Терең білім – маман біліктілігінің кепілі
Егемен Қазақстан, 16 ақпан (№ 48), 2011 жыл
Америкалык белгілі антрополог Роберт Ардри: «Қол жетпейтін нәрсеге ұмтылып жүріп, біз мүмкін емес нәрселерді жасаймыз» деген екен. Дуалы ауыздан шыққан осы қанатты сөз алдымызға асқақ мақсаттар қойып, ылги ішкі-сыртқы қолайлы жағдайдың бола бермеуіне, көлденең кедергілерге де карамастан, олардың оң шешіміне қол жеткізе білген біздің еліміздің шынайы көрінісін сипаттағандай әсер береді. Осыдан жиырма жыл бұрын біздің еліміз өзінің тәуелсіздігін жариялап, тарихи дамуының жаңа дәуірін бастады. Халқымыз жүріп өткен ауыр да әрі жасампаз жылдарға көз салсақ, Отанымыздың тәуелсіздігі үшін болған жанқиярлық күрестің, тәуелсіз даму кезеңіндегі маңдай термен келген жетістіктеріміздің құнын терең сезіне түсеміз.
Біз бүгін мемлекеттік және қоғамдық қүрылыстың маңызды ұстанымдары бекітілген негізгі заңымыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы негізді құлдылықтарын аныктап, ұлттық мемлекет ретінде іргетасын қалаған еліміздің тарихи қысқа кезеңде серпінді қадам жасағанына мақтанамыз. Президент өкілеттігін ұзарту жөніндегі мәселе бойынша жалпыхалықтық референдум өткізу бастамасына байланысты аса күрделі құдыктық коллизия және Н. Назарбаевтың бұл проблема түйінін шеше білгені Қазақстанның саяси жүйесіндегі Конституцияның орны мен рөлін анық көрсетіп берді. Мұның өзі Қазакстанда заңның ұлықтылығымен негізделген кұкықтық мемлекеттің қалыптасқаны туралы сеніммен айтуымызға мүмкіндік береді.
«Адам қай пристаньға барар жолын өзі білмесе, оны ешкандай жел айдап апара алмайды», деген екен данышпан Сенёка. Сол сияқты кез келген ел өзінің даму бағытын, келешегінің көкжиегін көре білуі керек. Президент бастамасымен стратегиялық жоспарлау мен әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру бағдарламасының және елді өндірістік-инновациялық дамыту стратегиясының Қазакстан үшін тарихи маңызы бар. Сонымен қатар, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтын Қазақстан халқына жыл сайын жолдайтын Жолдауы да елімізді дамытудың кепілді тамаша құжаты болып саналады. Бұл Қазақстан Республикасының әлемдік қоғамдастыкта халықаралық беделге жетуіне мұрындык қана болып қойған жок, мемлекеттер шекарасы мен құрлықтарға тәуелсіз адамдар үміті мен арманын ұштайтын көптеген проблемаларды қозғауымен өте маңызды деп білеміз.
Отандастарға қамқорлық жасау, халық алдында түрлі жобалар, қиындықтар және бірлесіп жеткен жетістіктеріміз туралы есеп беру Президент мәлімдемелерінің барлығына тән. Осындай сипат оның соңғы Жолдауынан да көрінеді. Президенттің жаңа үндеуі еліміздің басты мақсаттары мен басымдықтары көрсетілген 1997 жылғы «Қазақстан-2030» Стратегиясының жалғасы болын табылады. Жобаланған тапсырмаларды және Үкіметтің қабылданған шараларын дер уақытында жүзеге асыру арқасында әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың өзі елшіздің дамуына көлденең тұра алған жоқ. Қордаланып үлгерген экономикалық әлеует тұрақтылыкты қамтамасыз етті, жұмыссыздық деңгейін сәл де болса азайтқан шағын және орта бизнесті тәлкекті жағдайға тастамай, еліміздің қаржы жүйесін қорғап қалды. Қазақстан жаңа экономиканы құруды бастаған жылдары еліміздегі ішкі жалпы өнім жан басына шаққанда 700 доллардан келген болатын, ал реформа жылдары оны біз 8000 долларға бір-ақ көтердік. Осыдан оншақгы жыл бұрын ішкі жалпы өнімнің 10-15 мың доллар болуы біз үшін қол жетпес армандай елестейтін. Дегенмен, әлемге белгілі америкалық жазушы Зиг Зиглар айтқандай, табыс дегеніміз - бұл мүмкіндіктерді барынша қолдана білу деген сөз. Біздің қысқа уақыттағы орасан табысымыз осы сөздің ізінен шығып отырғандай.
