Тәуелсіздік - киелі ұғым
Қостанай таңы, 2011 жылы, 26 шілде (№84), 3 б.
Қостанай облысында мемлекетіміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған "Қазақстан Республикасы: 20 жылдық жетістігі мен жасампаздығы" атты облыстық ғылыми-практикалық жылжымалы конференция өз жұмысын шалеай жатқан аудандардан бастады.
Қостанай аумақтық тарихи зерттеулер институтының бүл іс-шарасына негізінен тарихшылар және баска әр түрлі саланың ғалымдары, барлыеы 40 адам тартылған. Оған қоса облыстық ішкі саясат басқармасының сарапшысы, тарихшы Бауыржан Нұрсейтов болды. Олар конференция өту барысында аудан орталығындаеы өндірістік, әлеуметтік нысандар мен мәдениет орындарында, тарихи - өлкетану ұуражайларында болып, олардың жұмысымен танысты.
Сондай-ақ аталмыш іс-шараның алдында аудан жұртшылығына "Қазақстан Республикасы: 20-жылдық жетістігі мен жасампаздығы." жылжымалы көрме ұсынылып, облыстық жылжымалы конференция материялдарының жинағы мен Аманжол Күзембайұлы мен Еркін Әбіл жазған Қазақстан тарихы оқулығы тегін үлестірілді.
Тәуелсіздік кейбіреулердің айтып жүргеніндей Кеңес Одағы құлағанда оп-оңай келе салған олжа емес. Ол қазақтың әріден айтқанда бостандық сүйген асыл ерлерінің қанына суарылып, берідегі Алаш арыстарының, кешегі желтоқсандағы ұлтын сүйген жаны таза жастарымыздың сәулелі болашақ үшін өздерін құрбан етуіне өкелген.
Бейнелі сөзбен келтірсек тәуелсіздік киелі ұғым. Оны өмірдің соншалықты қымбат екенін түсінбеген, жығылып қайта түрмағаң өкпесі тарылып жазира даласының жұпар ауасын аңсамаған, самал желге сағынышпен бетін тоспаған қазақ қана терең түсініп, қымбат бағалай алмайды. Олай болса тәуелсіздігіміздің мерекесі қарсаңында атқарылар игі істер жас ұрпаққа төл тарихымызды таныта отырып тәрбиелеу болмақ.
Міне осы мақсатты көздеген Қостанай облыстық әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қолдауына ие болған Қостанай аумақтық тарихи зерттеулер институты Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған облыстық ғылыми-практикалық жылжымалы конференция өткізуді қолға алды.
Конференция өз жұмысын шалғайда орналасқан Қамысты, Денисов аудандарынан бастады.
Түп-тамыры тереңнен бойлап шыққан тәуелсіздігіміздің шешек атқанына да жиырма жыл толайын деп жатыр. Бұған куәгер біздердің өткен тарих парақтарын шаңнан тазартып, жаңа беттерін жазатын кезіміз жетті.
Маңызды басқосуда тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлы "Тәуелсіздік жолындағы ұлттық қозғалыстардың теориялық мәселелері" атты баяндамасында осы жайға тоқталды "Егер біз жоғарыда көрсетілгендерді парадигма ретінде қабылдайтын болсақ, осы уақьгг аралығында өткен Ресейге қарсы болған қарулы қарсылықтардың дефенициясын анықтауымыз қажет. Яғни, Сырым Датұлы, Исатай мен Махамбеттің, Қайыпхан мен Арынгазы жүргізген қарулы қақтығыстар Ресейге қарсы "көтеріліс" емес, отарлаушы елге қарсы, қазақ елінің бостандығы мен тәуелсіздігі ушін соғысы болып есептеледі. Ал енді Қасым және оның ұлдары жүргізген Отан қорғау шаралары орыс-қазақ соғыстары статусына ие болуға тиісті.
