Елін сүйген азамат еді
Қостанай, 2011 жыл, 22 қантар
Қазақта «Жақсының аты өшпейді» деген даналы сөз бар. Бұл ұлтын сүйген азамат, марқұм, тарихғылымдарының докторы, академик Зұлқарнай Алдамжарға арналып айтылғандай.
Осынау біруар тұлғаның еліміздің ғылымына қосқан қомақты үлесін былай қойғанда, киелі Қостанай еңірінде ректорлық қызмет атқарған жылдары облысты қазақтандыруға, руханият пен ана тілімізді өркендетуге, өзі басқарған және уақыт талабына сай жеке әлеуметтік-техникалық университет ашқанда кейінгі ұрпақ ұмытпай айтып жүретіндей елеулі іс тындырды.
Қайталанбас тұлғаның халыққа сіңірген еңбегін жоғары бағалаған Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, академик Қуат Маратұлы Баймырзаевтың тікелей қолдауымен осы еліміздегі беделді оқу орнында жуырда академик Зұлқарнай Алдамжарұлына арналған дәрісхана ашылды.
Дәрісхананың лентасын қоғамның көрнекті қайраткері Кенжебек Үкин, Зұлқарнай ағаныңөмірлікжары, Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің құрылтайшысы Гүлсара Мамажан қиды.
Содан кейін институт ректоры Қуат Маратұлы сөз сөйлеп, Зұлқарнай ағаның ғылымды дамытып, өңірді гүлдендіруге, кезінде өзі басқарған жоғары оқу орындарының елімізге кеңінен танылуына қосқан ерекше үлесіне жан-жақты тоқталып өтті.
Басқосуда ел ардақтылары Кенжебек Үкин, Михаил Дәуенов, ғалымдар Аманжол Күзембайұлы, Сәбит Есмұратов, Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Марат Жұрқабаев, Құрметті теміржолшы Бертран Рубинштейндер дәрісханаға есімі берілген азамат жайлы кеңінен әңгімеледі.
Жоғарыда аталған дәрісханаға атақты тарихшының өмірінен сыр шертетін фотостенділер, оның жазған кітаптары мен еңбектері қойылды.
Салтанаттан кейін облыс орталығындағы «Тұмар» мейрам-ханасында Зұлқарнай Алдамжарға арналып ас берілді.