Өз саласының майталмандары
Наш Костанай, 2016 г., 2 февраля (№ 9), С. 6.
Институттың бес ғалымы «Үздік оқытушы» атанды
Жақында бізге Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының бір топ ұстаздары үлкен жеңіске жеткендігі туралы қуанышты хабар жетті.
Қалыптасқан дәстүр бойынша Қазақстан Рес-публикасының Білім және ғылым министрлігі еліміздегі жоғары оқу орындары арасында жылдың үздік оқытушыларын анықтау мақсатында байкау өткізген болатын.
Таяуда соның қорытындысы шықты. Онда тарих ғылымдарынын докторы, профессор Аманжол Күзембайұлы тағы да топ жарды. Көрнекті ғалым мұндай құрметке әбден лайықты.
Ұстаздардың ұстазы атанған жерлесіміздің есімі күллі елімізге танымал. Талай танымдык монографиялардың авторы. Басқа жақтарды айтпағанның өзінде, осы институтта жемісті қызмет атқарғанына бірнеше жылдың жүзі болды.
Білікті тәлімгер осы уақытқа дейін қаншама дарынды шәкірттеріне ғылыми жетекшілік етті. Олардың бәрі де сенімін ойдағыдай ақтады. Міне, осы қыруар еңбегінің нәтижесін көріп отыр.
Өңір мақтанышы бұдан бұрын да осындай байқауда «Үздік оқытушы» атанған еді. Осы кезекті табысы оның әлі де тынымсыз ізденіс үстінде екендігін көрсетеді.
Аманжол Күзембайұлымен бірге осындай жеңіске жеткендердің қатарында жоғарыда аталған институттың тарих және өнер, филология факультеттерінің декандары Гауһар Балғабаева, Кенжегүл Есіргепова, философия докторы Ботагөз Баймұхамедова, шет тілдері факультетінің доценті Гүлнәр Смағұлова бар.
Білім саласында жүрген бауырларымызды осы табыстарымен шын жүректен құттықтаймыз.

Оразалы ЖАҚСАНОВ