Көп тіл білгеннің қашан да ұтары мол
Наш Костанай, 2017 год, 14 марта (№ 20), Б. 8. | ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтындағы игі істер баршаға өнеге
Барша көзі ашық, көкірегі ояу адам еліміз тәуелсіздік алғалы бері білім саласында да қаншама игі өзгерістер болып жатқындығын біледі.
ҮШ ТІЛДІЛІК – БҮГІНГІ УАҚЫТ ТАЛАБЫ
Бұл әрине, уақыт талабынан туындап отыр.
Мемлекет басшысы да әрдайым қазақ жастарының қазақ, орыс және ағылшын тілін терең меңгерулері жайлы айтып келеді. Міне, қазір республикамызда осы бағытта қаншама тағылым алар жұмыстар атқарылып жатқандығы да жұртшылыққа аян.
Бұл орайда облыс орта-лығындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының тындырымды жұмыстары да өңір халқына ғибрат.
Осы бағытта аталған жоғары оқу орнының ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Аманжолұлы Әбілдің басшылығымен атқарылып жатқан істер ауыз толтырып айтарлықтай. Оны жергілікті халық көріп те, біліп те отыр.
Институттың тәрбие ісі жөніндегі проректоры Тілеген Әлмұханұлы Ахметовтың іскерлік қасиеттері де жарқырап көрінуде. Білім мен тәрбие тығыз ұштасқанда ғана жұмыс алға басатындығы белгілі.
Біздің қазақ "Жақсыны көрмек үшін," – дейді. Жуырда осы оқу орнында болып, үш тұғырлы тілге байланысты біраз жайлармен танысып, көңілге тоқудың орайы келген-ді.
Әрине, бұл еліміздегі айтулы бағдарламаны жұзеге асыруда елеулі жұмыстар атқарып жатқан филология факультетіне арнайы атбасын тіредік. Бұл факультеттің деканы Кенжегүл Қабылғазықызы да өз саласын жетік білетін білікті ғалымдардың бірі ретінде көпшілікке танымал.
Факультет басшысы бізді өзінің қызмет бөлмесінде жылы жүзбен қарсы алды. Оның әрбір сөз саптауынан қазақ қызына тән кішіпейілділік, инабаттылық, үлкенді сыйлау секілді ата-бабаларымыздан келе жатқан өнегелі қасиеттер бірден сезіледі.
Ол өзіне әртүрлі мәселемен келіп жатқан кісілердің көптігіне қарамастан, өзіміз-бен сұхбаттасуға уақыт тапты. Оның мұқияттылығы, өз ісіне аса бір жауапкершілікпен қарайтындығы, алдындағы ақ қағаздарға жазылған деректер мен дәйектерден де байқалып тұр.
Оқырманның назарына сала кетер бір жай, бұл бұгін әңгіме арқауына айналып отырған оқу орны ежелден дайындалатын түлектердің білім сапасымен дараланған. Қазір де солай. Болашақта да еліміздегі өзге оқу орындарына өнеге болатындығына шүбә келтірмейміз.
Кенжегүл Қабылғазықызының осы жерде декан болып келе жатқанына 4 жылға жақындап қалды, Ширақ та, сезімтал, жұмысына тиянақты жан бізге біраз жайды баяндап берді. Әңгіме барысында кейінгі уақытта өздеріне институттағы шет тілдері кафедрасы қосылғандығын да айтып өтті.
ОЛАР ДАРЫНДЫ ШӘКІРТТЕРІМЕН МАҚТАНАДЫ
Біз үш тұгырлы тіл бағдарламасын басшылыққа алып, сол бойынша нақты жұмы-стар атқарып жатырмыз. Институт ректоры Еркін Аманжолұлының қамқорлығын айқын сезінеміз.
Сондықтан да бұл күндері барша ұстаздар қауымы бір жағадан бас, бір жеңнең қол шығар еңбек етіп жатыр. Мұнда негізінен қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, екі шет тілі (ағылшын немесе француз) тілдері мамандары дайындалады.
