Ғалымның хаты өлмейді
Қостанай таңы, 2012 ж., 27 қараша (№ 132)
Шұға Қоңқабай
Өткен бейсенбі күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану-математика факультетінде жерлесіміз, көрнекті ғалым, физика-математика ғымдарының докторы, ҚР ҰFA академигі Фазылхан Бәйімбетовке арналған дәрісхананың ашылу салтанаты болды.
Фазылхан Бәйімбетұлы 1939 жылы Жанкелдин ауданы, Жота ауылында дүниеге келген. 1957 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының физика-математика факультетінің математика бөліміне оқуға түседі. 1959 жылы Қазақ педагогикалық институтының алғашқы тоғыз студентінің қатарына iлiгiп, жаңадан ашылған Hoвociбip мемлекеттік университетіне оқуды жалғастыруға жібереді Университеттің тұңғыш Лениндік стипендиаты болады. 1963 жылы осы оқу орнын үздік 6ітіpiп, ерекше диплом алады.

Саналы ғұмырын ғылымға арнаған ҚР ҰFA академигі, физика ғылымдарының докторы Ф. Бәйібетов плазмалық физика мектебі мен кафедрасының негізін қалаушы кәсіби маман ретінде танылған тұлға.
- Ғалым атындағы дәрісхананың ашылуы - нағыз ғылымды дәріптеген қайраткердің бүгінгі студенттерге қалдырған мұрасын наси-хаттау, еңбектерін таныта отырып, дәріптеу деп білеміз. Білім бұлағынан сусындап, Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде плазмалық физика мектебін қа-лыптастырып, әрбір шәкipттi өзінің баласындай тәрбиелеген ғалым-ұстазға деген құрметпен жасалған дүние. Осында жиналған-дар мен өз басым дарынды ғалымнан тәлім алып, қызметтес болғанымызды мақтан тұтамыз, - деді Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, география ғылымдарының докторы, профессор Қуат Баймырзаев дәрісхананың ашылу салтанатында.
Шараға ғалымның туған-туыстары, жерлесіміздің көзін көріп, тәлімін алған шәкірттері, жолдастары, жерлестері және ғалымның жары қатысты.
Дәрісхананың тұсауын Фазылхан Бәйімбетулының жұбайы Роза Сүлей-менқызы мен Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Қуат Баймырзаев кесті. Шашу шашылып, институт студенттері ғалымның, жұбайына гүл сыйлады.
Салтанатты шара барысында Фазылхан Бәйімбетовтың өмірбаянынан сыр шертетін бейнефильм көрсетілді.
Фазылхан Бәйімбетұлы 2001 жылдан кейін өзi ұйымдастырған оптика және плазма физикасы кафедрасының мeңгepyшici, профессор қызметтерін атқарады. Газ және плазма физикасы саласы бойынша біздің елімізге ғана емес, шет мемлекеттерге танымал ғалым. 200-ден астам ғылыми еңбектің, екі монографияның авторы. Ғылыми жұмыстары ТМД және алыс-жақын АҚШ, Жапония, Испания, Германия, Францияда жоғары бағаланды, еңбектері шетел-дердің беделді ғылыми журналдарында жарияланды.
Фазылхан Бәйімбетұлымен қызметтес әрі жолдас болган экономика гылым-дарынын докторы, профессор, халықаралық басқару академиясы және халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Сайлау Байзақов жер-лесіміздің ерекше дарынды жан болғанын айтады:
- Ғылымға еңбегі сіңген ғалымымызды құрмет тұтып, eciмiн ұлықтағанымыз жастар қауымына зор үлгі-өнеге болмақ. Фазылхан Бәйімбетұлының ғибратқа толы ғұмыры - баршамызға тәлім-тәрбие. Өз басым ол кiciнi жақсы білемін. Ceбeбi, екеуміз бipгe жұмыс істедік. Фазекең 1987 жылдан бастап оптика және плазма физикасы кафедрасын басқарды. Оның көмегімен кафедрада плазма физикасын зерттеу және плазманың импульстық ағынының материалдармен әcepлecyiнен ғылыми жұмыстар басталған болатын. Жалпы, ол кici физика-математика ғылымына cүбeлi үлес қосқан ғалымдардың бipi. Мұндай дәрісхана ашып, еңбегін насихаттау - атақты ғалымға деген шексіз құрметтің белгісі деді, -мәртебелі мейман. Сондай-ақ, қайраткерді еске алған замандасы, жастайынан бipгe оқып, кейін отбасымен аралас болған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Үкин ғалым жайында жылы лебізiн білдірді. Ф. Бәйімбетұлының жерлесі, Алтынсарин ауданының әкiмi Б. Ахметов игі іске мұрындық болған азаматтарға ризашылығын айтып, оқу орнының басшылығына сый-сияпат көрсетті. Ал, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ ректорының кеңешісі А. Айтмұханбетов ғалымның елжанды, ұлтжанды азамат болғандығын айтты:
- Фазекеңмен 1969-1972 жылдар аралығында Қостанай мемлекеттік пе-дагогикалық институтында қызметтес болдық. Ол кезде алыс ауылдардан келіп оқитын қазақтың ұл-қыздарына назарымыз ерекше ауып тұратын. Бірде институт басшылығы ғылыми кеңесте конкурстан тыс ipiктeлiп алынған шет ауылдыі бip топ студентін оқудан шығаруды ұйғарды. Қарасақ, барлығы өзіміздің қаракөздеріміз екен. Сол жолы Фазыл Бәйімбетұлы араша тyciп, сол балаларды алып қалғаны бар.
Ф. Бәйімбетұлының туған iнici С. Бірманов та ағасы туралы естеліктерімен бөлісті. "Балалық шағымыз қиын уақытта өтті. Бірак анамыз Мәкіш пен үлкен ағамыз ештеңеден таршылық көрсетпеді. Фазылхан бала кезінде математикаға зерек болды. Табиғатынан өте ұқыпты жан eдi. Eceптi шығарып, жүктің арасына жасырып кететін. Құрбы-кұрдастары келіп, көшіріп алуға сұрайды. Ағамызды құрметтеп, еске алып жатқан азаматтардың барлығына шексіз алғысымды білдірем1і", - деді ол.
Ғалымның жұбайы, ұзақ жылдар ұстаздық қызмет еткен Роза Сүлейменқызы:
- "Өнеге күші - өлшеусіз" деген сөз бар қазақта. Осы дәрісхананың ашылуына үлес қосқан азаматтарға алғысым шексіз. Фазекеңмен қырық жеті жыл отастық. 60-жылдары Қостанай қаласында тұрдық. Екі бала көрдік. Бұл жерден ағайын да, жолдас та таптық. Фазекең ағайын-туысқа да, дос-жаранға да жанашыр бола білді, - деп еске алды жары. Роза апай жиналғандарға ғалымның қайтыс болғанда шығарған өлеңін оқып берді.

СУРЕТТЕ: академиктің жары Роза Сүлейменқызы.
Cypeтті түcipгeн Айбек ЖҮЗБАЙ.
Cypeтті түcipгeн Айбек ЖҮЗБАЙ.