Жас ақындар айтысы
Қостанай, 2011 ж., 22 қантар
Таяуда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналған «Жыр арқауы — тәуелсіздік» деп аталатын жас ақындар айтысы мен жыр мүшәйрасы өткізілді.
Онда көпшілік алдында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Қуат Баймырзаев халқымыздың ежелден келе жатқан айтыс өнерінің өзіндік ерекшелігін айта келіп, өздерінің суырып-салмалық қабілеттерімен көзге түсіп жүрген барша жастарға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, Қостанай мемлекеттік және Қостанай инженерлік-педагогикалық университеттерінің басшылары Асқар Нәметов пен Сәбит Есмұратов, облыстық мәдениет басқармасының бастығы Марионелла Слесарь сөз сөйлеп, жоғары оқу орындарының талантты жастарына үйымдастырылып отырған айтыста табысқа жетулеріне тілектестік білдірді.
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, көрнекті ақын, халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың лауреаты Серікбай Оспанов сахнаға көтеріліп, айтысқа қатысушыларға арналған өлеңін оқып берді.
Бүл жас ақындардың айтысына 4 жұп қатысты. Оның қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды Арқалық қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Тоба Өтепбаев жеңіп алды. Бұл күндері Тобаның есімі тек облысқа емес, республикамызға танымал. Оның айтыс өнеріндегі қолтаңбасы қалыптасып үлгірді.
Екінші орынға Ахмет Байтүрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенті Бақытжан Әлкебаев ие болды. Бақытжан болашағынан көп үміт күттіретін жас ақын екендігін залда жиналған жұртқа дәлелдеді.
Айтыста жүлделі үшінші орынды Торғай әлеуметтік колледжінің студенті Гүлзира Мәлженбай иеленді. Ол да тынымсыз ізденіс үстіндегі бойжеткен екендігін көрсетті. Сондықтан болса керек, барша қауым оған деген ризашылықтарын айтыс барысында қол шапалақтау арқылы білдірді.
Ал жыр мүшәйрасында жүлделі бірінші, екінші орындарға Қостанай мемлекеттік университеті және Рудный индустриалдық институтының студенттері Бауыржан Бөгенбай, Қуаныш Есқабылов ие болды. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлыктар салтанатты түрде тапсырылды.