Өмірдің-мәні – сыйластықта
Наш Костанай, 2015 ж., 10 ноября (№ 89), Б. 9.
немесе ерлі-зайыпты, ұлағатты ұстаздар Өтеген және Гүлмаржан Исеновтердің жарасымды ғұмырлары жөнінде
Көп балалы отбасында өсті
Киелі Қостанайда өздері еліміздің өзге өңірлерінде туып өссе де, облыс орталығында ұзақ жылдардан бері ғұмыр кешіп, өз салалары бойынша еліміздің өркендеуіне айтарлықтай үлестерін қосып жатқан бауырларымыз жеткілікті.
Солардың арасында ерлі-зайыпты Өтеген және Гұлмаржан Исеновтер әрқашанда ішкі мәдениеттерімен, ұлтжандылығымен және патриоттық сезімдерінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Екеуі де руханият саласында қызмет атқарады.
Отағасы Өтеген ініміз Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында доцент болса, келініміз Гүлмаржан облыс орталығындағы ұлы ақынымыз Сырбай Мәуленовтың есімі берілген қазақ гимназиясында санаулы әрі біліктілігі жоғары ұстаздардың бірі.
Өзім қаламгер ретінде олардың халық арасындағы беделдеріне әбден қанықпын. Бұл бауырларымыз әріптестері пен шәкірттерінің ең сыйлы да, ардақ тұтар адамдарына айналған. Әрине, бұл құрметке олар өздерінің көп жылғы тынымсыз еңбектері арқасында қол жеткізді.
Олар отбасында да бақытты. Айналасындағы жастардың тарапынан: «Келешекте Өтеген ағамыз мен Гүлмаржан апамыз секілді ұлағатты ұстаздар атансақ арманымыз жоқ» - деген жылы лебізді талай естігенбіз.
«Халық айтса, қалыс айтпайды» - демекші, бір әулеттің басшысы болып отырған белгілі ғалым, білімге талпынған жігіттер мен қыздардың тәлімгері әрі жол көрсетушісі Өтекеңмен арнайы жолығып, сырласуды алдыма біраз уақыттан бері мақсат етіп қойған едім.
Жақында соның орайы келді. Редакцияда газеттің кезекті нөмірін дайындап жатқан кезімде сыртқы есікті біреу тықылдатты. Содан орнымнан көтеріліп, жақындай бер-генімде ішке дидарынан шуак, төгіліп тұрған, елудің бел ортасындағы жігіт ағасы ене берді.
Бұл өзім біраздан бері жүздесіп, өздері жайлы кеңірек отырып сөйлессем деп жүр-ген шаңырақтың тірегі Өтеген Ихсанұлы болатын. Оның сәлемдескенінің өзі өзгелерге ұқсамайды. Адамды өзіне тартатын айрықша бір құдірет бар секілді.
Қысқасы, екеуміздің бір-бірімізді сонау жылдардан бері білетін ағайындылардай әңгімеміз жарасты. Сырт көзге бір қарағанда тұйықтау көрінетін ініміздің көкірегі тұнған шежіре, айтары да өте мол, парасатты азамат болып шықты. Мен қойын дәптерімді алып, тек оның баяндағандарын жазып үлгеруге тырыстым.

Әке-асқар тay
Қазақ үшін еліміздің қай түкпірі де өз елі және Отаны. Сондықтан руға, жүзге бөлінудің еш қажеті жоқ. Өтеген де осындай пікірдегі ұлтжанды жігітекен. Ол 1959 жылы Қостанаймен іргелес жатқан Ақтөбе облысы Алға ауданына қарасты Бесқоспа деп аталатын ауылда дүниеге келді.
Өзі көп балалы шаңырақта тәрбиеленді. Сондықтан да олар кішкентайынан бір-бірін жетелеп, бауырмал болып өсті. Әкесі Ихсан Исаұлы осыдан жиырма алты жыл бұрын мәңгілік көз жұмды. Ол кешегі қанды майданды бастап кешкен соғыс ардагері-тін.
