мемлекеттік емтихандарын тапсырып, дипломдарын алды. Ал 28 шілде күні Отанды қорғауға майданға аттанды. Олардың басым көпшілігі соғыстан оралған жоқ.
Соғыстың алғашқы жылдарында-ақ 22 студент, 8 оқытушы И. Найденов, Х. Юманкулов, Т. Мусакулов, М. Гренадер, Б. Шибаев, Г. Асанов, Попов және Қ. Бисембаев секілді институт қызметкерлері майданға аттанды.
Соғыс жылдары институтқа еліміздің орталық қалаларынан қоныс аударып келген мамандардың бір тобы келіп қосылды. Физика және математика кафедрасына П. Куликовский, жаратылыстану және география кафедрасына профессор Л. Никонов, педагогика кафедрасына профессор Б. Резник басшылық жасады. Дәрістерді доцент Матлин, Спиноза Егорин және басқалары жүргізді. Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында белгілі еврей жазушы-драматургі Л. Резник еңбек етті. Жаңа кадрлардың көптеп келуі 1942 жылдың күзінде институтта орыс тілі және әдебиеті бөлімі мен кафедрасын ашуға септігін тигізді.
1944 жылы институтқа Амангелді Иманов есімі берілді. Заман талабына сай институттың да мәртебесі өсіп, 1954 жылы жоғары білім беретін педагогикалық институт дәрежесіне көтерілді. Жылдан жылға институтта оқитын студенттердің саны өсті. 1954-1955 оқу жылы олардың саны 731-ге жетті.
90 жылдары облыс орталықтарындағы бірнеше оқу орындары бірігіп университет мәртебесін алған уақытта, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты да Қостанай ауыл шаруашылығы институтымен бірігіп, Қостанай мемлекеттік университеті болып қайта құрылды. Университетке Ахмет Бай-тұрсынулының аты берілді.
2004 жылы Үкімет республикада 5 педагогикалык жоғары оқу орнын, оның ішінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын құру туралы шешім қабылдады. Осылай 2004 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасындағы заманауи жоғары оқу орны ретінде педагогикалық институт өз жұмысын қайта бастады.
Институт құрамында 23 мамандық бойынша жоғары білікті мамандар даярлайтын 5 факультет бар. Бүгінгі таңда институтта 3968 студент, оның 2338 күндізгі, 1571 сырттай бөлімде оқиды, 59 магистрант білім алуда.
Педагогикалық институттың пәндер бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын, студенттердің тәрбие жұмысын, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауды жүзеге асыратын құрылымдық ғылыми-оқу бөлімі кафедра болады. Институтта 24 кафедра бар. Онда 230 оқытушы, оның ішінде бес ғылым докторы, профессор, 71 ғылым кандидаты, доцент жұмыс істеп, дәріс оқиды. Олар: ғылым докторлары, профессорлар Қ. Баймырзаев, А. Күзембайұлы, Т. Брагина, В. Важев, Е. Рубинштейн, Е. Әбід ғылым кандидаттары, доценттер Т. Ахметов, С. Қуанышбаев, В. Жаркова, А.Тапаева, 3. Шахаман, Т. Әлібек, Л. Шевченко, Б. Өтегенова, Б. Қасымханұлы, Т. Дәулетбаев, Д. Қонысбаева, Қ. Жақып, С. Скрынский, С. Жақаева, С. Оспанов, В. Новиков, А. Дайкер, И. Путиев, Н. Демина, Т. Бикташева, И. Сивохин және басқалар.
Қазіргі таңда институттың профессорлық-оқытушылар қүрамы мүғалімдерді даярлауда сапалы жетілдіру жүйесін қалыптастыру, оқу жоспарлары мен оқу-тәрбие үрдісінің кешендік бағдарламасын жетілдіруді жүйелеу мәселелерімен айналысуда.
Институт ғылыми-оқу кешені қарқынды дамығаң бәсекеге қабілетті, әлемдік стандартқа сай маман тәрбиелейтін жаңашыл үлгідегі оқу орны болып табылады.
2008 жылдың 18 қыркүйегінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Болония Университеттер Ұлы хартиясына қол қойып, білім саласындағы үстанымын айқындады.
Институттың материалдық-техникалық базасы жоғары дәрежеде білім беруге зор мүмкіндік береді. Заман талабына сай ғылыми-оқу зертханаларымең лингофондық, тренинг, компьютерлік, әдістемелік кабинеттер және мультимедиялық кешенді дәрісханалармен жабдықталған.
