Ұстаз деген ұлы атақ
Қостанай таңы, 2010 жылы, 6 шілде, 10 б.
Немесе мектептерде оқушыларды оқытуды 12 жылдық жүйеге көшіру жағдайында мүғалім кадрларын даярлаудың өзекті мәселелері
Ыбрай мен Мұхтар замандарынан бері қарай оқу - білім қанша алға жылжыса, маман ұстаздарды даярлау одан анағұрым озып кетті. Бұл ретте небір жаңалықтар өмірге келіп, оқу мен емір астасып, жаңа жағдайлар бүгінгі күннің талаптарына сай білікті маман ұстаздар даярлауда біздің алдымызға жаңа міндеттер қойып отыр. Сол ұлы міндеттердің бірі - мектептерде оқушы балаларды оқытуды 12 жылдық жүйесіне кешіру болып отыр.
Бір кездерде мектептерде балалар жеті жылдық білім алса, келе-келе он жылдыққа көшті. Талаптың артуына байланысты кейін он бір жылдық оқу жүйесін де игерген болатынбыз. Бүгін міне, 12 жылдық оқу жүйесін игеру міндеті қойылып отыр. Бұл міндетті орындаудың ғылыми негіздері бар. Осы жылдар ішінде білім де, ғылым да алға жылжыды. Мектептерде оқытылатын бала міндетті түрде игеруге тиісті пәндердің де саны артып, олармен қосымша оқытудың неше түрлі жаңа әдістері мен оқу қүралдары пайда болды. Мектептерімізге интерактивті тақталар, небір жаңа техникалық құралдар мен компьютерлер келіп, бүгінгі мектеп оқушысы класта отырып - ақ "Интернет" арқылы өзіне керекті ақпараттарды ала алатын жағдайға жетіп отыр. Олар осы жаңа оқу технологияларының көмегімен небір қиын есептерді шығарып, қай саладан болмасын қажетті сұрақтарына жауап алып, ғылымның алдыңғы қатарлы жетістіктерімен таныса алады.
Біздің институтымызда білім алып жатқан болашақ ұстаздар жан - жақты білімді, техникалық құралдармен қаруланған оқушыларды оқытуға, оларды ғылым мен өмірдің үлкен айдынына шығаруға дайын болып барулары керек. Бүгінгі студенттеріміздің алдында тұрған басты міндет - ертең мектепке барғанда осындай оқушы балаларды оқытуға дайындау болса, институт оқытушыларының, жалпы ұжымының міндеті - жан-жақты дайындалғаң білім мен ғылымның әмбебап саласынан хабары бар, өз пәнін, оны оқытудың әдістері мен тәсілдерін жетік меңгергең баламен де, олардың ата-аналарымен де, қоғаммен де жұмыс істей алатын білікті педагог - мұғалім даярлау. Бұған қосымша елдің ертеңі - жас ұрпақ ұлтымыздың тілін, тарихын, салт-санасын, әдет-ғұрпын жан жақты білу үшін болашақ ұстазға мемлекеттік тілді, елдің тарихын терең оқыту да қолға алынып, біртіндеп ұлттық тәрбие беру үрдісінде іске асыра бастадық. Осы міндеттермен қатар педагогикалық институт ұстаз - мамандарды даярлау жөніндегі мемлекеттік талсырысты орындауға міндетті. Себебі, біздің қолымыздағы сараптамаға сәйкес республика мектептерінде бала оқытып жүрген ұстаздардың 28 пайызының жоғарғы білімі жоқ болса, жалпы республика бойынша мектептерімізге төрт мыңнан астам мұғалім жетіспейді екен. Бұл ретте біздің Қостанай облысы мектептерінің де жағдайлары мәз емес. Баланың аздығынан біраз жерлерде мектептер жабылып жатса, енді біраз жерлерде бар баланы оқытатын ұстаз мұғалімдер жетіспейді. Әсіресе, математика, шет тілдері, қазақ тілі, тарих пәндерінің мұғалімдеріне кептеген мектептер зәру. Осы жайларды ескере отырып, біздің ұжымымызга мұғалімдер даярлаудың санына да, сапасына да кеңіл белу керек болып отыр.
Болашақ мұғалімдердің санын арттыру мәселесін мемлекеттік тапсырыс мелшерін жылдан-жылға арттыру арқылы шешетін болсак, сапасына келгенде атқарар шаруамыз ұшан-теңіз.
Республика мектептерінде 12 жылдық оқыту жүйесіне кешуге байланысты Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарт енгізіліп, сол стандартқа сай институтымызда - оқу, оқу - әдістемелік бағдарламаларға біраз езгерістер де енгізілді. Осыған орай педагогика кафедрасының бағдарламасына: "Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі", "Педагогика шеберлігінің негіздері", "Педагогикалық қарым-қатынастар негіздері", басқа кафедралар бағдарламаларына: "Қазіргі таңдағы білім беру технологиялары", "Мектептердегі инновациялық үрдістер", "Кәсіби мамандыққа оқытудың әдістемесі" атты арнайы курстар енгізілді. Бұл курстар негізінен болашақ ұстаздарды мамандыққа баулу мен эр студенттің бойына адамгершілік қасиеттерді дарыту, өзара қарым-қатынастар мәдениеті деңгейін кетеру, жеке адамның кәсіби мамандығын жетік игеруіне жағдай жасауға бағытталған.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында болашақ мұғалімдерді озық бағдарламалар бойынша даярлаудың маңыздылығы барлық бағдар құжаттарда ерекше аталып көрсетілген.
