«Бәсекеге қабілетті маман - ел тірегі»
Айқын апта, 2014 жыл, 17 сәуір (№ 66), Б. 21.
Мұхтар Әділбекұлы жас та болса өзінің іскерлік қабілеті және жан-жакты білімі, адамгершілік, азаматтық, кісілік қырларымен еліміздегі әріптестері арасында беделді. Ол соңғы екі жылдан астам уақыттан бері өңірдегі ең байырғы оқу орындарының бірі - Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқу және әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры ретіндеде білім ордасының өркендеп, бүгінгі уақыт талабына сай кадрларды даярлауға айтарлықтай үлесін қосып келеді. Жуырда сөзге шешен, ана тілінде ағып тұрған белгілі ғалыммен арнайы жолығып, көптен көкейде қордаланып қалған сұрақтарымызды қойған едік.
- Мұхтар Әділбекұлы, бұған дейін Алматыдағы, әл-Фараби атындағы ұлттык университет ректорынын қеңесшісі болып қызмет атқарыпсыз. Қостанай шаһары ұнады ма? Жергілікті зиялы азаматтармен де тонның ішкі бауындай араласып кеткен боларсыз?
- Қазақтын жері бәрімізге қастерлі де қадірлі. 2012 жылы қаңтар айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрыгымен қазіргі қызметіме тағайындалдым. Екі жыл көп те, аз да емес. Шындығын айтсам, Қостанай қазір туған жерімдей болып кетті. Мұндағы ағайындар да мені жатсынған жоқ. Құшақ жая қарсы алды. Бәрімен көптен бері білетін адамдардай етене араласып жүрмін. Бұл киелі де ауасы кәусар жердің біздің отбасымызда ғұмыр бойы есте қаларлықтай жайы да бар. Себебі кенже қызым Қарлығаш осы жерде үстіміздегі жылы дүниеге келді.
- Әркімге кіндік қаны тамған жері ыстық екені даусыз. Өзіңізді қазақ халқына атақты Сүгір, Төлеген Момбеков және басқа да біртуар қаламгерлерді берген өңірде дүниеге келді деп естиміз. Сол рас па?
- Иә, ол дәл солай. Мен осыдан 34 жыл бұрын ұлтымыздың ұйытқысы болып отырған Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында тудым. Сондағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектепті алтын медальмен бітірдім. Содан кейін мемле-кеттік грантпен Алматыдағы Қазақ гуманитарлық Зан академиясына түстім.
Мұнда да үздік оқыдым. Қызыл дипломмен аяқтадым. Осында көптеген заң саласында жүрген мүйізі қарағайдай ғылым докторлары мен профессорлардан дәріс алдым. Одан кейін де бірқатар жоғары оқу орындарында қызмет атқардым. Заң ғылымының кандидаты дәрежесін алып, қауымдастырылған профессор атағына ие болдым. Үстіміздегі жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасынын Білім және ғылым министрлігінің арнайы бұйрығымен «философия докторы» ғылыми дәрежесіне бекітілдім. Әрине, мұның бәріне де өзімнің адал еңбек, маңдай теріммен жеттім. Қазір де Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында болашақ еліміздің тірегі жастарға заң саласынан дәріс беремін. Ең бастысы, студенттердің білімге деген ынтасы жоғары. Сол өзімді қуантады.
- Мұха, сіз «Кең болсан, кем болмайсың» деген кағиданы берік ұстанатын секілдісіз. Өйткені қашанда алдыңызда жұмыс толып жатса да қабылдау бол-месінде кезек күтіп, сарсылып отырған адамдарды көрмейміз? Бұл қарапайым мінезіңіз жұрттың бәріне де ұнайды.
- Адам баласына құрметпен қарау - бәріміздің де міндетіміз. Сондықтан кімге болсын кішіпейілдік таныту - менің өмірдегі басты қағидаларымның бірі. «Ұлық болсаң, кішік бол» деген қағиданы берік ұстанамын.
Оқу процесі - білім ордасындағы негізгі ондіріс. Сондықтан маған қызметке байланысты түрлі мәселелермен кісілер күні бойы ағылып келіп жатады. Оларды толғандырған өзекті жайларды заң шеңберінде шешуге тырысамын. Мен де кеше ауылда өстім. Әкем жастайымнан құлағыма: «Құлыным, ешкім де халықтан үлкен емес. Сол жұртшылықтың арқасында ғана адамсың. Айналаңдағылардың ықыласы ғана сенін мәртебеңді өсіреді» деп отыратын.
- Ұзынқұлақтан естуімше, әкеңіз Шымкенттегі әл-Фараби атындағы педагогикалық және мәдениет институтынан кейін өзінің еңбек жолын киелі Торғай, яғни Амангелді ауданында бастаған көрінеді?
