Арманына жеткен адам
Қостанай таңы, 2011 жылы, 11 қараша, №134
Сәлім Меңдібай
Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы дәрісхана ашылды
Өткен сәрсенбіде Қостанай мемлекеттік педагогика институтында облыс жоғары оқу орындарын дамытуға ерекше үлес қосқан қайраткертұлға, ғұламағалым, осы институттың бұрынғы ректоры, академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы дәрісхананың ашылу салтанаты болды. Оған облысжоғары оқу орындарының ректорлары, шығармашылық интеллегенция өкілдері, ұстаз-ғалымдар мен студенттер қатысты. Жаңа дәрісхананың лентасын кезінде облыс басшылы-ғында болған ардагер аға Кенжебек Үкіұлы мен Зұқаңның жары Гүлсара Шолпанбайқызы қиды.
Жиналғандар алдында Қостанай мемлекеттік педагогика институ-тының ректоры, профессор Қуат Баймырзаев сөз сөйлеп, Зұлқарнай Алдамжардың өмірі мен қызметінің кейбір кезеңдеріне тоқталды. Қай-раткер тұлғаның Ахмет Байтүрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін, Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін құрудағы, жалпы зиялы орта қалыптастырудағы орасан зор еңбегі, оның ұлтжандылығы мен ғылыми мұрасы туралы жан-жақты әңгіме ербітті.
Дәрісхананың ашылу салтанатында сөз алған облыстың бұрынғы басшысы, облыстық ардагерлер кеңесініңтөрағасы Кенжебек Үкіүлы, осы институттың бұрынғы ректоры, профессор Иван Терновой, академик Алдамжардың ерекше сенім артқан ізбасар інісі, генерал-майор, профессор Михаил Дәуенов, Қостанай педагогика институтының профессоры Аманжол Күзембай, Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Марат Жұрқабаев, Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің ректоры, профессор Сәбит Есмұратов, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қостанай қаласының қүрметті азаматы Бертран Рубенштейн Зүлқарнай Алдамжарұлының қалдырған өшпес ізі туралы тебірене баяңцады.Расында да, Зұқаң жан-жақты білімді, ұйымдастыру қабілеті ерекше, ешкімді де жат санамайтын бауырмал, бүгінгі емес ертеңгінің қамын әріден ойлайтын біртуар түлға болатын. Оның Қостанайда университет ашуда қаншалықты қиыншылықтарға кездескенін, соны жеңу жолында барынша табандылық және ұсынықтылық танытқанын оның тұстастары тым жақсы біледі. Экономикалық, әлеуметтік жағдайдың тым қиын кезінде, каражат жетпей дағдарған түста, инфляция дегенің шарықтап кеткен шақта мүндай тәуекелге бару өзіне-езі нық сенген жанның ғана қолынан келер іс еді.
Зұқаң үнемі: "Біз жастарға барынша жағдай жасауымыз керек. Олар біз керген жоқшылық пен қиыншылықты көрмеуге тиіс", - дейтін. Ол сол үшін, осындай игі мақсатқа жету үшін тер текті және кезінің тірісінде-ақ сол асқаралы арманына жеткен адам. Ол қазыналы Қостанай еңіріндегі бүгінгі беделді жоғары және арнау-лы оқу орындарының бастауында тұрған біртуар азамат. Ал сол алтын ұяда бүгіндер қаншама қыз бен жігіт білім алып жатыр...
Педагогика институтында ашылған дәрісханадағы мәліметтер арқылы және Қостанай әлеуметтік-техникалық университетіндегі академиктің мүражайындағы жәдігерлер арқылы бүгінгі жас ұрпақ оның емірі мен қызметінің өнегелі жақтарымен жан-жақты танысып, үлгі алатын болмақ.
Салтанат соңында Зұқаңның аруағына бағышталып құран оқылып, ас берілді.

СУРЕТТЕ: Зүлқарнай Алдамжар атындағы
дәрісханада.
Суретті түсірген Қ. БЕЙСЕНОВ.
дәрісханада.
Суретті түсірген Қ. БЕЙСЕНОВ.