Оқушыларға білім берудің алғашқы сатысының маңыздылығын ескере отырып, біздің институтымызда мектепке дейінгі тәрбие мен алты жасар балаларды оқыту ісіне ерекше көңіл бөлініп, жас өркендерге білімнің алғашқы баспалдағын оқытатын мүғалімдерді даярлау ісі, олардың оқу бағдарламасы күн талабына сай қайтадан дайындалды.
12 жылдық оқу жүйесіне көшудің толып жатқан қырлары мен сырларын біз өзіміздің институтымызда жыл сайын өткізілетін ғылыми-практикалық конференцияларда талқылап, бар тәжірибені ортаға саламыз да, күн талабына сәйкестерін іс жүзінде пайдаланып отырамыз. Ыбрай Алтынсарин оқулары шеңберінде "Қазақстан Республикасындағы білім беруді реформалау үрдісіне сай мұғалімдердің кәсіби компетенциясын қалыптастыру" деген тақырыпта өткен соңғы екі конференциямызға Қостанай қаласы мектептерінің мұғалімдерін шақырып, 12 жылдық оқу жүйесіне көшуге орай ғалымдарымыз дайындаған теориялық ұсыныстарды мектеп мұғалімдерінің жүзеге асыру барысымен таныстық. Конференция қорытындысында, теория мен практиканың бір-бірімен сай келген тұстарын басшылыққа алып, сонымен қатар облыстың ерекшеліктерін ескере отырып, 12 жылдық оқу жүйесіне жаппай көшудің негізгі жобасын жасауға тырыстық.
Жаңа оқу жүйесіне көшкен кезде біз білім сапасын басты назарда ұстамақшымыз. Осыған орай мұғалімнің жұмыс сапасын анықтайтын толып жатқан процедураларды жүзеге асырып, кез келген ұстазды сапалы еңбек етуге, сабақ беруге ынталандыратын жолдарды іздестіріп жатырмыз. Осыған орай біздің институтымызда мұғалім еңбегінің сапасын бағалаудың жүйесі мен әдістемесін меңгеруге арналған тұрақты семинар жұмыс істеуде.
Педагогикалық білім негізінен гуманистік білім. Бұл білімді меңгерген маман ең алдымен адаммен жұмыс істейді. Сондықтан да біздің оқу орнының түлегі алған мамандығына, игерген пәніне қарамай, қандай жағдайда болмасын адаммең түрлі ұжыммен жұмыс істеуге, кіммен болса да тіл табысуға дайын болуы керек. Сол тіл табысудың арқасында ол ез білгенін басқаға үйретіп, басқадан емірге, күнделікті ұстаздық қызметіне қажетті жайларды үйреніп, езін де, басқаны да рухани байыта түсуі керек. Былай-ша айтқанда біздің студентіміз, яғни түлегіміз мектепке келгеннен кейін жақсылық пен жаңа-лықтың жаршысы, езіне де, қоғамға да тиімді істердің ұйтқысы бола білуі керек. Біз ез түлек-теріміздің бойына осы қасиеттерді дарыту үшін жүмыс істеп жатырмыз.
12 жылдық оқу жүйесінің негізгі түтқаларының бірі - болашақ ұстаздардың оқытудың жаңа технологияларын меңгеріп, ақпараттық-коммуникативтік білімділігін қалыптастыру болып табылады. Сондықтан да болашақ ұстаздар институт қабырғасында жүргенде ақпараттық технологияларды толық меңгеру үшін оларға арнап түрлі курстар мен семинарлар еткізуді әдетке айналдырдық. 12 жылдық оқу жүйесіне кешуге байланысты бұл салада мектеп мұғалімдері инновациялық технологияларды дер кезінде меңгеру үшін болашақта біз институт жанынан Инновациялық технологияларды енгізу орталығын ашуды жоспарлап отырмыз.
Қазақ "Бірлік болмай, тірлік болмайды" дейді. Бір мақсатқа жұмылған институт ұжымы жаңа формацияға сай, жан-жақты білікті, институтта алған білімін ертең өмірмен ұштастыра білетін, жастарға сапалы білім, саналы тәрбие бере алатық жасампаз болашақтың жалауын көтеруге даяр ұстаз тәрбиелеуді алдына үлкен мақсат етіп қойып отыр.
Қорыта келгенде айтарым, мектептерімізді 12 жылдық оқу жүйесіне көшіру барысында институт оқытушыларының алдарында тұрған негізгі міндеттер мыналар: балаларымызды денсаулықтары мықты, дене тәрбиесін мегерген, әбден шыныққан, мінез - құлықтары көркем, интеллектуалдылық жағынан жетілген, рухани жағынан бай әрі білімді етіп тәрбиелеп шығару.
Құрылғанына 70 жылдан астам уақыт болған, мұғалім кадрларды даярлауда өзіндік дәстүрі мен тарихы қалыптасқан Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессорлық - оқытушылық ұжымы тәуелсіз еліміздің болашағына абыроймен қызмет ете береді.