Алайда, ол ешқашан да оны малданып, биліктегілердің есігін қағып, сақалын сатқан жоқ. Тіршілікте өзінің маңдай теріне ғана сүйенді. Балалары Тағыберген, Жаңаберген, Данаберген, Әбдікәрім, Қайраттарды ес білгеннен еңбекке баулып, біреудің ала жібін аттамауға тәрбиеледі.
Бұл үйде өскен балалардың бірқатары мұғалімдік жолды таңдады. Кейіпкеріміз Өтегенді айтпағанның өзінде, Сұлупан, Сұлушаш, Қанаттар да педагогикалық жоғары білім алды. Олардың бәрі де қазіргі таңда ұлағатты ұстаздар. Үйлі – баранды. Ұл мен қыздары да өсіп-өніп, тамырларын тереңге жайды.
Ихсан аға алпыс үш жыл яғни Пайғамбар жасына дейін ғұмыр кешті. Өзі Қобда ауданының тумасы болатын. Соғыста екі рет ауыр жараланса да, қайтпас қайсарлығының арқасында жеңісті жақындатуға өзінің үлесін қосты. Соғыстан кейін де жолдар мен зауыттарды, өндіріс орындарын қалпына келтіруге қатысты.
Ол кісі ұлтымыздың өткен кеткен тарихын зердесіне мықтап тоқыған азаматты. Сол бойындағы асыл қаситеттер сүйікті ұлы Өтегенге жұқты. Осынау ардақты жан кезінде дайындаушы мамандығын да игерген. Тіпті аға шопан да болып жұмыс істеп, содан құрметті демалысқа шығыпты.
Көркем әдебиетті де көп оқитын. Ұл мен қыздарына үнемі өнеге көрсетіп, бас қосқанда: «Әкеден балаға мал қалғанша, кітап қалсын» - деп айтып отырады екен. Сол ұлағатты сөз бұлардың жадында сақталып қалды.
Аналары Нәбира батыр ана, „Алтын алқа„ және тыңға байланысты медальдің иегері. Бұл апамыз барға қанағат ететін па¬расатты қазақ қызы-тын. Оның ұрпақтарына айтқан: «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» - деген пікірі де ұрпақтары үшін бойтұмарға айналғанды.
Өтеген 1977 жылы Бестамақ орта мектебін тәмамдаған соң, алдымен шопан болып жұмыс істеді. Мал шаруашылығы мамандарының да бейнеті аз еместігін өз көзімен көріп, көңіліне тоқыды. Олардың жыл он екі ай желдің өтінде, жауын-шашынның астында, үскірік аязды боранда жүретіндігін сезінді. Сол себептен шопан қауымына әрдайым оң қабақпен қарайды.
Оның жастық шағындағы жігіттер секілді Мәскеу қаласындағы әскери округта азаматтық борышын өтеді. Екі жылда нағыз жігітке тән мектептен өтті. Әскерден келісімен өзінің жастық шақтағы арманы - Гурьев педагогикалық институтының тарих факультетіне студент болып қабылданды.
Сөйтіп, осы жоғары оқу орнын 1986 жылы аяқтап, көптен күткен дипломға қолы жетті. Осы жердей «Тарих, қоғамтану және құқық мұғалімі» дәрежесін алып шықты.
Әрине, оның алдында енді алған мамандығын ел игілігіне жарату сынды үлкен мақсат тұрды. Сондықтан да болар, алты жыл қазіргі Атырау қаласындағы облыстық тұтынушылар одағының кооперативтік - техникалық училищесінің оқытушысы ретінде студенттерге дәріс берді.
Бұл ұжымда да ол өзін із-денімпаз маман ретінде көрсетті. Сол себептен де шығар, 1992 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқытушысы қызметіне шақырылды. Өзіндік пікірі бар және тарих ғылымына деген бейімділігі ерекше маман көрнекті ғалымдардың назарына ілінді.

