«Қазақ тілі - өз тілім»
Қостанай таны, № 141 (1 желтоқсан) 2010 ж.
Міне, осындай тақырыпта Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында факультетаралық сайыс өтті. Сайысты осы оқу орнының практикалық лингивистика кафедрасы мен әлеуметтік-тәрбие жұмыстарының басқармасы ұйымдастырды. Сайыстың ашылу барысында осы оқу орнының ректоры Қуат Баймырзаев құттықтау сөз сөйлеп, ризашылық пен ықыласын білдіре отырып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайыс өткізудегі басты мақсат мемлекеттік тілдің мәртебесін одан әрі жоғарылату, қолдану аясын кеңейту, жасұрпақты әдеби шеберлікке баулу арқылы қазақ тілі мен әдебиетіне деген ықылас-ынтаны жандандыру, қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру, отансүйгіштік сезімді, азаматтық қасиеттерін арттыру, тіл мәдениетінің деңгейін көтеру, қазақ тілін меңгерген жастарға қолдау көрсету.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайыс өткізудегі басты мақсат мемлекеттік тілдің мәртебесін одан әрі жоғарылату, қолдану аясын кеңейту, жасұрпақты әдеби шеберлікке баулу арқылы қазақ тілі мен әдебиетіне деген ықылас-ынтаны жандандыру, қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру, отансүйгіштік сезімді, азаматтық қасиеттерін арттыру, тіл мәдениетінің деңгейін көтеру, қазақ тілін меңгерген жастарға қолдау көрсету.
Тіл сайысына осы оқу орнының әр факультетінен қатысқан өзге ұлт өкілдерінің бірінші курс студент жастары бес бөлімнен тұратын кезең мысалы, қатысушы студент жас өзі жайлы көркем тілде мағлұмат беру, қазақ тілі грамматикасы бойынша білім көрсету, мақал-мәтелдер айту, салт-дәстүрімізге байланысты қойылған сұрақтарға жауап беру, өзінің өнерін көрсету немесе тіл туған жер, Отан туралы өлэңдерді мәнерлеп жатқа оқу бойынша сынға түсті.
- Сайыс үш жылдан бері институтымызда өткізіліп келеді. Сайысқа әр факультеттен өзге ұлт өкілдерінің студент жастары қатысып, өздерінің қаншалықты қазақ тілін меңгергенін, ынта-тілектерің ықыластарын көрсетуде. Бұрнағы жылдарға қарағанда өзге ұлт өкілдерінің жастарының тіл білсем деген қызығушылықтары, ынта-жігерлері арта түсуде. Сайыс барысында мәселен, сау-аттылығына фонетика, грамматика, лексикология салаларын қаншалықты білетіндігің сөйлеу мәнеріне, ойының жүйріктігіне, тіл байлығына мөн бермекпіз. Сонымен қатар алдағы уақытта институтымызда өзге ұлт өкілдерінің оқытушылары арасында тіл сайысын ұйымдастырсақ деген жоспарымыз бар, - деді бізге Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының практикалық лингвистика кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қарлығаш Нұрмұхамбетова.
Тіл сайысы өте тартысты әрі қызықты өтті. Студент жастардың бірі бір кезеңінде озық тұрса, екіншісі келэсі кезеңінде алға шықты. Әрқайсысы да мақтауға тұрарлық. Әрине, жарыстың аты жарыс, жеңіске жеткендер де, жеңілгендер де бар. Сонымен, қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орынды география факультетінің студенті Юлия Буракова жеңіп алды, ал екінші мен үшінші орынға шет тілдері факультетінің студенті Вера Дивель және Никита Шкваренко ие болды. Жеңімпаздар да, баска қатысушылар да ақшалай сыйлық пен дипломдармен марапатталды. Және де сайыстың барлық қатысушылары қазақ тілінің емтиханын «автоматты» түрде жақсы деген бағаға тапсырғанын осы сайыс барысында да айтылды.
Г. Сағитова