«Шет елдіктерден де үйренеріміз мол»
Наш Костанай, 2014 год, 4 сентября (№ 68-69), Б. 7
дейді Сингапурда болып, көп жайды көңілге түйген Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының проректоры, философия докторы Мұхтар Төлеген
Биылғы жадыраңқы жаз айларын да қазақ елінің ғалымдары тиімді пайдаланды. Астанадагы Назарбев университеті мен Қазақстан Республикасы Білім жене ғылым министрліғінің ұйытқы болуы-мен 28 көрнекті ғалым, ягни жоғары оқу орында-рының басшылары әйгілі Сингапур мемлекетінде біліктіліктерін кетеріп, ол жақтан көп жайды кеңілге түйді.
Жаңа оқу жылында болашақ педагогтарды дайындауда еңбек сіңіріп жүрген білікті ғалым Мух-тар Әділбекұлы Төлегенді еңгімеге тартып, көкейде жүрген бірқатар сауалдарымызды қойган едік. Төменде осы сыр-сұхбатты жұртшылық назарына ұсынып отырмыз.
ТАНЫМЫМЫЗДЫ ДА КЕҢЕЙТТІК, ЖЕР ДЕ КӨРДІК
– Мұхтар Әділбекұлы, менің байқауымша үстіміздегі жылғы көгілдір жаз айын өте мазмунды өткізіпсіз. Бұлай деп отырған себебім, кез келген кісінің жолы түсе бермейтін Сингапурда болып, тәжірибе алмасыпсыздар?
– Ол рас. Қашанда еліміздегі барша жоғары оқу орындарына үлгі-өнеге көрсетіп отырған Назарбаев университеті және өзіміздің министрліктің бастамасымен өзіңіз атаған мемлекетке жолымыз түсті. Осы сапарда өзіме бұрыннан таныс ғалымдармен қатар, талай білікті кадрларды әзірлеуде біліктіліктерімен көзге түсіп жүрген Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры Асқар Нәметов те болды.
Жалпы, осы сапар өте сәтті өтті деп айтар едім. Қазақ «Жүз рет естігеннен, бір көрген артық» деседі ғой. Біз бұрын жолымыз түскен мемлекет жайлы талай оқып, теледидарлардан көріп жүрсек те көзбен көріп, көңілге түйгеннің орны бөлек екен.
– Сіздердін мақсаттарыңыз біліктіліктеріңізді көтеру екендігі белгілі. Онда болған кездеріңізде талай атақтары жер жарған, аузы дуалы ғұламалардан дәріс алған шығарсыздар? Осы жайлы да әңгімелеп берсеңіз?
– Жалпы, сол елде болғанда біз Сингапур ұлттық университеті мен Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінде көрнекті ғалымдармен жүздесіп, олардың тәлім-тағылымға толы маңызды лекцияларын тыңдадық. Осы кездесулерде халықаралык, қатынастар Департаментінің директоры, профессор Анне Пакир, деканның орынбасары Сюзанна Кадир, тіркеуші офисінің меңгерушісі Шоу Лay Фенг және сол елдегі Білім министрілігінің өкілдері дәріс оқыды.
Ал бізге Елордамыз Астанадағы Назарбаев университеті тарапынан әлемдік деңгей-дегі профессор, топ-менеджер Дэвид Перри басшылық етті. Осы арада ең негізгі лекцияны Сингапур ұлттық университетінің президенті, медицина саласының көрнекті өкілі Тан Чор Чуан оқығанын аса бір ілтипатпен баяндағым келеді.
ХАЛҚЫ АЗ БОЛҒАНЫМЕН, ӨТЕ ЕҢБЕКҚОР ЕКЕН
– Әрине, ол жақтан талай өзіңізге бурын беймағлұм жайларды көңілге тоқып, ұмытылмас әсермен оралғаныңыз белгілі. Дегенмен де сол қазақ еліне бейтаныс кейбір жайларға байланысты деректер мен дәйектерді келтіре кетсеңіз?
– Бұл Сингапур көлемі жағынан алғанда шағын мемлекет. Бірақ атақ-даңқы ат үркерліктей ел. Ол негізінен қала мемлекет. Осы елде жалпы, 5 миллион халық тұрады. Оның 3 миллионын жергілікті халық құраса, қалғаны туристер, яғни өзге шет елдерден білім алуға және жұмыс істеуге келгендер.