- Әкем Әділбек өте ақжарқын мінезді кісі болатын. Ол кісі - шырайлы Шымкент қаласындағы әлгі өзіңіз айтқан институттың үздік түлегі. Содан кейін жолдамамен бұрынғы Торғай облысы Амангелді ауданында мәдениет саласында жұмыс істеді. Осындағы өнер саласында жүрген замандастарымен туған бауырларындай араласты. Өле-өлгенше сол кісілердің адамгершілігін, қонақжайлылығын айтумен өітті. Тіпті өзінін сырлас достарының бірі, бұл күндері Ақмола облыстық филармониясында әнші болып қызмет атқаратын Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Ғазиза Жұмекенованың кұрметіне өзінің тұңғыш перзенті, яғни қызына есімін берді. Достар арасындағы сыйластық осындай-ақ болсын. Міне, осы Ғазиза апамыз да артис Ғазиза секілді өз ортасында беделді маман болып қалыптасты. Соған шүкіршілік дейміз. Әке аманатына сай жұмыс істеп, өзі бір отбасының ынтымақ-берекесін келтіріп отыр.
- Әкеңіздің артында қалған мәдени мұрасы жөнінде де білгіміз келеді?
- Қостанайлық Қалибек Деріпсалдинді бұл күндері кім білмейді. Менің ардақты әкем Әділбек те дәл осы дарынды ағамыздай күллі елімізге есімі танымал атақты әнші-композитор болатын. Ел құрметтеп, оны «Созақтын Шәмшісі» деп атайтын. Оның жүзден астам әні бізге жетті. Соның ішінде Қазак радиосының алтын қорына жазылып алынғандары да аз емес. Солардың ішінде бірқатары жұртшылыққа белгілі. Олар «Қазақстан», «Хабар» телеарналары арқылы беріліп тұрады.
- Әдекеңнің халық арасына кең тараған әндеріне қысқаша тоқталсаңыз?
- Айта берсем, оның жүректі қозғайтын әсем әндері жеткілікті. Мәселен, жиі орындалатын «Бала ғашық» әнін алайықшы. Оның сөзін созақтық ақын Ескермес Жақсымбетұлы жазды. Сондай-ақ «Тырналар тізбегі», «Ақ құсым», «Ардағым», «Туған жер» деген туындылары да әрбір қандастарымыздың аса ынта қойып тыңдайтын дүниелерінін қатарында. Бұл әндерді жақында ғана қырық жасқа толған, «Ұлттық шоуды» жүргізетін қазақтын аса талантты әншісі Жұбаныш Жексенұлы, «Музарт» тобының белді әншісі Кенжебек Жанәбілов және Баян Нұрмышева, «Нұр-Мұқасан» тобындағы ағалар, Өміркұл Айниязовтар аса бір шеберлікпен орындайды. Ол кісінін үш кітабы жарық көрді. Бұл еңбектерде оның бүкіл өмірбаяны, шығармашылық жолдары, жалпы, руханиятқа қосқан толағай табыстары жөнінде айтылады. Бұл кезде мен небәрі отыз жаста едім. Жоғары оқу орнын аяқтап, жұрт қатарлы қызмет атқарып жаттым. Енді алдыма әкемнің атына кір келтірмей, оның аманатын орындауды басты мақсат етіп қойдым. Ғылымнын қырсырын меңгеруге талпындым.
Ата-анаға тірі кезінде құрмет көрсету - кімнің болсын перзенттік парызы. Әкем көре алмаған рахатты шешем көрсе екен деп армандаймын. Барлық бауырларымыздың ықыласы казір - анамызда.
- Әңгіменің орайы келгенде, анаңыз туралы да айта кетсеңіз? Суретіне қарап отырсам, өте мейірімді, журегі жұмсақ, қайырымды адам сияқты?
- Оныңыз рас. Ол кісінің есімі - Әдемі. Атының өзі көп жайдан хабар беріп туұғандай. Мамандығы - ұстаз. Шәкірттерін өзі дүниеге әкеліп, аялап өсірген ұл мен қыздарынан артық көрмесе, кем көрмейді. Ғұмыр бойы оқушыларына қазақ тілі мен әдебиеті пэнінен дәріс беріп келеді. Қырық жыл бойы білім саласында. Қазір Алматыда жұмыс істейді.
- Сіздер бір үйде қанша бала өстініздер? Олардын арасында әкелеріңіздің жолын құғандары бар ма?
- Біз Нысанбаевтар әулетінде төрт бала тәлім-тәрбие алдық. Олар үйдің тұңғышы - әпкем Ғазиза, қарындасым Гүлжан, інім Әділет және мен. Бауырларым дәл әкемдей өнер жолын куып, әнші-композитор атанбағанымен, руханият саласына үлкен құрметпен қарайды. Ғазиза домбыра тартып, ән салады. Қазақ эстрадасында жүрген дәстүрлі әндерді орындайтын талантты жігіттер мен қыздардың бейнебаяндарын тамашалап, теледидарлардан көрсетілетін аса маңызды концерттерді босқа жібермейді. Бәрі де өздерінің таңдаған кәсіптерімен қызмет атқарып, бір-бір шаңырақтын иесі атанып отыр.
