Алаш тағылымы және тәуелсіздік

Қостанай таңы, 2017 год, 29 қыркүйек (№ 107), Б. 3. | ЕЛ ТІЛЕГІ – ЕГІН ҮСТІНДЕ

Биыл "Алаш" партиясының құрылғанына бір ғасыр толды. Осы аталған маңызды датаға орай Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында "Алаш тағылымы және Тәуелсіздік" тақырыбында аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Пленарлық отырыста облысымызға белгілі азаматтар Алаш қозғалысынын маңызы туралы сөз сөйлеп, тарихты зерделеудегі кемшін тұстарымызды да жасырмады.

Алғаш болып сөз алған облыстық ішкі сасяат басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Бәйменова Алаш арыстарының бағдарламасы тәуелсіз Қазақстанның қазіргі ұстанымына сәйкес келетінін айтты.

- Қазақ тарихында Алаш арыстарының алар орны ерекше. Олар қазақ елінің ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін төңкерістік әдіспен өзгертуді емес, қайта оларды өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі дамытуды, білім алып, көппен тең болуды көздеді. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласында баяндап, алдымызға қойған міндеттері Алашордашылардың сол кездегі айтқан ойларымен, мақсаттарымен ұштасады, – деді З. Бәйменова.

Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың этномәдени және тарихи антропологиялық зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымының докторы, профессор Зәуреш Сақтағанова Алаш қозғалысын зерттеушілердің деректеріне сүйене отырып, "Алаш" партиясынын тарихи кезеңдерін жіктеп, өз көзқарасын білдірді. Пікірталас барысында З. Сақтағанова еліміздегі архив мекемелерінде ғылыммен айналысатын адамдарға дұрыс назар аударылмайтынын айтты.

- Мәскеу мұрағаты күніне жиырма істі қарауға рұқсат береді. Ал бізде күніне бес істі ғана қарауға мүмкіндік бар. Алматыға екі аптаға іс-сапармен келген тарихшы мұрағаттан мардымды дерек іздеп үлгере ала ма? Мәселенің бәрі қаржы-ландыруға келіп тіреледі. Әйтпесе, елде талантты оқымыстылар бар, – деді З. Сақтағанова.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлы Алаш арыстарының тарихи көзқарасы деген тақырыпта ой бөлісті. Профессор Күзембаев өз сөзінде: "Алаш арыстары мүлде тарихқа қызықпады деп айта алмаймын. Олардың арасында тарихқа қалам тартқандары аз емес. М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Е. Ома-ровтың тарихқа қатысты шағын-шағын мақалалары шыққан. Әдебиетпен, қазақ тілімен кебірек айналысқан Ахмет Байтұрсынұлы болды. Бүгінгі қазақтың тілі, романтикасы, әдебиеті Ахаңнан бастау алады. Оның тарих ғылымына арнап жазған көсемсөзінде: "Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы – тарих" деп жазылған. Сөйтіп А. Байтұрсынұлы тарихқа үлкен мән берген", – деді.

Алаштанушы Дихан Қамзабекұлы туралы баяндама жасаған ҚМУ-дың стратегиялық даму басқармасының басшысы, филология ғылымдарының докторы Алмасбек Әбсадықов аймақтық конференцияны кен ауқымда өткізуге лайықты екенін ескертті. Себебі, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Елдес Омарұлы сияқты қазақ рухын асқақтатуға, ұлттық болмысын сақтауға үндеген арыстардың дені біздің өңірімізден шықты. Олардың, мақсат-мұратын, армантілегін орындау – кейінгі ұрпаққа аманат.

Қымбат ДОСЖАНОВА

 

Наши координаты

110000, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Мы в социальных сетях

Вы здесь: Главная Библиотека СМИ о нас Алаш тағылымы және тәуелсіздік