Білім ордасы ардагерлерін ардақтады
Қостанай таңы, № 52-53, 2010 ж
Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейтойына орай мекеме, кәсіпорындар ғана емес, қаламыздағы орта және жоғары оқу орындары да ардагерлерді ардақтап, құрмет көрсетуде.
Өзінің алғашқы түлектерін 1941 жылдың 27 шілдесінде ұшырған Қостанай мұғалімдер институты сұрапыл соғыстың қатал заңдарымен өмір сүре бастады. Майданға жап-жас өрімдей студенттер мен мұғалімдер де аттанды. Сондықтан ¥лы Жеңіске үлес қосқан ардагер ұстаздарды құттықтауды облыс орталығындағы іргелі оқу орындарының бірі - Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымы да ұмытқан жоқ. Институт басшылығы Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл еңбеккерлерін оқу ордасына шақырып құрметтеп, сый-сияпат жасады. Мерекелік шараны студенттер сұрапыл соғыс жылдарындағы аталар ерлігін бейнелеген сахналық қойылыммен бастады. Онан кейін сөз алған институт ректоры Қуат Баймырзаев ардагерлерді, жиналған жұртшылықты мерейтоймен қуттықтады.
- Ардақты ардагерлер, құрметті жиналған қауым! Баршаңызды Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейтойымен кұттықтаймын. Бұл Жеңіс сіздердің арқаларыңызда, сіздердің жасаған ерлекітеріңіздің арқасында жетті. Сондықтаң осындай бейбіт өмірді сыйлаған сіздерге мәңгі басымызды иеміз. Бүгінгі кешті Ұлы Жеңіске қол жеткізуде теңдессіз каһармандық пен айбындылық үлгісін таныта білген аға ұрпақ өкілдеріне деген құрмет мен ізеттің, терең тағылымның белгісі десе де болады. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбастарыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін Кейінгі ұрпақ енді соғыстың қарасын да көрмесе екен деп тілейік, - деді Қуат Маратұлы.
Институт ұжымы Ұлы Отан соғысына арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырып қана койған жоқ, арнайы шақырылған ардагерлердің өрқай-сысына 20 мың теңге көлемінде сыйлық беріп, мерейтойлық медальді төстеріне тақты. Сондай-ақ, институт баспаханасынан басылып шыққаң соғысқа қатысқан білім ордасы үстаздарының естеліктерінен қүралған "Біз соғыстанбыз" атты кітапты сыйға тарту етті.
Қойылым барысында баласынан айырылған ананың "Алешенка" деп зар илеп аңырағаны, соғыс туралы әндердің шырқалуы кешке жиналған ардагерлердің көңілін толқытты. Сұрапыл соғыстағы сын сағаттар естеріне түссе керек, қариялар еріксіз көздеріне жас алды.
Жиын соңында ардагерлер осындай кешті ұйымдастырып, көңілдерін бір серпілтіп тастаған институт басшылығына, студенттерге ризашылық-тарын білдіріп, ақ баталарын беріп тарқасты.