XXI ғасыр – білімді ұрпақтың ғасыры
Наш Костанай, 2017 год, 11 апреля (№ 28), Б. 6. | ӨҢІР ТЫНЫСЫ
Елбасының Жолдауы – Болашағымыздың бағдары.
Мұны жастар терең түсінеді
Еліміздің тәуелсіздік алғанына да 25 жыл толды. Осы жылдар ішінде Қазақстан өзінің болашақ даму стратегиясын айқындады. «Қазақстан – 2050» Бағдарламасын ту еткен Қазақстан нағыз саяси әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыра отырып, кемелденген өркениет көшінің нақ жолына түсті.
Кез-келген қоғамның ғылым-білімсіз өмір сүре алмайтындығы баршамызға аян. Сондықтан да, ғылымның техникалық және технологиялық жетіс-тігін бүкіл қоғамдық өмірге терең түрде енгізбейінше, өркениетті елдің дәре-жесіне көтеріле алмайды.
Биылғы 2017 жылғы Елбасы Жолдауында «адами капитал сапасын жақсарту» бағыты басымдыққа ие болып отыр. Олай болса, әлемдік деңгейдегі білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін қалыптастырмай Үшінші жаңғыруды жүзеге асыру да еш мүмкін емес. Бұл ретте жаһандық жаңа қатерлерге қарсы адами капиталды да сапалы дамыту қажет. Ал адами капиталдың өзегі – білім.
Елбасының Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты ауқымды жұмыстар жүргізуде. Жастарымыздың сапалы білім алуына, олардың жоғары жетістіктерге жетуіне институтымызда жан-жақты жағдай жасалған.
Біздің Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты болашақ білімді, білікті ма-мандарды дайындауға ерекше назар аударуда. Қазақстан тарихы кафедрасының профессор-оқытушылары нәтижелі еңбек етіп келеді. Қазіргі уақытты кафедрада ғылым докторлары – А. Күзембайұлы, Е. Әбіл, В. Зайберт, А. Таскужина, ғылым кандидаттары – Г. Балғабаева, Э. Наурызбаева, М. Бекмағамбетова, З. Шахаман, PhD докторы М. Қозыбаева, тарих магистрлері – А. Анасова, К. Абильмаликов, Т. Еришева, Э. Нүрпейісова, Г. Тастекова, Д. Абенов, Д. Қалиев сынды оқытушылар мен кафедра қызметкері Г. Жүсіпова жемісті қызмет атқаруда.
Кафедрамыздың білікті оқытушыларының бірі Р. Байдалы бұл күндері Астана қаласындағы Еуразия Ұлттық университетінде PhD докторантура бойынша білім алуда.
Білім арқылы бәсекеге түсу, білім арқылы озу – қай жағынан алғанда маңызды міндет. Бұл ретте қазақстандық білім берудің басты міндеті – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру.
Президент білім саласын дамыту туралы тұжырымдарында өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттауды, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжан-дылықты дамытуға баса көңіл бөлу керектігін алға тартады.
Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайтуға назар аударады. Ал Үкіметке жүктелген тапсырмалар қатарында үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеу белгіленді.
Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жана индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды. 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытатын боламыз. Бұл мәселені тиянақты ойланып, ақылмен шешу қажет», – деген болатын.
Осы ретте, біздің кафедраның оқытушылары PhD докторы М. Қозыбаева мен тарих магистрі Т. Еришева 2016 жылдың 11 қараша – 27 желтоқсаны аралығында педагогика-лық кадрларды ЖОО ПОҚ, ИИДМБ базалық ЖОО тәжірибесі мен кәсіпкерлік дағдыларын дамытуды есепке алумен күшейте дайындау үшін жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамының біліктілігін арттыру курсын өткен, оның ішінде 240 сағат көлемінде онлайн режимде ағылшын тілін оқып, мемлекеттік қалыптағы сертификатқа ие болды.
Қорыта келе айтарымыз, Елбасының Жолдауы – жарқын болашақ негізі. Тәуелсіздігімізді одан әрі қамтамасыз ету үшін елімізде қабілетті, парасатты, отансүй-гіш ұрпақты тәрбиелеу ұлттық деңгейде болуына баса назар аудару қажет. Бұл – бір.
Екіншіден, жас ұрпақ тәрбиесі – мемлекеттің маңызды міндеті. Жаңа XXI ғасыр – білімді ұрпақты жарқын келешекке апаратын ғасыр.
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.
тарих магистрі