Нағыз дін адамдарды ізгілікке, жақсылыққа шақырады
Қостанай таңы, 2011 жылы, 5 қараша, №131
Академик тағылымы
Бүгінгі алмағайып заманда елімізде тұратын әр түрлі дін өкілдерінің бірлігі жарасып, тыныштықта, ынтымақта өмір сүруі маңызды. Қоғамымызға іріткі салып, қатыгездікке баулитын әртүрлі ағымдағы діни топтар мектеп жасындағы жеткіншектерге, студент жастар арасында жалған уағыздар тарату арқылы олардың санасын улап, психикасына кері әсер етуде. Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде мешіттер бой көтеріп, дінге бет бұрған жастарымыз көбейіп барады. Алайда олардың кейбірі Алланың атын жамылып, түрлі теріс қылықтарға барып жүргендері жасырын емес. Сондықтан әртүрлі ағымдағы діни насихаттың жаппай өріс алуы бүкіл дүниежүзін алаңдатуда. Діни конфессиялардың арасындағы келісімді нығайту жане діни экстремизмнің алдын алу сияқты келелі мәселелерге келгенде мемлекеттің әрекетсіз қалмайтыны даусыз. Сондықтан да дел қазіргі жагдайда діни экстремизмнің алдын алу, қалың бұқараны жан-жақтан ағылған әртүрлі діни ағымдардың жетегінде кетпеуден сақтандыру мақсатында көптеген істер атқарылып жатыр. Осы орайда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми жүмыс және шет елдермен байланыс жөніндегі проректоры Еркін Әбілмен жастар арасындааы дін мәселесі жөнінде сухбаттасқан едік.
- Еркін Аманжолулы, бүгінгі күнде дін мәселесі көп айтылатын болды. Әсіресе жастар арасында дінге ден қойып, бет бұру белең алды. Бірақ осы бетбұрыстың жетегінде дінді дұрыс түсінбей, өзге теріс жолмен кетіп жат-қандары да аз емес. Бұл орайда не айтар едіңіз?
- Діннің қоғамдағы рөлі ерекше. Сондықтан да діннің адамзат үшін, біздің халқымыз үшін қаншалықты пайдалы екендігін қалың көпшілікке, соның ішінде жастарға ұдайы айтып, тусіндіріп отырған абзал Өйткені нағыз дін адамдарды ізгілікке, жақсылыққа шақырады. Сондықтан жастардың дінге бетбұруын жақсы үрдіс деп бағалауға болады. Алайда қазір елімізге шет мемлекеттерден келіп жатқан тосын, жағымсыз діни идеялар мен ағымдар саны аз емес. Өкінішке қарай, олардың барлығының ниеттері тузу деуге болмайды. Ең сорақысы жымысқы ниетті діндердің көздегендері жастар болып отыр. Осы мәселе жіті назарда болуы тиіс деп ойлаймын. Біз жастарымызды теріс әрекеттерге, адамға, қазаққа жат қылықтарға тартатын тылсым күштерден арашалай білуіміз керек. Жастар айналадағыны бойына тез сіңіріп алады. Жастардың дінге деген көзқарастары да алуан түрлі. Олардың бір бөлігінің діни сауаты шала-шарпы. Яғни, әркімнен бір естіп, соны өзінше қабылдайды. Ендігі бір бөлігі бұған мода ретінде қарайды. Соған қармастан жастар арасында дін туралы ілімді жетік меңгерген сауатты азаматтар да бар. Олардың арасында діни құндылықтарды өзге қуұндылықтардың барлығынан жоғары қоятындары да бар. Бұл, әрине, діннің шын мәніндегі құндылықтары болса, одан қорқатын дәнеңе де жоқ. Ол мейлі, Ислам болсын, ол мейлі, Христиан болсын. Алайда жастардың бойына қайсыбір күштердің жалған құндылықтарды сіңіретін кездері де болады. Бұл өте қауіпті. Онымен, әрине, үздіксіз күрес жүргізу қажет. Жастар көзқарастарының әралуандығына қармастан, бір-бірінен қорықпастан, бір-біріне қарсы шықпастан ортақ түсінік қалыптастыра білулері керек. Сондықтан қоғамға ақпараттандыру жұмыстары ауадай қажет. Жалпы, жұртшылықтың дінге бет бұруының қоғам үшін пайдасы зор деп айтуға болады. Өйткені, иман үялаған жерге ырыс, береке даритыны шындық. Мәселен, өзге діндермен салыстырғанда әлемдегі ең соңғы дін өзіміздің Исламның нұр-шуағы шашылғалы жер жүзіндегі зұлымдық атау-лы саябырсыды. Ислам дініндегі бес парыздың бірі бес уақыт намаз оқу арқылы адам баласы тазалыққа тәрбиеленсе, екінші парыз Рамазан айында ораза ұстау арқылы шыдамдылыққа шынығады. Ад үшінші парыз зекет беру арқылы жұмыр бас пенде жомарттыққа үйренеді. Исламның басқа да көптеген кереметтерінің бірі сабырлыққа шақыру, үлкенді сыйлау, ата-ананың ақысын өтеуге асығу мен тағы сол сияқтылары жетіп артылады. Кейінгі ғасырлардың зор жетістіктері нәтижесінде ашылған галактика ғажайыптары мен табиғат құпиялары, терең мұхит тылсымдары мен тіршілік сырлары Құран аяттарында сипатталған болатын. Осылай айта берсек толып жатыр. Қазіргі кезде дін үйренудегі күрделі мәселе діннің бұрмаланып жеткізілуінде болып отыр.
