«Болашақ ұстаздарды қалай қалыптастыру керек?»
Учительская плюс, 11 января 2013 г., (№ 43)
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында білім беру мен ғылымға осы құжаттың төртінші мақсатында толық тоқталып, алда атқарылар жұмыстарды жүйелеп берді. Қазақстанның және бүгінгі қоғамның алдағы бағытын саралап берген бұл стратегиялық құжатты өткен жылдың басты оқиғаларының бірі болды деп ойлаймын. Елбасы айтты, ал оны жастарға жеткізу, елді үлкен мақсаттан туған істерге бағыттауға үлес қосу ортақ шаруа болмақ.
Қуат БАЙМЫРЗАЕВ, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, география ғылымдарының докторы, профессор
Білім үшін озық жұртпен араласамыз
«Қазақстан-2030» стратегиясының ерте орындалуынан дамудың кілті алға қойған мақсаттардың нақтылығы мен халықтығында екеніне көзіміз жетті. Ол Тәуелсіздікке енді қолы жеткен Қазақстан халқын алға ұмтылдырған сара жол болса, мына жаңа стратегияны, Президентіміздің өзі атап өткендей, Тәуелсіздік алғаннан кейін өмірге келген, өз өмірінде тәуелділіктің ауыртпалығын сезбеген жастар мен солардың ұрпағына арналған кең тынысты бағдарлама деуге болады. Бұл Стратегияда Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің болашақтағы саяси, экономикалық, мәдени дамуымен қатар жастар мен ел патриоттары тәрбиесіне ісіне ерекше көңіл бөледі.
Біздің Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында студенттерге білім беру сапасын барынша арттыру ісіне шетелдік оқу орындарымен жүргізіп отырған ықпалдастық жұмыстары өз көмегін тигізуде. Министрліктің Халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі ережесіне сай дүниежүзінің жиырмаға жуық жоғары оқу орындарымен іскерлік байланыс орнатып отырмыз. Ресей мен Францияның, Канада, АҚШ пен Түркияның жоғарғы оқу орындарымен байланыс нығайып келеді. Олардың бірінен біз болашақ ұстаз дайындаудың жаңа технологиясын алсақ, енді бірінен өз шәкірттеріміздің жұмысын дұрыс бағалаудың тәсілдерін үйренеміз. Бүгінде филология факультетінің үшінші курс студенті Д.Бортулева оқуын Париж университетінде, ал А.Кенжебаева мен А.Сухова Дижон университетінде жал-
ғастыруда. Олар француз тілін тілдік ортаның өзінен үйренеді. Алты жылдан бері институтта Француз мәдени орталығы жұмыс істейді. Осы орталық арқылы білім ордасына француздың тіл мамандары, суретші, композиторлары секілді өнер адамдары жиі келеді. Бұл студенттердің ой-өрісін, білім көкжиегін кеңейте түседі. Француз тіліне маманданып жүрген студенттерге тілдік ортада болуы үшін олардың жазғы каникулын Францияда өткізуге мүмкіндік жасалады. Француздармен біздің ғылыми байланысымызды нығайтуға Францияның Қазақстандағы елшісі Жан Шарль Бертонэ мырза өзіндік үлес қосып келеді. 2012 жылдың 30 наурызында Франция елшісі біздің институтымызда болып, студенттермен, ұстаздар ұжымымен кездесу өткізді. Ағылшын тілі кафедрасының оқытушылары мен ғалымдары да тілдік ортамен тығыз байланыста жұмыс істеуге мән береді. Төрт жылдан бері АҚШ-тағы Бейбітшілік корпусының волонтерлерімен бірге жүргізген жұмыстардың нәтижесі айтарлықтай.
2012 жылдың 1 қыркүйегінен желтоқсанның 20 аралығында 7 үздік студентіміз Францияның ВИА Домисия университетінде білім алып, француз және ағылшын тілдеріне сессияны «өте жақсы» тапсырып, оралды, 2013 жылдың 1 қаңтарынан 10 студентіміз Еуропаның білім және ғылым деңгейі жоғары оқу орындарында, 3 студентіміз Батыс Вирджиния университетінде (West Virginia University, АҚШ) ағылшын тілінде білім нәрімен сусындамақшы.