XVII ғасырдың соңғы ширегі мен XVIII ғасырдың соңғы ширегіне дейін созылған жоңғар басқыншыларына қарсы қазақ халқынын қарулы қарсылығы Қазақстан тарихында бірінші Отан соғысы деп бағалануы қажет. XIX ғасырдың 20-60 жылдарындағы қазақ халқының Ресей басқыншыларына қарсы күресі екінші Отан соғысы статусын алуы қажет. Міне, осы концепция тарих ғылымында парадигма ретінде қалыптасып, орта, жоғарғы мектеп оқулықтарына кіруі қажет.
Әлбетте, тарих ғылымы тынымсыз даму үстінде. Жаңа дерек көздері ашылуда, архив құжаттары ғылыми айналымға өнуде, ғылыми зерттеу жұмыстарының жаңа әдістері кеңінен өрісалуда. Тарихшылардың жаңа ұрпағы да соны пікірлер айтар. Бірақ тарихты әсіресе қазақ тарихын ескіше бағалауға болмайды. Жаңа көзқарастардың оқу бағдарламаларынан тез арада өз орнын алуы - кезек күттірмейтін шара. Тарихи шындық қазіргі көрші елдің арасындағы достық қатынасына сызат түсірмейтіні анық",- деді ғалым өз сөзінде.
- Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында біз Алаш қозғалысын бастаған ұлт зиялыларының тарихи тұлғасын халықаралық деңгейде анықтап көрсетуге тиіспіз. Осыдан 1 жыл бұрын 24 қарашада Орынборда 1917-1920 жылдары Алашорда үкіметінің 1-ші отырысы, 1-ші жөне 2-ші Бүкілқазақтық съезі (құрылтайы) өткен, 1913-1918 жылдары "Қазақ" газетінің редакциясы орналасқан және оның бас редакторы А. Байтурсынов тұрған үйге мемориялдық тақта орнату салтанаты болып өтті. Сонан кейін "Ресей - Қазақстан байланысы: тарих жене қазіргі заман" атты дөңгелек үстел болды.
Онда ғалымдар қазақ ұлт зиялыларының, оның ішінде А. Байтүрсыновтың тәуелсіздік идеясы өз елінің демократиялық құқықтарын қорғау жолындағы қайраткерлігі, азаматтық позициясы туралы әңгімеледі. Ең алдымен олар "Алаш" қозғалысының бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның құрылуында үлкен рөл атқарғанына тоқталды. Алдағы кезде Ресей мен Қазақстан мемлекеттерінің тарихы өсіресе "Алаш" қозғалысына байланыстысы жете зерттеліп, тарихи шындық ашылатыны айтылды, - дейді "У истоков независимости Республики Казахстана" атты баяндама жасаған А. Байтүрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Д. М. Легкий.
- Қазіргі орта деңгейдегі қазақстандықтар үшін тәуелсіздік деген не? Жиырма жыл ішінде Қазақстан мемлекетінің төуелсіздігіне байланысты бірнеше аңыз пайда болды. Оның ішіндегі кең тарағаны – Қазақстанның "өз еркінсіз" тәуелсіздік алуы. Бұл туралы 2003 жылы Би-Би-Си-дің орыс қызметіндегі тілшісі Татьяна Дельцова өз мақаласын "Қазақстан: независимость поневоле", - деп атады. Сол сияқты 2008 жылы Тәуелсіздік күні қарсаңында "Азаттық радиосында" тілші белгілі оппозиционерлер К. Асанов, К. Жұмаділ, С.Әбділдиндердің пікірлерін келтірді.
