Академик тағылымы
Қостанай таңы, 2011 жылы, 22 қараша, №138
Жақында белгілі тарихшы, академик Манаш Қозыбаевтың сексен жылдығына арналған еске алу кеші өтті. Онда бір топ зиялы қауым өкілдері бас қосып, ғалым жайлы ой толғады.
Ең әуелі ғалымның өмір жолы әңгімеге арқау болып, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры Аманжол Күзембайұлы ортаға шықты. Қазіргі Меңдіқара ауданы Жаңатұрмыс ауылында балалық шағын өткізіп, сол жердей бастауыш мектепті бітірген алғыр жастың өнегелі өмірін сөз етті. Оны үздік тәмамдаған болашақ тарихшы "Аяқ Малдыбай", "Бас Малдыбай" елді мекендерінде жеті жылдықты аяқтайды.
Аудан орталығындағы педагогикалық училищеге оқуға түседі, осы тұстан ғалымдық жолға бет алған жас талант оқуын үздік бітіріп, Алматы шаһарына аттанады. Еліміздің сол кездегі бас қаласында жүріп Отан тарихына сүбелі үлесін қосты. Тәуелсіздік алған мемлекетіміздің өз тарихын жасауға бел шеше кірісті. Кескен теректей құлаған алып империяның шашпауын кетеріп келген әріптестеріне ғылыми тұрғыда бағыт беріп, халық тарихын езіне қайтаруға мол септігін тигізді. Осы қиын кезеңде мектеп бағдарламасына Қазақстан тарихының енгізілмей жатқанын ескерген Манаш Қабашұлы соңына жас ғалымдарды ертіп, казак-тын, қилы тарихына арналған оқулық кітаптар жаза бастады. Сол арқылы мемлекетімізге идеологиялық ұстанымның принцптерін қалап берді. Қазақтың біртуар тұлғаларының портреттерін жасап қалдырды.
Бұдан соң Манаш Қозыбаевтың туысқаны болып келетін зейнеткер ұстаз Аманкелді Әбілев сез сөйледі. Ғалымның адамгершілік қырына тоқталды.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының аға оқытушысы Рауан Байдалы тарихшы еңбектерінің хронологиялық сипатын баяндады.
Осы жайына азырақ тоқталар болсақ, Манаш Қозыбаев өмірінің соңына дейін 800-ден астам ғылыми еңбек жазып қалдырған екен. Оның 167-сі тұлғаларға арналып, 90-нан аса ғылым кандиттарының жұмысына жетекшілік жасаған. Алыс-жақын шетелдерде 200-ден артық ғылыми баян-дама дайындаған.
Сондай-ақ қазақ тұлғаларының есімін ел ішінде түптеп қалдыру мәселесін өткен ғасырдың орта тұсында көтерген азаматтарымыздың алғашқысы да осы кісі болатын. Ағамыздың арқасында бірнеше оқу ордалары Ы.Алтынсарин есімін ала бастады. А.Иманов пен Ә.Жанкелдиннің мерейтойларына арналған көлемді еңбектері жарық көрді. Ш.Уәлихановтың 150 жылдығына байланысты бес томдық еңбегі басылып шықты. Ол кіснің басшылығымен А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Шоқай т.б сынды еліміздің біртуар перзенттері Қазақ ССР энциклопедиясына енгізілді(1980-86 жылдары Қазақ ССР энциклопедиясының бас редакторы болған тұста). Осы тұста аталған тұлғалар ғалымның табандылығымен ақпарат құралдары арқылы терең насихатталып, ғылыми тағылымды мақалаларында әр заманның саяси портреттері астарлы суреттелді. Ұлт азаттық қозғалыстары мен Ұлы Отан соғысының тарихына түбегейлі зерттеу жүргізілді.
Сонымен қатар, қазақ элитасының шежіресі жеке жанр болып қалыптаспай келе жатқанын кейінгіге аманат етті. Соның салдарынан кернекті қайраткерлеріміздің бейнелері әлі де жасалмай түрғаны айдан анық. Ол үшін Отан тарихын кездейсоқ адамдардан аластап, ұмытылып бара жатқан кемеңгер тұлғаларымызды түғырына қондырғанымыз абзал.
Бұдан соң Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының екінші курс студенттері Бибінүр Қылышбекова мен Оразбек Әбсаттаров ғалым еңбектеріндегі тәуелсіздік даңғылы, мемлекеттік мәселесі төңірегінде ой өрбітті.
Осы орайда, Манаш Қозыбаевты еске алу шаралары жан-жақта атап өтілгенін айта кетуіміз керек. Әсіресе, Манаш Қабашұлының ғалымдық жолы бастау алған Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында ұйымдастырылған дөңгелек үстел қалың жұртшылыққа терең ой салғандай. Онда оқу орнының ректоры Қуат Баймырзаев, Ұлы Отан соғысының ардагері Қажи Маманов, профессорлар Аманжол Күзембайүлы, Еркін Әбіл, тарих магистрі Рауан Байдалы секілді зиялы қауым екілдері ғалым жайлы өз ойларын ортаға салып, түрлі тақырыпта баяндама жасады.