Зулқарнай Алдамжардың шәкірті
Қазақ елі мен халқы біртуар тарихшы, шебер ұйымдастырушы, танымал ғалым, академик Зұлқарнай Алдамжарды жақсы біледі. Ол кісі кезінде Қостанайдағы іргелі оқу орнының бірі - мемлекеттік педагогикалық институтта ректор болды. Содан кейін Ахмет Байтұрсынов атындағы университеттің негізін қалады. Оны қалыптастыруға көп еңбек сіңірді.
Уақыт өте өңірде алғашқылардың бірі болып, кейін өзінің есімі берілген Қостанай әлеуметтік-техникалық университеты ашты. Осынау абыз ағамыз кезінде өзі дәріс берген әрі ғылыми жетекшісі болған Зұқаңның арнайы шақыруымен осында келді.
Әу баста Өтеген Ихсанұлы «Алдамжаров» атындағы ғылыми – зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері болып жұмысқа қабылданды. Осында ұстазының сенімін ақтады. Оның басшылығымен ғылыми диссертация қорғап, Қостанай мемлекеттік универсиетінің Отан тарихы кафедрасында аға оқытушы болды.
Осы көрнекті тұлғадан алған тағылымы ерекшетін. Зұқаңнан нағыз ғалымның қандай болатындығын, ұлтын сүюдің, Отанға адал қызмет етудің мән-маңызын ұғынды. 2004 жылдан бері қазіргі Қостанай педагогикалық институтының доценті.
Өтеген жаңалыққа жаны құштар ғалым, бүгінге дейін жүз елуге жуық ғылыми мақалалары жарық көрді. Сондай-ақ үш оқу және оқу-әдістемелік құралдардың авторы ретінде де есімі зиялы қауымға кеңінен танымал.
Өэі өңірдегі журналистер аса сыйластықпен өнеге тұтатын тұлға. Ол жергілікті «Қазақстан-Қостанай», «Алау-» телеарналарының асыға күтер тұрақты қонағы. Өзекті тақырыптар бойынша қозғаған әңгімелерін көрермендер әрдайым қызыға тыңдайды.

Қаламгерлігі өз алдына бір әңгіме. Оның терең зерттеп жазған мақалалары республикалық «Ана тілі», қос тілді «Біздің Қостанай» («Наш Костанай»), облыстық «Қостанай таңы» және басқа да басылымдарда жарық көріп тұрады.
Оның өзіне биік талап қоюшылығы, студенттерге дәріс берудегі ешкімге ұқсамайтын дара қасиеттері, жаңашылдыққа ұмтылысы өзінің нәтижесін берді.
Ол былтырғы желтоқсан айында елімізде әріптестері арасында топ жарып, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» құрметті атағына ие болды. Оның салтанатты тапсырылу рәсіміне елордамыз Астанағы шақырылып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтың қолынан аталмыш атақтың куәлігі мен төсбелгісін алды.

Гулмаржан – суйікті келін, білікті маман
Зиялы қауым өкілдері ерлі-зайыпты Өтеген және Гүлмаржан Исеновтерді бақыт қонған шаңырақ деп босқа айтпайды. Олардың ерекше жарасамдылықпен қол ұстаса өмір сүріп келе жатқандықтарына да көп жылдардың жүзі болды.
Бақытты жұп сонау студенттік шақтарында бір-бірін жолықтырып, өмірге деген көзқарастары ерекше жарасты. Гүлмаржан Өтегеннен бір курс төмен оқыды. Содан 1985 жылы тамыз айында бұлар өздерінің шешімдерін ата-аналарына білдіріп, олардың батасын алды. Міне, содан бері де қаншама уақыт өтті. Бұларды жұртшылыққа танытқан да араларындағы сыйластық, айнымас мөлдір сезім екендігі даусыз.
Гүлмаржан Берішбайызы Маңғыстау облысында туып өсті. Ол да отағасы секілді кішкентайынан тағылымды тәрбие алды. Отансүйгіштік қасиет сол бала кезінде қалыптасты. Оның ата-аналары да жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берген ұлағатты ұстаздарды.
