Облыс педагогтері тәжірибелерімен бөлісті
Учительская плюс, 2018 год, 18 мая (№ 19), Б. 3. | ОРТАҚ МҮДДЕ
Жуырда ПШО Қостанай қаласындағы филилалы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетімен бірлесе «Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» аймақтық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды.
Конференция жұмысына Қостанай мемлеқеттік педагогикалық университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы, Педагогикалық шеберлік орталығының Қостатай қаласындағы филилалының менеджерлері, ФМБ НЗМ Қостанай қаласындағы филиалының педагогтері, «Сабақты зерттеу» тәсілін енгізу үлерісіне тартылған Қостанай облысының мұғалімдері, сонымен қатар, мектептердің басшылары мен орынбасарлары, білім белімдерінің әдіскерлері, барлығы 200-ге жуық адам қатысты.
Конференцияның мақсаты – сабақты зерттеу тәсілін жүзеге асыру бойынша озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау және тарату, конференцияға қатысушылардың арасында озық тәжірибелерімен алмасу.
Шараның жұмысы пленарлық отырыс пен секциялардын жұмыстарынан құралды. Онда ҚМПУ проректоры Гүлвира Мұсабаева құттықтау сөзбен бастады. Өз сөзінде Гүлвира Айдарханқызы заманауи жағдайдағы педагог кадрларлы әзірлеу жүйесінің жетілдірілуін, болашақ ұстаздарды оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді, соның ішінде Сабақты зерттеуді де иеленуді қамтамасыз етілуін, сонымен қатар, ЖОО түлектерінің педагогикалық қызметінің алғашқы жылдарында жанама түрде ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу үшін жағадайдың жасалуын атап өтті. Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің педагогика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Бибікүл Өтегенова «Педагогтің зерттеушілік мәдениетінің әдістемелік негіздері» тақырыбындағы баяңдамасын жариялады. Сонымен қатар, жиында ПШО тренерлері өткізген зерттеулерінін нәтижелерімен таныстырды. Аға-менеджер Ж. Байгаринова Ақмола облысының педагогтері арасындағы зерттеуін, ал ПШО Қостанай қаласындағы филиалының директоры Е. Онищенко Қостанай облысы бойынша өткен зерттеу нәтижелерін ұсынды. Қостанай қаласының № 10 пилоттық мектебінің директоры Р. Раисов «Сабақты зерттеу» тәсілін енгізу арқылы ұстаздарды кәсіби дамыту тәжірибесін ұсынды. ФМБ НЗМ Қостанай қаласы филиалының директорының халықаралық орын-басары Ian Martin Қостанай облысының мұғалімдерін білім беру саласындағы зерттеулерінің дүние-жүзілік тәжірибесімен таныстырды.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің педагогика, психология және дефектология, шетел тілдерінің кафедраларының оқытушылары оқытушылық тәжірибедегі зерттеулердің әдістемелік құралдарын ұсынды: АКТ негізіндегі стартап жобаларды құру, технология сабақтарында рефлексиялық қызметті ұйымдастыру түрлері, тиімді жұмыс тобын құру арқылы педагогикалық ұжымды басқару тәсілдері.
Қостанай облысының педагогтері бұл ғылыми-практикалық конференцияның кәсіби дамудың мәнмәтініндегі маңыздылығын атай отырып, жұмыс нәтижелері бойынша берілген ұсыныстарды қабылдады.
Төлеген ҚАРБАЕВ,
ПШО Қостанай қаласындағы филиалының маманы