Қазір тәуелсіз мемлекет қалыптастыру сатысы біз үшін артта қалды. Еліміздің келешектегі көкжиегі қарқынды және қадымды істермен көрікті. Демократия дамуының казіргі заманғы дәрежесін ұстай отырып, әлеуметтік мемлекет құруды келешегі зор таяу уақыттарға жасалған мақсаттарымыздан бөліп қарауға болмайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы мақсаттарға жету жолдарын қоғамды жұмылдыру және экономиканы, саясатты, әлеуметтік саланы басқарудың демократиялық құралдарымен, әр қазакстандықтың, жалпы жұртшылыктың керемет бастамаларын жүзеге асыру тетіктерімен қамтамасыз етү арқылы оны халыққа түсінікті, ұғыныкты ете түседі. Елімізді инновациялык, дамытудың тағы бір маңызды жолы ішкі жалпы өнімнің ғылымилығын көтеру болып табылады. Бүгінде Қазақстанның білім мен ғылым орталығы болуға барлық мүмкіндігі бар. Нұрсұлтан Назарбаев жақында Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында бұл үшін қажетті ресурстар мен ел басшылығының саяси ерік-жігерінің жеткілікті екенін тағы да кадап айтты. Жолдауда білім жүйесін дамытудың рөліне ерекше маңыз берілді. Президент осы жүйені қаржыландыруды 2016 жылы ішкі жалпы өнімнің 5 пайызы көлеміне дейін өсіруді тапсырды. Таяудағы бес жылдың ішінде елімізде 400 жаңа мектеп салынады, оның ішінде жиырмасы интеллектуалдық білім ошағы болады. Он екі жылдық білім беру базасын құрудың негізі болып табылатын бұл шаралардың бұрынғы Кеңес Одағы құрамындағы елдерде әзірге теңдесі жоқ.
Педагогтардың айлық жалақысын көбейту жоспарлануда. Қызметін бастаған және екінші білікті мұғалімдердің негізгі айлығына 150 пайыз, ал бірінші білікті педагогтерге 200 пайыз, ал жоғары біліктілерге 300 пайыз қосымша ақша қосылады. Материалдық ынталандыру педагог мамандығына жұрттың ынтасын аудырады және мектептер мен жоғары оку орындарына жаңа кадрлар тартуға да мүмкіндік туғызады. Алайда алмақтың да салмағы бар, мектеп мұғалімдеріне талап та күшейеді. Мұның сыртында Қазақстан мектептерін электрондық оқыту, интернетке кең көлемде қол жеткізу міндеттері де күтіп тұр.
