Көптілділік – заман талабы
Қостанай таңы, 2013 жылы, 26 ақпан (№ 22) | МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан-2050" стратегиясында еліміздің әлемдік интеграцияға кірігуі үшін көптілділікті дамыту міндеті қойылды. Мемлекетгік саясаттың осы бағытын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы Қостанай мемлекеттік педагогика институты шеттілдер факультетінің деканы Е. Л. Дорошок әңгімелейді.
- Екатерина Леонидовна, қазақстандықтар үшін үш туғырлы тіл мәселесі - мемлекеттік тіл бағдарламасының өзегі болып отыр. Қазақстандағы көп тілділік болашағы туралы не айтар едіңіз?
- Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Өзгерістерді өз бастарыңыздан бастаңыз" деген сөзіне орай мен әңгімені езім еңбек ететін ҚМПИ-дің шет тілдер факультетінен бастайын. Біріншіден, оның биылғы қаңтар айында институт құрылы-мыңца өз орнын табуы - бүтіндей институт бой-ынша тіл білімін тереңдету жөніндегі мемле-кеттіксаясаттыңжарқын бір көрінісі. Бұрынғы филология факультеті шет тілдер факультеті, қазақ және орыс филология факультеті болып екіге бөлінді. Факультет құрылымында екі кафедра бар - практикалық лингвистика және шет тілдер кафедрасы. Практикалық лингвистика кафедрасының міңдеті ауқымды, ол бүкіл институт бойынша студенттердің және оқытушылардың мемлекеттік және шет тілге деген қажеттілігін қанағаттандыруға қызмет етеді. Ал шет тілдер кафедрасы болса, шет тілдерді оқып, үйрену сапасын жоғарлатуды, факультет бітірушілерінің шетелдік білім кеңістігіне кірігіп кетуін діттейді.
Факультет көптілді. Мұндағы пәндер бес тілде - мемлекеттік, орыс, ағылшын, француз, неміс тілдерінде оқытылады.
- Яғни, факультет түлектері әлемнің кез келген жерінде өздерін еркін сезінеді дейсіз ғой...
- Тек біздің факультетті бітірушілер ғана емес, тілді оқып, үйренген басқа мамандық иелеріне де кең жол ашылады. Франция, Германия, Швеция, АҚШ және басқа елдердегі магистратуралар біздің ел өкілдерін тыңдаушы қылып алуға бейіл. Шет тілдерін жоғары деңгейде білетін жастардың езін-өзі одан әрі дамытудағы мүмкіндіктері мол.
Институт ректоры, география ғылымының докторы, профессор Қ.М.Баймырзаев бұл мәселені институт шеңберінде оңтайлы шешіп отыр: көптілділік орталығы ашылды, оқу үрдісінде осы заманғы мультимедиялық жабдықтар пайдаланылады. Көптілділік орталығы, француз орталығы біздің факультет құрамына кіреді, міне, осының бәрі көптілді қарым-қатынас машығын жетілдіре түсуге ықпал етеді.
- Сіз тіл білімін жетілдіруді өзінен бастау жөнінде айттыңыз. Бұл институт оқытушылар құрамына да қатысты болса керек?
- Иә, оқытушылар мұндай мүмкіндіктің туғанына риза. Көптілділік орталығы 27 оқытушыны ағылшын тілін оқыту курсына қабылдады. Мемлекеттік тілді оқып-үйрену тобы да өз жүмысын жалғастырып келеді. Ал француз орталығы өз курстарында француз тілін үйретеді. РҺР доктарантурасына, Қазақстан мен шет елдер магистратураларына түсуге тілек білдіргендер үшін курстар екінші жыл жұмыс істейді.
- Студенттердің мұндай маңызды іске құлшыныстары қалай?
- Олар оқытушылар көмегіне сүйене отырып, терең ізденіс танытуда. Бүгіндер институтта әртүрлі мамандықтар бойынша шет тілдерге аударылған элективті (таңдауы бойынша) пәндер енгізілген. Оның мақсаты болашақ мұғалімнің өз пәнін шет тілдік лексикамен оқытуына жағдай жасау. Факультетте үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім алатын арнайы топтар құрылған. Шет елдердің оқу орындарында бір семестр оқып келуге тілек білдірген студенттер үшін қосымша сабақ ұйымдастырылады. Лекция оқуға шет елдік мамандар тартылады.
