Грантқа әркімнің-ақ бар таласы
Қостанай таңы, 2014 жыл, 25 шілде (№ 79), б. 1-2
23-31 шілде аралығында еліміздегі жоғары оқу орындары республикалық білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін талапкерлерден өтініштерді қабылдайды.
Біз республикалық білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін талапкерлерден өтініштерді қабылдап жатқан жоғары оқу орындарының бірі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына барып, қабылдау комиссиясының төрайымына жолыққан едік. Институтка келгенімізде тамшылай бастаған жауынға қарамастан құжат тапсырғалы тұрған талапкерлерді көрдік, ата-аналары да қасында.
- Құжат тапсырамын деген талапкерлердің қарасы бүгін өте көп екен, күнде осылай ма, әлде бүгін ғана ма? - деп қабылдау комиссиясының төрайымына сұрақ қойдық.
- Талапкерлеріміз осы бірінші күні құжаттарымызды тапсырсақ, бірден білім грантына ілігіп, ие болып кетеміз деп ойлайды, - деді күліп қабылдау комиссия-сының төрайымы Надежда Огиенко.
- Енді биылғы жылы талапкерлерден құжаттарды қабылдау ережесінде ешқандай өзгешелік жоқ. Бұрынғысынша. Жалпы мемлекет тарапынан 2014-2015 оқу жылдарына отыз төрт мыңнан аса білім беру гранты бөлініп отыр. Оның ішінде педа-гогикалық, техникалық мамандықтарға бөлінген білім гранттарыныңсаны көп. Еліміздегі педагогикалық институттарға бөлінген мақсатты білім гранты да бар. Өткен жылы институтымызға үш жүз сегіз білім гранты бөлінді.
Талапкерлеріміз биология, физика, математика секілді пәндерді таңдағандықтан сол мамандық бойынша құжат тапсыру үстінде. Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, туризм, педагогика және психология, дене тәрбиесі, информатика, шет тілдері мамандықтары бойынша білім гранттары кеп. Сонымен бірге екі "Алтын белгі" алған оқушы да құжат тапсырып жатыр. Талапкерлер үшін барлық жағдайды жасап отырмыз, - деді қабылдау комиссиясының төрайымы.
Рас, талапкерлеріміз үшін білім беру грантына ие болу да үлкен сынақ болары анық, "Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар" дегендей бірі грантқа ілігіп, екіншісі ілікпей қалса, ол да бір үміт пен өкініш. Талапкерлеріміз мемлекет тарапынан бөлінентін білім беруге арналған конкурент қатысу үшін кемінде - 50, ал "Жалпы медицина" мамандығы бойынша - 55 балл жинауы, соның ішінде бейіндік пәннен -7 балл (әрбір шығармашылық емтиханнан - 10), ал қалған пәндерден - кемінде 4 балл жинауы қажетті. Осы арада айта кеткеніміз жөн, шектік өту балын немесе бейіндік пәннен (7 балл) болмаса қалған пәндерден (4 балл) ең төменгі баллды жинай алмаған талапкерлер ЖОО-ларға мемлекеттік тапсырыс бойынша да, ақылы негіз бойынша да қабылданбайды. Бұрнағы жылдардай емес, қазір білім грантын тағайындау конкурсына қатысуға етініш беру кезінде таңдау бойынша пәні сәйкес келген жағдайда талапкерлерімізге терт мамандық (шығармашылық мамандықтардан басқасы) пен терт ЖОО-ны керсетуге мүмкіндік беріліп отыр.

Гүлназым Сағитова