- Сіз үш баланың әкесісіз. Сүйген жарыңыз Әйгерім және ұлдарыңызбен де таныстыра кетсеңіз?
- Әйгерім - қазактын инабатты, тәрбиелі қыздарының бірі. Сондықтан да екеуміздің өмірге көзқарасымыз қашанда бір жерден шығады. Құдайға шүкір, шаңырак көтергенімізге қазір жеті жыл болып қалды. Үш перзентіміз бар. Үлкеніміз Нұрбақыт -алты жаста. Әбілмансұр мен Қостанайда туылған Қарлығашымыз әлі кішкентай.
- Енді өзініз қызмет атқарып жатқан институтқа қарай ойыссақ. Осы уақыт-қа дейін қанша ғылыми еңбегіңіз жарық көрді?
- Ғалым болған соң тынымсыз ізденіп, жалпы, қазақ халқына пайдасын тигізер дүниелер жазғанға не жетсін. Тың жаңалық болып жатса, тіпті жақсы. Өзімнін осы уақытқа дейін алты жоғары импакт факторлы мақалаларым алыс шетелдерде жарық көрді. Олар әлемнің, яғни Германия, Испания, Қытай, Голландия секілді алпауыт мемлекеттердің ен беделді журналдарын да басылды. Бірақ қол жеткенге ешқашан да тоқмейілсуге болмайды. Қолым бос сәттін бәрін де ұтымды пайдалануға тырысамын. Институттағы әріптестеріммен ортақ мақсат жолында аянбай қызмет ету - менің басты парызым. Жоғары оқу орнының ректоры, география ғылымдарының докторы, академик Қуат Маратұлы Баймырзаевтың басшылығымен студенттерге бүгінгі уақыт талабына сай сапалы білім, саналы тәрбие беруге ұмтылып келеміз.
- Енді әріптестерініз бен оқу орнының беделін көтеруге ерекше еңбек сіңіріп жатқан ғалымдар жайлы да тілге тиек етсеңіз?
- Жалпы, бұл күндері біздің институтта екі жүзден астам ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары жұмыс істейді. Олардың бәрінін аты-жөндерін бір мақалада айтып шығу да мүмкін емес. Сондықтан институттың проректорлары, белгілі ғалымдар Еркін Әбіл, Тілеген Ахметов, елімізге аса танымал тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлы, айтулы «Сағындым Алматымды» әнінін сөзін жазған көрнекті ақын, ғалым әрі қаламгер Серікбай Оспанов, көп жылдар бойы журналистика саласында жемісті қызмет атқарған, бірнеше кітаптың авторы Қуанышбай Ормановтардың халық үшін атқарып жатқан жұмыстарын қалай айтсақ та жарасады.
- Сіздер өздеріңізде жұмыс істейтін оқытушылардың біліктілігін көтеруге де айрықша назар аударады екенсіздер. Сол жөнінде де білсек?
- Өткен жылы институттағы қырық ұстаз біліктілігін арттыру мақсатында бірқатар қалаларда болды. Оның он екісі алыс шетелде, яғни дамыған мемлекеттерде тәжірибе алмасын қайтты. Биыл қырық бес ұстаз өздерінің білімдерін көтергелі отыр. Оның он бесі Испания, Португалия, Үлыбритания, Жапония, Германия секілді елдерде тәлім алады.
Оған кететін шығынды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі көтереді және арнайы жолдама береді. Бұл үрдіс жыл сайын жалғасады. Өйткені білікті ұстаз ғана сұранысқа ие мамандарды дайындайтындығын уақыт айқын дәлелдеп отыр.
- Елбасының назарындағы «Дипломмен - ауылға» бағдарламасының инс-титутта қалай жүзеге асырылып жатқандығы жөнінде де айтып өтсеңіз?
- Бұл сауалыңызға жауап беруге қашанда дайынбыз. Бұрнағы жылы бізден ауылдық жерлерге 84 маман жіберілсе, былтыр 103-ке жетті. Үстіміздегі жылы 117 түлегіміз елді мекендерге аттануға дайын десек те болады.
Мен күнделікті студенттерге сабақ берумен қанағаттанып қалмаймын. Заң саласындағы ұлағатты сөздерді, көркем әдебиеттерді көп оқимын. Абай Құнанбаевты, Ыбырай Алтынсаринді, Ахмет Байтұрсыновты, Мағжан Жұмабаевты, Мұқағали Мақатаевты, көрнекті мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібековті, өзіммен аттас Мұхтар Шахановты пір тұтамын. Ән саламын. Домбыра тартамын.
Қостанай қаласы