Ел келешегіне сенімді қадам
Қостанай таңы, № 142 (3 желтоқсан) 2010 ж.
Облыс орталығындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Валерий Вишниченкомен кездесу болып өтті. Кездесу барысында сөз сөйлеген осы оқу орнының ректоры Қуат Баймырзаев жиналған студент жастарға қысқаша түрде бүгінде ел ордасы Астанада өтетін Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздікжәне ынтымақтастық ұйымының Саммиті туралы, үлкен алқалы жиынның өзіндік тарихы, маңызы бар екенін, еліміздің саяси, экономикалық-элеуметтік жағдайы жөнінде айтып өтті.
Содан кейін сөз алған Парламент Мәжілісінің депутаты Валерий Вишниченко бүгінгі таңда елімізде өтіп жатқан ЕҚЫҰ Саммиті мемлекетіміздің, барша халықтың жетістігі мен мақтанышы сонымен бірге Елбасының бейбітшілікті нығайту жолындағы ерен еңбегі мен Қазақстанның әлем елдері алдындағы беделін мойындау, Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан өзіндік үлесін жоғары бағалау, еліміздегі үлтаралық татулық пен келісімнің нақты моделі бар екенін, ЕҚЫҰ Саммиті Еуропа-Атлантика мен Еуразиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді талқылауға осы үйымға мүше мемлекеттерінің басшылары, жетекшілері, халықаралық беделді үйымдар келгенің он бір жылдан кейін бұл тарихи оқиғаның оқулықтарда жазылатындығың әлем білікті ғалымдары мен саяси сарапшылары жан-жақты талқылайтынын және де ел келешегіне жасалынып отырған сенімді қадам екенін айтып кетті. Сонымен бірге депутат кейбіреулер «осы Саммит Қазақстанға не береді?» деп айтып жүргенін де жасырған жоқ.
Депутат ондай мәнсіз сұрақтардың болатындығын айта келіп, ең алдымен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға Қазақстанның төрағалық ету мәртебесіне ие болуы, оның мемлекетімізде өтуі Мемлекет басшысының хәлықаралық аренада үлкен беделге ие екендігің соның тағы бір дәлэлі ретінде келесі жылы өтетін Ислам конференциясына Қазақстанның төрағалық ету қүқығына ие болғандығы, елімізде тұрып жатқан сан ұлт және диаспора өкілдерінің бірегей бейбіт өмір сүруі - әлем мемлекеттеріне де үлкен тәжірбие, үлгі, Саммиттің өтуі Қазақстанның халықаралық танымалдығын одан әрі арттыру, экономикадағы, мәдениеттегі жетістіктерін таныту, Батые пен Шығысты байланыстыру екенін айтты.
Содан кейін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Валерий Вишниченко сол сияқты елімізде соның ішінде «Ғылым туралы», Салық, Темекі тауарлары жөніндегі қабылданып жатқан заңнамаларға тоқталып, жан-жақты айтып берді.
Кездесу аясында студент жастар 12 жылдық білім, ЕҚЬІҰ талқыланатын мәселелер, соның ішінде Ауғанстан туралы, неге қоғамдық көліктерде студенттерге деген жеңілдік жоқ, зейнет жасы көтеріле ме деген сынды сауалдар қойды.
Содан кейін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Валерий Вишниченко сол сияқты елімізде соның ішінде «Ғылым туралы», Салық, Темекі тауарлары жөніндегі қабылданып жатқан заңнамаларға тоқталып, жан-жақты айтып берді.
Кездесу аясында студент жастар 12 жылдық білім, ЕҚЬІҰ талқыланатын мәселелер, соның ішінде Ауғанстан туралы, неге қоғамдық көліктерде студенттерге деген жеңілдік жоқ, зейнет жасы көтеріле ме деген сынды сауалдар қойды.
Г. Сағитова