Бірақ тарихи факгіге жүгінсек, бұны өткен тарихи процестен бөліп алып қарауға болмайды. Естеріңізге сала кетсек 90 жылдың жазында Қазақстанның тәуелсіздік үшін ұмтылысы байқалды. Осы жылдың қазанында Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Бұл айтулы күнге жетуде 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы маңызды рөл атқарды. 80-жылдардың соңындағы бурқасын оқиғалар 50-ші, 70-ші жылдардағы қазақтың шығармашылық және зиялы қауымының ұлттық рухты қалыптастырудағы игі әсерінен болды. Өйткені олар біліммен мықты қаруланған әдебиет пен өнердегі озық ойлы адамдар еді. Сондай-ақ олар Кеңес Одағы Алаш арыстарын халық жауы деп мансұқтаса да өздерінің қанына тартып, солар салып кеткен сара жолды жалғастырушылар еді.
Тағы бір аңыздардың бірі Ресей интернет жүйесіндегі «Қазақстанның Ресей қурамында болуы оған тек жақсылық әкелді» деген пікір. Солай айту арқылы қазақ менталитетіне тән нәрселерді артта қалушылық деп түсіндірді. М.Сытник болса "егер қазақ халқы (орыстар сияқты) көп қурбандыққа ұшыраған болса (мысалы 30-жылдардағы гено¬цид) ол - коммунист жүйенің қаталдығынан яғни өркениеттілікке жетудің табиғи заңдылығы", - деп барынша кемсітті. Бірақ көптеген колониялар өркендеуге жергілікті улттың үштен бірінен не-месе жартысынан айырылып қалу арқылы жеткен жоқ қой. Бұл тарихи шындық.
Қазақстанның тәуелсіздігі - өткеннің тарихи қажеттілігіне душар болмайтын жас урпактың, тарихи реніштерге байланысты кемсітуден арылған қазактың тәуелсіздігі, орыстардың империялық амбициядан босануы, ұлттық шиеленістердің емес, этникалық ынтымақтастық идеясындағы Қазақстанның жаңа тарихын жазатын мүмкіндіктің тууы, - деді Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының про¬ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әбіл өзінің орыс тіліндегі "Проблемы мифологизации истории незави¬симости Казахстана" атты баяндамасында.
Қазақстан аймақтарының тарихы Отан тарихындағы жеке зерттелмеген тақырыптардың бірі. Солтүстік Қазақстан тарихы Ресейдің әскери жылжуына қатысты сұрақтар аясында тарихи еңбектерде жеке мәселе ретінде қарастырылмаған. Осы туралы зерттеген тарих ғылымдарының кандидаты Айбек Шалғымбеков "Ресей империясының Қазақстанның Солтүстік аймағында әскери жылжуы мен бекініуінің тарихы (XVIII ғасырдың екінші жартысы XIX ғасырдың басы)", - деген қысқаша баяндамасында:ғылыми айналысқа жаңа енген мұрағат дереккөздерін ғылыми талдау мен түжырымдау негізінде әскери бекіністерінің салыну тарихын, қазақ даласында әскери шептердің бой көтеруінің себептерін, сипатын, мөнін, Солтүстік Қазақстандағы жылжу мен бекінудің әскери сипатын, патша үкіметінің Шығысқа қарай ілгерілеу мақсатында Қазақстанның Солтүстік аумағын плацдармға айналдыруға бағытталған әскери-стратегиялық іс-шаралардың мазмұнын, Ресейдің Солтүстік Қазақстанда бекінуге бағытталған отарлау саясатының мінездемесін айтты.
Қысқасы конференцияда жоғарыдағы тарихшылардан басқа баяндама жасаған та¬рих ғылымының кандидаты Сергей Самаркин жене тарих магистрлері Махаббат Қозыбаева мен Рауан Байдалылар да еліміздің даму тарихындағы қазіргі кездің маңыздылығын әңгімеледі.
Қорыта айтқанда аталмыш конференция жас ұрпақты тарихты танытып тәрбиелеуге, Отанын сүйетін әр азаматты еліміздің тәуелсіздігі киелі екенін ұғынуға шақырған келесі кеңес болды. Аудан әкімі мен жұртшылығы да өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, күзде қайта келулерін өтінді.
Күлөш КЕРІМБЕКҚЫЗЫ
Қостанай қаласы.