Конференция өтті
Қостанай таңы, № 135 (16 қараша) 2010 ж
Облыс орталығындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Күрделі жүйелер мен процестерді модельдеу: оның теориялық, қолданбалы және педагогикалық аспектілері» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жиынның басты мақсаты физика-техникалық, физика-химиялық және биологиялық процестерді модельдеудің проблемаларын шешудің жолдарын қарастыру. Конференцияның пленарлық отырысында жоғары оқу орны ректоры Қуат Баймырзаевтың қатысушыларға арналған қүттықтау сөзі оқылды. Жиын аясында тарих ғылымдарының докторы Еркін Әбіл «Тарихи сингергетика қурамында қазақтардың әлеуметтік жүйесін қурудың факторы», облыс-тық білім басқармасының бастығы Сәуле Берібаева «Қазіргі білім процесінде жастардың әлеуметтік қүзыреттілігін модельдеу» және тағы басқа ғалым-про-фессорлар жаратылыстану-математика, физика және жалпытехникалық ғылымдар жөніндегі тақырыптарда баяндама оқыды. Ғалымдардың айтуынша, «модель» түсінігінің кепмәнділігіне орай ғылым мен техникада үлгілеу түрінің бірыңғай жіктелімі жоқ. Жіктелімдерді тек модельдеудің сипатына сол сияқты модельденетін нысанның сипатына қарай жүргізуге болады екен Модельдеудің мынандай мысалы, ақпараттық, компьютерлік, математика-лык, молекуларлық, педагогикалық, психологиялық, физикалық секілді түрлері бар.
Конференцияға жиналғандар сонымен бірге жоғарыдағы тақырыпты жан-жақты түрде секцияларға белініп талқылады.
Конференцияға жиналғандар сонымен бірге жоғарыдағы тақырыпты жан-жақты түрде секцияларға белініп талқылады.
Сағитова Г.