- Соңғы кездері хиджабқа байланысты пікірталас тым күшейіп кетті. Бұл мәселеге қатысты түрлі пікір туындап жатыр. Бірі мұны қостаса, енді бірі мүлде тоскауыл қою керек дегенді айтады. Сіз білім ордасында еңбек етесіз. Бул жағынан қандай әрекет етіп жатырсыздар және хиджабқа қатысты пікіріңіз қандай?
- Шынында да бұл үлкен мәселеге айналып барады. Жастар жағы бұл орайда да дұрыс түсінбей жатқан сияқты. Қазақта қыз бала бетін ешқашан жаппаған. Бірақ хиджаб деңіз, орамал немесе кимешек деңіз, басты мәселе біреу - Алла тағала қасиетті Құранда әйелдердің бөгде еркектерден әурет жерлерін жауып жүруді бұйырды. Осыны жастар хиджаб киюмен түсінетін сияқты. Өз басым аса қолдай қоймасам да, онда тұрған ештеңе жоқ сияқты. Дегенмең дененің ашық жерлерін салтымыздың негізінде ұлттық киімдермен жауып жүруге мүмкіндік бар ғой. Бұл мәселеге қатысты халқымыз осы турғыда жанашырлық танытса мен қуанар едім. Әурет жерін толық жауып жүрген қыздарымызға қарсы шығу, дұрыс емес деп ойлаймын. Өйткені олар өздерін Алла тағаланың әмірін орындаушымыз деп біледі. Сондықтан Діни басқарма тарапынан жуырда арнайы байқау жарияланып, ұлттық киімнің үздікүлгілерін анықтап, мұсылмандық киімнің үлгілерін насихаттау қолға алынғанын білеміз. Бұл дұрыс бастама деп ойлаймын. Бірақ бұл орайда қиындық тудырып тұрғаны да бас киім. Оның сәтті үлгісі жасалса бұл мәселе өзімен өзі шешіледі деп сенемін. Бірақ бүгінгі күнде біздің қоғамда бұл өзекті мәселе емес. Бұдан да өзге күрделі мәселелер жетерлік. Ал біз өзге проблема болмағандай түймедейден туйедей мәселе туындатып жатқан сияқтымыз. Шын мәнісінде тарихта хиджаб болмаған. Құранда да оны міндетті түрде керек деген жоқ. Бірақ қыз баланың ашық-шашық жүруіне болмайды. Осыны есінен шығармаса болғаны. Ал заң жүзінде хиджабты киюге тыйым салуға болмайды. Ол дегеніміз біреудің құқығына қол салу. Басқа киімді киюге тыйым сала алмаймыз ғой. Сол сияқты хиджаб та киім. Оны әркім өз қалауы бойынша киеді. Оны күшпен шешуге де болмайды. Хиджаб кигеннің бәрі дінге қарсы деп түсіну қате пікір. Тұмшаланып жүргендердің іштерінде не жатқанын кім білсін. Бірақ осындай жастармен ағарту жұмыстырын жүргізіп отыру керек. Күштеуге жол берсек керісінше әсер береді. Біздің оқу орнында хиджаб киетін қыздар бар. Біз олармен әңгімелесеміз. Не мақсатта киіп жургендерін сұраймыз. Олардың ішінде бар болғаны сән ретінде немесе ислам дініне қызығып кидім дейтіндер де бар. Ал өз тарапымыздан ешкімгі зорлық қылып, хиджаб киюге қарсы болған емеспіз. Хиджаб кию қылмыс емес қой. Мысалы намаз оқуға қатысты пікірталастар туындады. Намаз оқу - парыз. Бірақ мен намазхананың мемлекеттік орында ашылғанына қарсымын. Осы сияқты мәселеге келгенде көпшілік мемлекетке сілтейді. Дін мәселесін көтергенде жалпы қоғам мен діни бірлестіктер арасындағы ара қатынасты реттеу керек. Дінді басқару мүмкін емес, оны реттеу керек.
- Кейінгі жылдары барлық мектептерде дінтану деген пән оқытылып келеді. Осы пән туралы қоғамда алуан пікір бар. Пән оқытылып жатса да, ортақ мәмілеге келе алмай жатқан сияқтымыз.