Студенттердің оқу бағдарламасымен шектелмей, ғылыми-зерттеу жұмыстарына бейімделуі болашақ маманды дамытып ғана қоймай, оның кәсіби білігін көтеруде жақсы тәжірибе болып табылады. Осы бағытта биология ғылымдарының докторы Татьяна Брагинаның бастамасымен Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының базасында Қазақстанның солтүстік өңірінің биологиялық саналуандығын зерттеу, Ресей Ғылым Академиясы Урал бөлімшесі, сондай-ақ осы Академияның Урал ботаникалық бағымен бірлесе отырып, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты ғалымдары мен студенттері жинаған гербарийін әлемдік тізімге енгізу жөнінде жұмыстар ойдағыдай жүргізілуде.
Біздің бүгінгі студенттеріміз – ертеңгі білікті мұғалімдер. Қазір мектептердің барлығы да компьютерлендірілген. Білім ошақтарының материалдық-техникалық базасы нығайған. Бірақ кемеңгер ағартушы Ыбырай Алтынсарин айтқандай, «мектептің жүрегі – мұғалім». Мұғалім біліктілігін, оның балаға берер білімі мен жылуын ешқандай да компьютер алмастыра алмайды. Оның үстіне қазір ауылшаруашылығындағы өзгерістерге, ішкі көші-қон қозғалысына байланысты ауылдағы мектептерде бала саны азайып кетті. Қостанай облысында шағын жинақты мектептердің саны 451, яғни барлық жалпы білім беретін мекемелердің 77,5 пайызын құрап отыр. Мұның өзі мұғалімдерге өз мамандығының сыртында тағы бір мамандықты меңгеруге, үш тұғырлы тіл межесінен шыға білуге мәжбүр етеді. Жалпы ауыл мектептері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, олардың қызметтен қол үзбей жүріп білім алуды сырттай оқу бөлімінде жалғастыруын қамтамасыз ету үшін біздің институтта «Е-learning» электрондық оқытуды тиімді ұйымдастыру мақсатында on-line режімінде әртүрлі пәндер бойынша бейнеконференциялар, әдістемелік семинарлар өткізіледі. 2012 жылдың 1 қыркүйегінен сырттай оқыту бөлімінде қашықтықтан оқыту технологиялары енгізіліп, «Қашықтықтан оқыту орталығы» құрылды, электронды журнал, институттың ақпараттық порталы белсенді жұмыс істейді.
Кез келген мемлекеттің басты байлығы – адам капиталы. Елдің экономикалық дамуын қамтамасыз ететін адам, ал әлеуметтік жағдайдың да барлығы адам үшін жасалады. Жастар тиянақты білім алғанда ғана Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік даму ырғағының іргетасы берік болады және өзімізді ұлт ретінде бекіте түсеміз.
Біздің Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында студенттерге білім беру сапасын барынша арттыру ісіне шетелдік оқу орындарымен жүргізіп отырған ықпалдастық жұмыстары өз көмегін тигізуде. Министрліктің Халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі ережесіне сай дүниежүзінің жиырмаға жуық жоғары оқу орындарымен іскерлік байланыс орнатып отырмыз. Ресей мен Францияның, Канада, АҚШ пен Түркияның жоғарғы оқу орындарымен байланыс нығайып келеді. Олардың бірінен біз болашақ ұстаз дайындаудың жаңа технологиясын алсақ, енді бірінен өз шәкірттеріміздің жұмысын дұрыс бағалаудың тәсілдерін үйренеміз. Бүгінде филология факультетінің үшінші курс студенті Д.Бортулева оқуын Париж университетінде, ал А.Кенжебаева мен А.Сухова Дижон университетінде жал-
ғастыруда. Олар француз тілін тілдік ортаның өзінен үйренеді. Алты жылдан бері институтта Француз мәдени орталығы жұмыс істейді. Осы орталық арқылы білім ордасына француздың тіл мамандары, суретші, композиторлары секілді өнер адамдары жиі келеді. Бұл студенттердің ой-өрісін, білім көкжиегін кеңейте түседі. Француз тіліне маманданып жүрген студенттерге тілдік ортада болуы үшін олардың жазғы каникулын Францияда өткізуге мүмкіндік жасалады. Француздармен біздің ғылыми байланысымызды нығайтуға Францияның Қазақстандағы елшісі Жан Шарль Бертонэ мырза өзіндік үлес қосып келеді. 2012 жылдың 30 наурызында Франция елшісі біздің институтымызда болып, студенттермен, ұстаздар ұжымымен кездесу өткізді. Ағылшын тілі кафедрасының оқытушылары мен ғалымдары да тілдік ортамен тығыз байланыста жұмыс істеуге мән береді. Төрт жылдан бері АҚШ-тағы Бейбітшілік корпусының волонтерлерімен бірге жүргізген жұмыстардың нәтижесі айтарлықтай.
