Арманы асқақ қарындас
Наш Костанай, 2017 ж., 7 наурыз (№ 18), Б. 6. | СОҢҒЫ БЕТ
Белгілі ғалым, қазақтың аяулы қызы Кенжегүл Есіркепова жөнінде
Қостанай қазақтың кең байтақ әрі танымал өңірлерінің бірі.
Бұл жерде ұлтымыздың қаншама ынтымағы жарасқан талантты қыздары мен ұлдары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара ел игілігі жолында аянбай қызмет атқарып жатыр.
ШЫҒЫСТЫҢ ШЫРАЙЛЫ ҚЫЗЫ
Солардың бірегейі әрі елін ерекше сүйетін ұлтжанды бауырымыз Кенжегүл Қабылғазықызы Есіркепова десек қателесе қоймаспыз. Ол осындай құрмет пен беделге өзінің адал еңбегі, маңдай терінің арқасында қол жеткізгендігі баршаға аян.
Өзім қызмет бабымен ол жұмыс істейтін Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында жиі болып тұрамын. Қашан барсам да Кенжсгүл қарындасымыз өз бөлмесінде әріптестерімен келелі мәселелерді талқылап жатқанын көремін.
Оның адамгершілігі, кішіпейілділігі соншалықты, жұмысы қандай қарбалас әрі қауырт болса да келген жанды кезек күттірмей қабылдап, оларды толғандырып жүрген мәселелерін дер кезінде шешуге тырысады.
Жаны жайсаң, көп жайдан хабары мол Кенжегүл әріптестерінің арасында да өте сыйлы. Үлкенге құрмет көрсетсе, өзінен кішілерге әрдайым қамқорлық танытып жүр-гені. Әсіресе, бұган еңбек жолын жаңадан бастаған жастар жағы өте үйір. Өйткені, ол кейінгі сіңілілерін ұйып тыңдап, дер кезінде көмек қолын созуға ұмтылады.
Аталған жоғары оқу орнында соңгы жылдары «Серпін», бағдарламасы бойынша білім алып жатқан бойжеткендер дс жеткілікті. Солардың күнделікті тұрмыс-жағдайына көп көңіл бөледі. Сабақ үлгірімдеріне назар аударады. Сондықтан олар да ата-анасынан жырақта жүргендіктен бұған арқа сүйеп, ақыл-кеңесін басшылыққа алады.
Оқырмандар хабардар болу үшін ғылым жолында аянбай еңбектеніп келе жатқан Кенжегүл Қабылғазықызының сонау артта қалған балалық балдәурен шағына да қысқаша тоқталып өтелік.
Ол Қазақстандағы табиғатымен баршаны сүйсіндірген Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданына қарасты Ақсуат деп аталатын киелі ауылда туып өсті. Жастайынан әкесі Қабылғазы мен анасы Бұлғынан көп тағылым алды.
Мектепте де алдыңғы қатарлы оқушылардың бірі болды. Жаны руханиятқа жақын-ды. Көркем әдебиетті де көп оқыды. Өнерге ерекше құрметпен қарады. Міне, мұның бәрі де сайып келгенде, оның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің білікті маманы болып шығуына даңғыл жол ашты.
Қолына кәмелеттік аттестат алған соң да көп ойланбады. Бірден руханият ордасы атанған Семей шаһарына келді. Осындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет-ке студент болып қабылданды. Студентік жылдар да тек өз саласын терең меңгеруге деген ұмтылыспен өтті.
КЕШЕГІ ЖАС МАМАН-БҮГІН ҮЗДІК ОҚЫТУШЫ
Қолына диплом алған соң кейбіреулердей көп ойланып жатпады. Содан соң астығымен, алып өндіріс орындарымен, біртуар дарынды перзенттерімен аты шыққан Қостанай шаһарына атбасын тіреді.
Бұл қала оған құтты болды. Әріптестері де куанышпен қарсы алды. Қазақтың ұлы перзенті Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің оқытушысы ретінде еңбек жолын бастағаны күні кешегідей әлі есінде.
Міне, содан бері де көп жылдар артта қалды. 2004 жылы қазіргі өзі жұмыс істейтін педагогикалық институтта жоғарыда аталған университеттен бөлініп, жеке отау көтерді. Кешегі жас ұстаз есімін еліміз таныған, жарқын дарынын халық сүйіспеншілікпен айтатын білікті ғалымға айналды.
Кенжегүл студент кезінен-ақ қоғамдық жұмысқа белсене араласып, ғылымға деген бейімділігін танытқан-ды. Сол асыл қасиеттері өңірде де жан-жақты көрінді. Осыдан біраз жыл бұрын ұлтымыздың талантты ғалымы, филология ғылымдарының докторы, профессор Белгібай Шалабайдың жетекшілігімен Елордамыз Астана қаласында Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универсиететінде кандидаттық диссертациясын өте сәтті қорғады.
Оның тақырыбы да өте тың еді. Ол «1960-1980 жылдардағы қазақ әйел-ақындар поэзиясының тілі», деп аталады. Әрине, ол үшін көп ізденді. Сөйтіп, адал еңбегі өз жемісін берді.
Институт басшылары да оған үлкен сенім арты. Жоғары оқу орнындағы қазіргі қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды. Дарынды ғалым бұл қызметті де өте абыроймен атқарды. Әріптестерін ортақ мақсатқа шебер ұйымдастыра білді.
Содан кейін қазақ және орыс филологиясы факультетінің деканы болып бекітілді. Бұларға бұрынғы шет тілдері кафедрасы қосылды. Қазір де әлгі аталған жауапты жұмысты білгірлікпен атқарып келеді. Барлық кафедра және ұжым оқытушылары өзін үлгі тұтады. Дәріс алып жатқан студенттер бұган еліктейді.
Оның өмірінде республикалық байқауда «2015 жылдың жоғары оқу орнынның Үздік оқытушысы» атанып, Білім және ғылым министрінің қолынан сыйлық алған шақ та ерекше орын алады. Әрине, бұл құрмет пен марапат Кенжегүл Қабылғазықызын тың ізденістерге жетеледі.
Ол ұстаздық пен ғылыми жұмысты тығыз байланыстырып келе жатқан аяулы қазақ қызы. Оның бойындағы ұлтжандылық, мемлекетшілдік, секілді асыл қасиеттер барша қазақ бойжеткендеріне өнеге.
Елбасы жоғары оқу орындарының алдына жоғары міндет қойып отырғаны көпке белгілі. Ол бәсеге қабілетті, жан-жақты, тәуелсіз еліміздің тірегі болар азаматтарды қалыптастыру. Кейіпкеріміз де оны жете түсінеді. Осы мақсатта аянбай қызмет етіп келеді.