Алайда, мұғалімдердің мәртебесін көтеру мектептің материалдық базасын нығайту мен оқу үдерісін ұйымдастырудан анағұрлым маңызды. Бұл ой 1966 жылы Парижде өткен үкіметаралық арнайы конференцияда көтерілген болатын. Онда: «Мұғалімдердің жағдайы, мақсаты мен міндеттері айқын білім беру саласының сұранысына сәйкес болуы керек. Осы мақсаттар мен міндеттерге толық қол жеткізу үшін мұғалімдерге мәртебе берілуі қажет, маңдай тер төгуді қажет ететін олардың мамандығы қоғамдық құрмет көрсетуге лайық», деген пікір айтылды осы алқалы жиында. Ұстаздардың бүгінгі ұрпағының міндеті тек педагогтық қызметінің маңызын қайта жаңғырту ғана емес, өмірдің барлық саласына уақыт талабына сай жоғары білікті және бәсекеге қабілетті, тұлғалык және кәсіби әлеуеті мықты мамандар дайындау болып отыр. Бұл үшін мұғалімдерді әлемдегі ірі білім беру орталықтарында біліктілігін көтеруге мүмкіндік туғызу қажет. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, еліміздегі ұстаздардың 20 пайызы осындай дайындық курстарынан өтетін болады.
Сырт елдің жақсысына көз салғанда, Финляндия білім беру саласының тәжірибесі үлгі аларлық. Бұл ел мектепте білім беру жөнінен әлемде көш басынан көрініп отыр. Оларда мұғалім мамандығы өте қадірлі әрі сұраныска ие мамандық болып саналады. Ұстаз (магистр болып саналады) жоғары айлық жалақы алады және еркін шығармашылықпен жұмыс істейді. Педагог мамандығын дайындайтын жоғары оқу орындарына түсу үшін конкурста бір орынға он адамнан келеді. Фин мектептерінде емтихан деген болмайды, ал үлгере алмаған балалармен қосымша жұмыс жасалады. Әрине, мұның барлығы ақысыз, мектеп бағдарламасы шеңберінде жүргізіледі. Әсіресе, психологтар мен әлеуметтік педагогтардың рөлі өте жоғары. Қазақстанда білім саласына жасалып отырған жағдай мұнан кем емес. Бізге енді ұстаз мәртебесін бүкіл ел, жұрт болып әуезелеу керек, ал бұл мемлекетгің білім беру саясатындағы басым бағытқа айналса кәнеки.
Еліміздегі білім беру ісі жөнінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» ХДП-ның ХIII съезінде сөйлеген сөзінде де айтып өтті. Терең білімсіз білікті мамандар даярланбайды, ал білікті мамандарсыз еліміздің қарышты дамуының кепілі болатын инновациялык ірі жобаларды жүзеге асыру неғайбыл. Білім мен тәрбиенің тұма бастауы балабақшада жатыр. Партия лидері сондықтан осы төңіректегі жетістіктер мен атқарылар істі де ортаға салған. Қазір еліміздегі сияқгы Қостанай облысында да «Балапан» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Облыс бойынша бүлдіршіндердің 90 пайызы мектепке дейінгі мекемелерге қамтылған. Біздің педагогика институты білім саласының осы тармағына да мамандар дайындаймыз. Болашақ ұстаздардың білімін ұштап, біліктілігін арттыруды жұмысымыздың темірказығына айналдырғанбыз. Мұғалім мәртебесін жасауға, оның қоғамдағы беделін көтеруге материалдық жағдайын жақсартумен қатар, ұстаздың инемен құдык қазғандай еңбегі де кепіл болады. Жас мамандардын ой-өрісін, ішкі мәдениетін көтеру де ұстаз мәртебесінің бөлінбейтін бөлшегі болып саналады. Болашақ ұстаз ондай тәрбиені жоғары оку орнынан алады. Сондықтан болашақ ұстаздардың студенттік шағының қызықты өтуі үшін түрлі қоғамдық жұмыстар мен шаралардың ұйымдастырылуына мән береміз.
Қорыта келгенде, демократиялық дамыған мойны озық елдердің санатынан көріну, сол үшін халықтың әлеуметтік-тұрмыстық деңгейін көтеру - түпкілікті мақсат-мұратымыз. Сол үшін де бар күш-қуатты осы бағытқа жұмылдырамыз. Ұстаздар тер төгіп жүрген білім саласы соның бел ортасында.
Қостанай.