2012 жылдың 1 қыркүйегінен желтоқсанның 20 аралығында 7 үздік студентіміз Францияның ВИА Домисия университетінде білім алып, француз және ағылшын тілдеріне сессияны «өте жақсы» тапсырып, оралды, 2013 жылдың 1 қаңтарынан 10 студентіміз Еуропаның білім және ғылым деңгейі жоғары оқу орындарында, 3 студентіміз Батыс Вирджиния университетінде (West Virginia University, АҚШ) ағылшын тілінде білім нәрімен сусындамақшы.
Үш тұғырлы тілдің мұраты
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында жас ұрпақтың алдына қойып отырған уақыт талабының ерекше екендігін ескертті. Әлемдегі алдыңғы қатарлы лекке ілесу үшін жалпы білім алып ғана қою аздық етеді. Сондықтан да Нұрсұлтан Әбішұлы: «қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» деп атап көрсетті. Қазіргі заман талабының бірі – жас ұрпақтың барынша көп тіл білуі. Тілдерді меңгерген сайын өмірдің қай саласында болса да жас буынның өрісі кеңейеді. Президент сол үшін де үш тұғырлы тілді міндеттеп отыр. Бұл күнде бала бақшада тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндер тақпақты қазақ, орыс және ағылшын тілінде мүдірмей жатқа айтады. Қай тілде білім беретін мектеп болса да үш тіл қатар жүргізіледі. Өзге ұлт өкілдерінің балалары мемлекеттік тілді меңгеруге тырысады, оның сыртында барлық оқушылардың ағылшын тілін меңгеруге деген ықыласы да күшті. Бұл көрініс бізді қуантады. Өйткені облыстағы мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерде қызмет істеп жүрген мұғалімдердің басым көпшілігі Қостанай педагогика институтының түлектері. Үш тұғырлы тіл жүзеге асуы үшін біз жұмыс бағдарламасын болашақ мамандардың тілдерді жақсы меңгеруіне қарай бейімдедік. Тілді тек болашақ тіл мамандары ғана емес, институттағы өзге факультет студенттері, яғни тарихшылар, биологтар, химиктер, физиктер мен математиктер де меңгеруі шарт. ХХІ ғасыр ақпараттардың жылдам тарайтын дәуірі. Дамудың, тіпті жеке адам жұмысының нәтижелі болуы да оның озық тәжірибемен қаншалықты таныс, технологияларды игеруінде болмақ. Ал қазақ, орыс тілдерін былай қойғанда, ағылшын тілінен «бір қағары» бар мұғалім уақыт жаңалықтарынан хабардар болып отырады. Сондықтан озық нәрсенің барлығы да одан алыс кетпейді. Осы мақсат тұрғысынан ойлап, біз институтта көп тілділік орталығын аштық. Оған ынталы студенттердің барлығы да келіп, қалаған тілін үйренуіне мүмкіндік жасалған.Студенттердің оқу бағдарламасымен шектелмей, ғылыми-зерттеу жұмыстарына бейімделуі болашақ маманды дамытып ғана қоймай, оның кәсіби білігін көтеруде жақсы тәжірибе болып табылады. Осы бағытта биология ғылымдарының докторы Татьяна Брагинаның бастамасымен Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының базасында Қазақстанның солтүстік өңірінің биологиялық саналуандығын зерттеу, Ресей Ғылым Академиясы Урал бөлімшесі, сондай-ақ осы Академияның Урал ботаникалық бағымен бірлесе отырып, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты ғалымдары мен студенттері жинаған гербарийін әлемдік тізімге енгізу жөнінде жұмыстар ойдағыдай жүргізілуде.