Мұнда негізінен қытайлықтар, үндістер және малайлықтар ғұмыр кешіп жатыр. Ал енді жоғары оқу орындарына келетін болсақ, автономды алты университет бар екен. Оларда да жастар біздегі секілді төрт жыл білім алады.
– Жастар демекші, ондағы бозбалалар мен бойжеткендер тегін оқи ма, әлде өзіміздегі секілді ақылы оқу да бар ма? Сөздің орайы келгенде, осы жайлы да қысқаша тілге тиек етсеңіз орынды болар еді?
– Сұрағыңыз өте орынды. Оқырмандар қауымы мен жастар жағы мұны білгендері жөн. Ондағы университеттерде оқитындардың 65 пайызы мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынған, ал қалған 35 пайызға енген студенттерге тиісті қаражатты үлкен ірі компаниялар, яғни бұрын осы жерде білім алған қалталы азаматтар төлейді әрі ақылы бөлімдер де бар екен.
– Сіздің сөзіңізге қараганда, осынау мемлекетке туристтер де аз келмейтін секілді. Табиғаты қалай, мемлекет халқының негізгі күн көрісі нендей салалардан тұрады?
- Ол мемлекеттін жан-жағы өте көркем де сұлу. Табиғаты кез келген адамның назарын еріксіз аударады. Қала мұхиттың жағасында орналасқан. Оның жанында кәдімгі Үнді мұхиты сылаң қағып тұр. Бірақ ауасы дымқыл. Сондықтан да шығар, барлық жерлерге жаз кезі болғандықтан ба, кондиционерлер орнатылған.
Негізіиен ол жерді жасыл шаһар деп айтуға әбден болады. Мемлекеттің басты айна-лысатын жұмыстары мұнай өңдейді. Кәдімгі суды тазартатын құрылғылар дайындайды. Мұнда ғылыми-инновациялық кластерлерге айрықша назар аударылған.
– Өзіңіздің бір сөзіңізде, бұл мемлекетте жеңіл келіктердің өте аз екендігін айтып қалдыңыз. Осыған да тоқтала кетсеңіз?
– Сингапур жұртшылығы негізінен бақуатты тұрады. Көліктер әрине, көшелерде ағылып жатыр. Бірақ саны біздікінен аз екені рас. Себебі, жеңіл көлікке салынар салық көлемі де жеткілікті көрінеді. Сол себептен де, халық оған онша біздегідей қызыға қой-майтын секілді.
НАЗАРБАЕВТЫ АЛДЫМЕН АУЫЗҒА АЛАДЫ
– Өздеріңіз болған кездері журтшылықпен де жүздесіп, әлемге танымал мемлекетіміз жөнінде де олардың пікірлерін естіген боларсыздар? Осы жайлы да аз-кем тоқтала кетсеңіз?
– Бізді ерекше құантқан жай, өркениетке ұмтылған мемлекетіміз жайлы олардың пікірлері өте жақсы. Әсіресе, Елбасы Нурсултан Назарбаев жөнінде ерекше айтылған сөздерді естігенде кеудемізді мақтаныш кернеді. Сингапурлықтар республикамыздағы барлық өзгерістер мен экономикалық өркендеуді тікелей біздің мемлекет басшысының кемеңгер саясаты және көрегендігімен байланыстырады.
«Сіздер осындай жан-жакты әрі көрнекті кайраткер басқа-ратын мемлекетте тұратын бақытты азаматсыздар» дейді. Әрине, мұндай рухты көтерер жылы лебіздерді есту шынын-да да өте көңіл көтерерліктей жай еді.
– Муха, осы сапарларыңызда өзіміздің қандастарымыздыда кездестіріп, олармен дидарласкан боларсыздар. Қанша дегенмен сыртта жүрген бауырларымыздың туған жеріне деген сағынышы бөлек емес пе?
– Жерлестеріміздің жүздерінен қандастарына деген ерекше ықыластары сезіледі.
Оларға өз елінен артық жер жәннаты жоқ екендігі бесенеден белгілі. Мұны ондағылардың сөздерінен де анық байқадык.
Осы жолы Қазақстаннан барған жоғары оқу орындарының басшыларын Сингапур-дағы қандастарымыз Жансулу Әбдікерім мен Әйгерім Болат әуежайдан жылы жүзбен қарсы алды. Бұлар біздің сапарымызды үйлестірушілер әрі ұлттық университетте қызмет атқаратын білікті мамандар болатын.