Оқу дәрісханалары үшін қосалқы жайлар да, оқу үрдісі мен ғылыми мақсатта пайдалану үшін, гербарий жинақталған қоры, сынып-кешендері, мұражай жұмыс істейді. "Сосновый бор" мен Науырзым қорығында студенттердің далалық практикаларын ұйым-дастырып эткізу қалыптасқан дәстүрге айналған. Институт студенттері мен оқытушылар құрамы пайдаланатын интернет жүйесі, электрондық оқу залдары, бай оқу-әдістемелік оқулықтар қоры бар кітапхана, жатақхана, спорт залдары және спорт алаңдары бар.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты әлемдік білім және ғылым кеңістігінде халықаралық ынтымақтастықты аса маңызды аспект ретінде қарастырып, еңбек нарығында суранысқа ие, бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлауда Ресейдің, Чехияның, Түркияның жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан. Сонымен қатар, институт Француз мәдени орталығымең Қазақстандағы АҚШ Әлем Корпусы және Қазақстандағы Франция Елшілігімен халықаралық білім және ғылым кеңістігінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесіп жүргізу жөнінде келісімшартта. Болон декларациясына сәйкес біртұтас білім кеңістігін қалыптастыру механизмдерін бірлесіп меңгеру; ынтымақтастық үрдісінде бірлесіп әрекет етудің маңызы жөнінде ақпараттық ресурстар қорын қалыптастыру; ғылыми-әдістемелік конференция мен семинарларды ұйымдастыру; қызметкерлерді оқыту, ақпараттық-әдістемелік және ғылыми материалдарды баспадан шығару, халықаралық қордан қаржыландырылатын жобаларды бірлесіп іске асыру туралы келісімдер де жасалды.
Институтта ғылым келесі әдіснамалық қағидаттар негізінде жүзеге асырылады: жоғары оқу орнындағы ғылымның алғашқы, айқындаушы қызметі, институттағы ғылыми ізденістердің студенттердің ғылыми-зерттеу жүмыстарынан бастап диссерта-циялық зерттеулер дәрежесіне дейінгі үздіксіздігі. Сондай-ақ, институтта Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, халықаралық қорлар қаржыландыратын іргелі және қолданбалы жобалар бойынша кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Институт кафедраларында экология және қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру, биология, химия, физика, механика және математика, филология, өнер, тарих, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, философия, педагогика ғылымдары саласында басым бағыттар әзірленуде.
Студенттердің ғылыми қоғамы институт кафедралары аясында ғылыми зерттеу жүмыстарын орындап, ең үздік ғылыми жұмыстары үшін конкурстарға қатысады, еңбектерін баспадан шығарып, ғылыми-практикалық конференцияларға да белсене атсалысады.
ҚМПИ ғалымдары мектеп, гимназия мұғалімдеріне ғылыми теориялық және әдістемелік жағынан ұдайы көмек керсетеді. Қостанай қаласында жалпы білім беретін 13 мектепте пәндер бойынша ғылыми үйірмелер ұйымдастырылып, арнайы курс және теориялық семинарлар өткізіліп тұрады. Институтта дарынды оқушылармен жүргізілетін жүмыс жүйесі жақсы жолға қойылған. "Озат" мектебінің 8 секциясы, студенттердің 24 ғылыми үйірмесі жұмыс істейді. Жас ғалымдар мен студенттерге, мектеп мұғалімдеріне "ҚМПИ Жаршысы" ғылыми-әдістемелік журналында ғылыми мақалалары мен зерттеу еңбектерін жариялауға мүмкіндіктер қарастырылған.
Оқу орнының инновациялық даму стратегиясы педагогикалық үрдісті жетілдіру және түлектеріміздің бәсекеге қабілеттілігін, кәсіби біліктіліктерін көтеру мақсаттарын анықтайды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін біз әлемдік халықтар қауымдастығының қатарына қосылдық. Сол себепті елімізде саяси, экономикалық өзгерістермен қатар білім беру жүйесінде де жаңа деңгейге көтерілу қажеттілігі туды. Білім берудің әлемдік стандартына сәйкес Қазақстан мектептерінің 12 жылдық оқу жоспарына кіру мәселесі күн тәртібіне қойылды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішулы Назарбаев өзінің арнайы жарлығымен еліміздің алты қаласындағы бұрынғы педагогикалық институттарды қалпына келтірді; Соның бірі - Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты. Институттың алдына қойған негізгі мақсаты - әлемдік стандартқа сай мектеп мұғалімдерін даярлау. Мемлекет осы мақсатты жүзеге асыру үшін жыл сайын институтқа арнайы білім гранттары бөлінеді. Оның үстіне, әлемдік экономикалық дағдарысқа байланысты үлгерімі жақсы студенттерге білім несиелері де берілуде.
Бүгінде институт даму үстінде. Оның алдында жаңа мақсат пен жаңа міндеттер тұр. Қазақ елінің бүкіл дүниежүзілік халықтар қауымдастығына кіруіне байланысты институт даярлайтын болашақ кадрлар барлық елдерде сұранысқа ие болуы қажет. Сондықтан да біз білім берудің түрін де, мазмұнын да өзгерттік, оқу жоспарларын Еуропалық стандартқа сәйкестендірдік. Оқытудың кредиттік жүйесі енгізілді. Ол оқу үрдісінде оң нәтижесін беріп, білім беруде өз тиімділігін көрсетті. Білім берудің екі деңгейін игердік. Қазір көптеген мамандықтар бойынша бакалавр және ғылым магистрін даярлаймыз. Келешекте философия докторын даярлау да жоспарланған. Оған материалдық базамыз да, кадр әлеуеті де жеткілікті.
Оқу орнының 70 жылда қол жеткізген жетістігі болашақ игілігіне айналуы қажет. Институтымыздың келешегі мол, берері көп, бұдан да биік табыстарға жететініне сенімдіміз. Ғалым-ұстаздарды, магистранттар мен студенттерді, институттың барлық қызмет-керлерін мерейлі тоймен құттықтаймын!