Шаңырақ иесі Берішбай Әділханұлы физика және математика пәнінен дәріс берді. Өзінің парасаттылығы және біліктілігінің арқасында ұзақ жылдар бойы мектептің директоры болып қызмет атқарды. Құрметті демалысқа шыққанша жас мамандарға тәлімгерлік етті.
Осы құт-береке қонған отбасының бақытын тасытып, мәртебесін асқақтатқан оның жан-жары Ақбала Қайырғалиқызы да зейнетерлікке дейін құдай қосқан қосағы Берішбай ағамыз секілді ұстаз болды. Мектепте шәкірттеріне тарих пәнінен дәріс берді.
Анасының осы пәнге деген ерекше сүйіспеншілігі, әрбір сабаққа дайындалған кездегі тиянақтылғы осы шаңырақтың зейінді перзенті Гүлмаржанға да жұққан сияқты.
Содан ұстаздар отбасында Гүлмаржан да мектеп қабырғасында жүрген кезден бастап, мұғалім болуды алдына мақсат етіп қойған-ды. Сөйтіп, жоғарыда тілге тиек еткеніміздей ол өсе келе Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдады.
Оның бауырлары Қанат, Кенжегүл, Таңат, Гүлмиралар да ата-анасының сенімін ақтап, білікті де білгір мамандар атанды. Тек осы шаңырақтың аяулы қызы Гүлбаршын қарындасымыз дүниеден ерте өтті. Артында қалған қос перзентін нағашы атасы Берішбай мен әжесі Нәбира бауырларына басып, қатарға қосты.
Отбасын құрған соң Өтеген мен Гүлмаржан ұстаз болып қана қойған жоқ, екі жақтағы туыстарына да ерекше бір құрметпен қарады. Отағасы Ақтау өңіріне сүйікті күйеу атанса, Гүлмаржан жастай анасынан алған тәрбиесін керсетті. Әулетке бақыт пен қуаныш ала келді.
Отағасының барлық туған-туысқандарының арасында «Біздің ілтипатты да мәдениетті келін» атанды. Жан-жары Өтеген екеуі үш перзент сүйді. Тұңғыштары Гауһар ата-анасы секілді жоғары білімді педагог болды. Қазір қос дипломды маман.
Күйеуі Ақылбек екеуі жарасымды ғұмыр кешіп келеді. Бұл күндері Атырау шаһарының белді тұрғындары.
Исеновтер отбасындағы Данияр Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемле-кеттік университеті заң факультетінің түлегі. Қазіргі таңда бір шаңырақтың иесі, одан кейінгі ұлдары Әлихан облыс орталығындағы № 1 орта мектептің 4-ші сынып оқушысы. Ана-тіліне жетік.
Отағасын пір тұтқан Гүлмаржан бұл күндері Сырбай Мәуленов атындағы гимназияда тарих пәнінен дәріс береді. Жоғары санатты ұстаз. Ерлі-зайыптының шәкірттері қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде жемісті қызмет атқарып жатыр.
Өтеген мен Гүлмаржан қолдары бос кездерін де тиімді пайдалануға тырысады. Ол ұлтымыздың мақтанышы Есет батырды терең зерттеп жатыр. Көбіне тарихи тың деректерді жан-жақты қамтуға тырысады. Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты бірнеше мақалалары жарық көрді. Жас кезінде сурет салумен шұғыл-данды.
Гүлмаржан болса, спортты жаны сүйеді. Жүрген жерінде салауатты өмір салтын насихаттайды. Теледидарлардан берілетін спорт хабарларын жібермейді. Жас келініне өзінің білгенін үйретуден жалықпайды.

О. ДЕРБІСЕК.
Суреттерде: Қазақстан
Республикасының Білім және
ғылым министирі Аслан Сәрін-
жіповтың марапаттау сәті;
ерлі зайыпты Гүлмаржан және
Өтеген Исеновтер.
Суреттерде: Қазақстан
Республикасының Білім және
ғылым министирі Аслан Сәрін-
жіповтың марапаттау сәті;
ерлі зайыпты Гүлмаржан және
Өтеген Исеновтер.