Ерекше таң қалғанымыз қазақ қыздары қазіргі уақыт талабына сай ағылшын әрі ана сүтімен бойларына сінген казак тілдеріне өте жетік. Олар шет елде жүрсе де өздерінің мәдениеті мен тарихын ұмытпай, салт-дәстүрлеріне ерекше құрметпен қарайтындығы байқалады.
Өзіміз пайымдағанымыз, біздің қазақ жастары негізінен онда ғылыммен айналысуға, терең білім алуға ғана баратын көрінеді. Ең бастысы, олар онда өте беделді, намысты ешкімге қолдан беріп жатқан жоқ.
– Біздің түсінігімізше, әлемнің қай елінде де мұсылмандардың мешіттері баршылық. Бәлкім өздеріңіз осы сапарда сондағы киелі орында болып, мұсылман қауыммен де кездескен шығарсыздар?
- Иә, дүние жүзінің кез келген қаласына барсаңыз да мешіттерді көріп жаның бір марқайып қалады. Сингапурда да мешіттер жеткілікті. Қазақ елінен білімдерін көтеруге барған әріптестерім мешітке ат басын бұрып, Құран оқытты.
– Сонан соң бір білейін дегенім, әдетте өзге мемлекеттерде жеке үйлер және виллалар көп болады. Бұл мемлекетте халықтардың тұратын баспаналары жөнінде де айта кетсеңіз?
- Жоғарыда баяндағанымдай, мұнда негізінен көп қабатты үйлер орын алыпты. Өзіміз 56 қабатты зәулім үйді де көріп, бұл елде сәулет өнеріне және заманауи құрылысқа айрықша назар аударылатындығына да көзіміз жетті. Халықтың тұрмысы жақсы. Көңіл-күйлері жоғары.
– Ол жақтан алдағы уақытта оқу жүйесіне пайдаланатындай қандай тәжірибе алдыңыздар?
– Әр елдің өздерінің ұстанатын әрі қалыптасқан білім саласында қағидалары болады емес пе. Сингапурда оқу барысын ұйымдастыруда 1990 жылдан бастап жоғары оқу орындарында оқытушылар тек қана сабақ берумен шектеліп қана қоймайды.
Олар Ұлыбританияның лекторлық жүйесін, Америка Құрама Штаттарының окытушылықпен қатар ғылыми-зерттеу жұмысымен шұғылданатын әдістерін де қолға алыпты. Міне, бұл кімге болсын тәлім әрі тағлым алатын жайлар емес пе.
– Естуімше, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында үстіміздегі жылы «Серпін» мемлекеттік бағдарламасымен Оңтүстік өңірден білімге құштар 150 жас арнайы грантпен қабылданады деп те естідік. Осы жайлы да хабардар ете кетсеңіз?
– Бұл сөздің жаны бар. Ол мемлекеттік деңгейде шешіліп жатқан маңызды мәселе. «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» бағдарламасының аясында жаңа оқу жылынан ба-стап еліміздің оңтүстік өңірінде тұратын талапты да дарынды жігіттер мен қыздарды арнайы грант бойынша оқуға қабылдадық.
Ертең бұлардың бәрі де тиянақты білім алып, тәуелсіз еліміздің нағыз тірегі болады деген үміттеміз.
– Мұхтар Әділбекулы, міне, қыркүйек айы да келіп, барша жоғары оқу орындарында сабақ та басталып кетті. Өзіңіз енді, әріптестерңізге және жаңадан институт табалдырығын аттаған студенттерге қандай ізгі тілек айтар едіңіз?
– Биыл біздің жоғары оқу орны үшін ерекше жыл. Өйткені институтка 75 жыл толғалы отыр. Бұл әрине, біз үшін үлкен мереке. Себебі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының осы уақытқа дейінгі 30 мыңнан астам түлектері қашанда білім сапасымен, уйымдастырушылық қабілеттерімен дараланған.
Ұжымда тәжірибесі мол, білім саласында әбден шыңдалған ғылым докторлары мен ғылым кандидатуры жемісті қызмет атқарады. Олардын бәрін де жәңа оку жылымен шын жүректен құттықтаймын. Отбастарында табыс, дендеріне саулық тілеймін.
– Әңгімеміңізге рахмет. Жаңа оқу жылында да табыстан-табысқа жетіп, елімізге білікті жас кадрларды даярлауда биікке көтеріле беріңіздер.
Оразалы Жақсанов