Бұл күндері факультетте 4 кафедра бар. Сонымен қатар тілдерді дамыту орталығы да жұмыс істейді деп таныстыруды бастады филология ғылымдарының кандидаты, доцент Кенжегүл Қабылғазықызы.
Шынында да факультетте болғанымызда бос жүрген бір адамды көрмедік. Дәрісханалардағы өткізіліп жатқан лекциялар немесе семинарларда тыныштықтың сақталатыны соншалықты, кәдімгі ұшқан шыбынның ызыңы естіледі.
Қазіргі танда факультетте 514 студент жастар тағылым алуда. Мұндағы профессор-лық-оқытушылар құрамы 60 адамнан тұрады. Олардың арасында ғылым кандидаттары, доценттер және аға оқытушылар бар.
Әрине, осында қызмет атқарып жатқан барлық ғалымдар мен оқытушылардың еңбектері мақтауға әбден лайықты. Сондықтан сөздің реті келгенде, жоғарыда аталған кафедралардың меңгерушілері, ғылым кандидаттары әрі доценттер Сәуле Қанапина, Марина Кудрицкая, Татьяна Пчелкина, Сәуле Әбішева секілді мамандардың еңбегіне көпшілік дән риза екендігін тілге тиек еткенді жөн көрдік.
Сондай-ақ Сара Арсаева, Галина Мустакимова, Гүлбану Үңгітбаева, Гүлнәр Смағұлова, Гүлзада Мырзағалиева секілді өз саласы білгірлерінің еңбектері өзге әріптестеріне қашан да өнеге.
Оқырмандарға белгілі, 2013 жылдан бері мемлекеттік „Серпін,, бағдарламасы бойынша бұл оқу орнына да киелі оңтүстік өңірден талантты жастар келіп, білім алып жатыр. Алғашқы жылы 150 жас қабылданса, соңғы екі оқу жылында 100-ден аса жігіттер мен қыздар аталған институтты қалап, таңдаған мамандықтарын игеруде. Олар жатақханамен, шәкіртақымен толық қамтамасыз етілген. Сондай-ақ жылына бір рет жолақысы да беріледі.
Осы мақаланы дайындау барысында филология факультетіндегі бір қатар ғалымдар және ұстаздармен де тілдестік. Солардың ой-пікірлерін де қысқаша келтіре кетелік.
Татьяна Пчелкина – орыс тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі:
– Өзім басқаратын кафедрада 10 адам жұмыс істейді. Оқытушылардың біліктілігіне жете көңіл білінеді. Үстіміздегі жылы бір маман Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен Алматыда өткен ағылшын тіліне байланысты курска қатысты. Ол болашақта студенттерге шет тілдері әдебиеті пәнін ағылшын тілінде өткізетін болады. Өзі қазақ тілін де бір кісідей біледі.
Мен орыс қызымын. Осы елдің бір патриотымын деп есептеймін. Жергілікті қазақ ұлтына шексіз ризамын. Алдағы кезде еліміздегі орыс тілінде жазатын жазушылардың шығармаларын насихаттауға айрықша назар аудармақпыз. Біз үшін достық, ауызбірлік қашан да маңызды.
Алмагүл Әлиақбарова – үшінші курс студенті:
– Мен қазіргі таңда „Серпін„ бағдарламасы бойынша білім алып жатқан жа-стардың бірімін. Кенжегүл Қабылғазықызы басқаратын факультет ұстаздары біздің нағыз тәлімгерлеріміз. Өзім Қызылорда облысы Шиелі ауданының Нартай ауылы-нанмын.
Өзімізге дәріс беріп жатқан Сәуле Қанапина, кураторымыз Әлия Әбдірашова, Гүлмира Сейсенбай сияқты ұстаздарымыз қамқоршыларымыз. Шынымды айтсам, осында оқып жатқаныма шексіз бақыттымын.
Осы аталғандармен қатар институтта үш тілділікті дамыту орталығы да жұмыс істейтіндігі көпшілікке белгілі болса керек. Оған өз жұмысын жетік білетін маман Наталья Соловьева жетекшілік етеді.