- Дінтану пәні мектеп бағдарламасына енгізілгеннен кейін қоғамда түрлі пікір туды. Сала мамандары кеш болса да бұл пәннің мектеп бағдарламасына енгізілгенін қолдаса, енді бірі "оқушының басын дінмен қатырудың қажеті қанша?" дегенді айтып жатыр. Менің жеке көзқарасымды білгіңіз келсе, мен бұл бастаманы толықтай қолдаймын. Дінтану пәнінің оқу бағдарламасына енгізілуі дұрыс деп есептеуіме бірнеше себеп бар. Менің ойымша, кез келген адамда рухани негіз болуы қажет. Жастардың арасында дін, діни идеялардың кең тарағаны дұрыс. Бүл адамға рухани негіз береді. Ол болмаса нашақорлық сияқты жамандыққа жол ашылады. Біз соңғы кезде терроризм дегенде тек қана мұсылмандарды көз алдымызға елестетеміз. Ал оның да түр-турлері бар. Ал шындығында ешбір дін экстремизмге, терроризмге шақырмайды. Жастар арасында насихат жұмыстарын жүргізу керек. Дұрыс тусіндіре білуіміз керек. Міне, дінді дұрыс түсіндіру осы пәннен бастау алса тіптен жақсы болар еді. Сол себептен де ондай пән керек. Бірақ бұл жерде басқа мәселеге ден қоя білгеніміз жөн. Оқулықтар мен оқыту бағдарламасын дұрыстап жасау керек. Ол тек қана бір ислам дініне арналмауы қажет. Себебі бізде әр діннің өкілдері бар. Пәнді ақпараттық түрде және де дінді тек жақсы жағын көрсететіндей етіп жасаса дұрыс болар еді. Діннің негізгі құндылықтарын түсіндіріп беретіндей пәнде бағыттары болса дұрыс. Мектепте діндер тарихы оқытылуы керек, ал дінтану жоғары оқу орындарында міндетті пән ретінде қалыптасуы қажет. Себебі бүгінде дінді бұрмалайтындар көп. Онымен қоса қоғамда қандай секталар бар екенің оның қаупі неде екенін көрсету осы пәнге қатысты жүзеге асса деймін.
- Секталар жайында ақпарат беріп, оның қаупін көрсете кету керек дедіңіз. Қоғамымызда небір пиғылды жандардың қаптап кеткені жасырын емес. Оларға заң жүзінде тосқауыл қажет пе?
- Діни секталардың қулығына құрық бойламайды. Сектанттардың жұмыс істеу тәсілдерін де біліп болмайды. Өзгеше ойлайтын дәстүрлі емес дін өкілдері жергілікті халықтың тілін, мәдениетін, менталитетін меңгеріп алып, халықтың санасын улау үшін жүмыстарын жүргізуде. Әлеуметтік көмектер беру арқылы өздеріне тартып жатыр. Қоғамда ақ пен қараны ажырату үшін көп жұмыс керек. Көшеде қаптап кеткен небір сектанттарға тыйым қойып, олардың жұмыстарын анықтау керек. Оларға заң жүзінде тыйым салған жөн. Қазіргідей діни ахуал күрделеніп тұрған кезеңде, зерттеу орталықтары көптеп ашылса артық етпейді. Мемлекет тарапынан арнайы комитет құрылған. Сол комитеттің құрамында дін мәселелерін зерттейтін институт жумыс істеп жатыр. Үкіметтік емес ұйымдардың арасында да бар. Бірақ олардың саны тым аз. Қазіргі зерттеу орталықтары жалпы дін туралы түсінік беруден әрі аспай жатыр. Әрбір діннің басын бір шалмай, әр дінді, тіпті әрбір ағымды талдайтын зерттеу орындары қажет. Жастар уйымдары да осы салада жұмыстар атқарса артықтық етпейді. Біріге көтерген жүк жеңіл Сондықтан отбасынан бастап мемлекетке дейін біріге жұмыс істеу керек. Елде тайраңдап жүрген түрлі секта ұйымдарының жұмыс істеуіне заң жүзінде тосқауыл керек.
- Мұндайлардан қалай қорғану керек деп ойлайсыз?
- Оның арбауына түсіп қалу қазірде. Жыланша арбағандар адамның әлсіз тұсын аңдып тұратын сияқты. Секталардың арбауына түспес үшін әрбір адамның ішкі рухани түйсігі болуы тиіс. Әрбір адамның белгілі бір деңгейде діни сауаттылығы болуы керек. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ақпараттық-насихаттық жұмыстарын ұдайы жүргізіп отыруы шарт. Және әр адам өз бетінше ізденісте жүрсе де артық етпейді деп ойлаймын.
- Әңгімеңізге рахмет.