- ҚМПИ студенттерінің қазір қандай алыс шет елге бару мүмкіндігі бар?
- Биылғы оқу жылының басында өздерінің тілді жақсы білуі нәтижесінде 7 студент бір семестр бойы Францияда оқыды. Осы Виа Домисия университетімен алдағы оқу жылына да шәрт жасалды. ҚР Білім және ғылым министрлігі Францияда оқуға 7 және АҚШ-та оқуға 2 грант бөліп отыр. Студенттердің қайсысы мұндай құрметке ие болады, оны білім сынағы көрсетеді.
- Білім қуған жастардың әлемдік деңгейге шықсам деген ынта-жігері қандай деңгейде деп ойлайсыз?
- Шет тілдер факультетіне түсетін әрбір жас халықаралық деңгейдегі маман болсам деп армандайды. Студенттік орта жастардың халықаралық бағдарламаға бейімделуі үшін жақсы жағдай туғызады. Бүгіндер Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен мемлекеттік деңгейде халықаралық виртуальды жоба G-Global жұмыс істей бастады, оны пайдаланушылар әлемдік дамудың жаһандық мәселелерін талқылау үшін біріккен. ҚМПИ-дің студенттері, оның ішінде шет тілдер факультетінің студенттері осы коммуникативті алаңша жұмысына белсене кірісті.
Тілді жақсы білу арқылы факультет студенттері халықаралық конкурстарға, бағдарламаларға тұрақты қатыса бастады, шет елдерде оқуын жалғастырып жүр. Біздің студенттер Астана қаласында француз тілінен емтихан тапсырып, Францияда оқуға грант алды. Қазір факультеттің үш түлегі Франция қалаларында оқып жатыр. Неміс және ағылшын тілі бөлімдері жоғары курс студенттері 2012 жылы «Жазғы ЖОО семестрі» халықаралық бағдарлама бойынша тестілеуге қатысып, олардың төртеуі халықаралық ДААД стипендиясын ұтып алды және жазғы семестрде Германияның қалаларында оқыды.
ҚМПИ-да француз мәдени орталығы жұмыс істейді, ол Франция елшілігімен тығыз байланыс орнатқан, мұның өзі француз мамандарымен деңгелек үстел, семинар, конкурс, тестілеу сияқты шараларды бірлесіп өткізуге мүмкіндік береді.
- Оқытушылардың еңбегі өздерінің шәкірттерінің табысына байланысты ба-ғаланады емес пе? Бұл ретте не айтар едіңіз?
- Институтта студенттердің коммуникативтік қабілеттерін дамытуға үлкен үлес қосып жүрген ұстаздар аз емес. Олардың ішінде шет тілдер кафедрасының меңгерушісі М.И.Кудрицкая, практикалық лингвистика кафедрасының меңгерушісі Қ.Т. Нүрмүхаметова, ҚМПИ мен Франция елшілігі арасындағы делдал А.С. Оспанова, көп тілділік орталығының басшысы Г.К. Жаңбыршинова сияқты өз істерінің айтулы шеберлері бар. Факультет профессор-оқытушылар құрамының көпшілігі бірнеше шет тілдерін білетін полиглот жандар. Үш тілділік бағдарламасы бойынша сабақты оқытушылар құрамының тең жартсы жүргізе береді. Олар өз білімдерін үнемі жетілдіріп отырады, соның ішінде шет елдерде оқитындары да бар. Мысалы Б.М. Дощанова Германияда екі апталық стажировкадан өтті, М.Г. Жакебаева Францияда тәжірибеден өтті. Жас оқытушылар ізденісі де жемісті. Е.А. Кудрицкая Ашық қоғам институты (SOPOS) грантын жеңіп алды, осы айдың аяғында Францияда өтетін магистрлар бағдарламасы стипендиаттарының конференциясына қатысады.
Сөз соңында айтарым, студенттер мен оқытушылардың тіл білімін тереңдете түсу үшін халықаралық бәйланыс жүйесін кеңейту, материалдық базаны нығайту, гранттар санын көбейту керек деп ойлаймын. Ал үлкен өмір жолын енді бастағалы тұрған жастар заман талабы - көптілділік екенін ұмытпаса екен деймін.