Педагог кадрлар көрігі

Қостанай таңы, 2014 жыл, 28 қазан (№ 126), Б. 1-2.

24.10.14Бүгінде солтүстік өңірдегі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын еліміздегі жоғары білім беру жүйесінде өзіндік орны, мақсат пен міндеті, бет-бейнесі бар, уақыт талабына сай бәсекеге қабілетті, білікті маман даярлайтын оқу орны деп айтуға болады. Міне, осы жоғары оқу орнына 75 жыл толып отыр.

Қарап отырсаңыз, қай заман, қаншама білім реформасы болмасын мекгептің басты тұлғасы - мұғалім. Әлемдік білім кеңістігіне ене отырып мектептерімізге жан-жақты білімді, креативті, бәсекеге қабілетті де білікті кадрларды даярлап отырған институт – уақыт үдесінен шығып отыр.

Уақыт - өзен. Өткенге көз жүгіртсеңіз, пединститут сонау 1939 жылы педучилище негізінде мұғалімдер инсти¬туты болып құрылды. Оның алғашқы директоры Д.Ыбыраев болды. Содан бері қаншама жыл өтті. Қазіргі таңда география ғылымының докторы, профессор Қ. Баймырзаев басқарып отырған пединститут замана көшінен қалмай Болония университеттер ұлы хартиясына қол қойып, білім беру саласында басты бағытын айқындап алды. Институтта жеті факультет, он үш кафедра, екі оқу-тәрбие орталығы, бес ғылыми-зерттеу институты жұмыс істейді. Саналы да сапалы білікті мамандарды даярлауда профессорлық-оқытушылар құрамының үлесі орасан зор. Мәселен, соңғы үш жылда күндізгі оқу бөлімінде оқыған 6809 түлек диплом алса, олардың ішінде мемлекеттік грант бойынша білім алған студенттердің саны - 4158.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының мерейлі 75жылдығына арналған салтанатқа облыс әкімі Н. Садуақасов қатысты. Ең алдымен облыс басшысы институттың жетістігіне арналған білім көрмесін аралап көрді.
Салтанатты кеш аясында аймақ басшысы институтты 75 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, осы жоғары оқу орнының республикамыздағы білім жүйесінде педагогтар кадрларын даярлауда өзіндік қолтаңбасы бар екенін, профессорлық-оқытушылар құрамы мен студент жастардың бірлесе шығармашылықпен жұмыс істеп отырып, осы жетістіктерге жеткендігін атап өтті.
Салтанат барысында институттың осындай дәрежеге жетуіне өз үлестерін қосқан ҚМПИ-дың бір топ қызметкерлері, ардагер оқытушылары ҚР Білім министрлігінің, облыс әкімінің грамоталары мен мерейтой төс белгілерімен марапатталды. Осы мерейтойда облыс әкімі Н. Садуақасовқа "ҚМПИ-дың құрметті профессоры" атағы берілді.
Гулназым САҒИТОВА
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.

Наши координаты

110000, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Мы в социальных сетях

Вы здесь: Главная Библиотека СМИ о нас Педагог кадрлар көрігі