Жастардың болашағы – өз қолдарында

Наш Костанай, 2018 год, 29 мамыр (№ 43), Б. 8. | «Серпін» бағдарламасы

«Серпін» бағдарламасы талапкерлерге жарқын жол ашты

Баршаға мәлім, осыдан біраз жыл бұрын Елбасының тікелей қолдауымен Қазақстанда «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы қолға алынған еді. Содан бері арада қаншама жарқын істер қолға алынып, ол ойдағыдай жүзеге асты.

Бұл бағдарлама бойынша еліміздің Оңтүстігінде орналасқан облыстардың дарынды жастарына республикамыздың солтүстік өңірлеріндегі беделді оқу орындарында білім алуға мүмкіндік туды.

Оларға өздері студент болып қабылданған университеттерге барлық жағдайлар жасалды. Менің өзім де осындай қамқорлыққа бөленген жастардың бірімін.

Қазіргі таңда Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің тарих мамандығы бойынша 3 курста оқимын. Бізге жоғары оқу орнының ректоры, тарих гылымдарының докторы, профессор Еркін Әбілден бастап қолдан келген жагдайдың бәрін де жасады.

Ең алдымен баспана мәселесі шешіліп, жайлы жатақханадан орын алдық. Бізге тек ғана үздік оқып, көрсетілген үлкен сенімнің үдесінен шығу керек еді. Сол үшін талаптандық. Университеттегі барлық ға-лымдар мен оқытушылардың лекцияларын мұқият тыңдап, семестрлерде жақсы нәтиже көрсетуге тырыстық.

Жоғары оқу орнында көп жылдардан бері жемісті қызмет атқарып келе жатқан білікті ағаларымыз бен апаларымыз дәріс береді. Мысалы, өзім болашақ тарихшымын.

Мәселен, әр сабағын асыға күтетін еліміздегі таңдаулы ғалымдардың бірі Аманжол Күзембайұлының бізге жасап жатқан қамқорлығы мен жанашырлығын ерекше атап өтер едім.

Қазақстан тарихы жайлы қаншама құнды кітаптар жазған кернекті ғалым әрі профессор бізге әрдайым таңдаган мамандығымыздың нағыз шебері болу үшін көп ізденіп, талмай еңбектену қажет екендігін айтудан жалықпайды.

Мұндағы оқу барысында қол жеткен табыстарым да жоқ емес. Мысалы, жуырда ғана Павлодар қаласында өткен ғылыми конференцияға қатысып, екінші дәрежелі дипломға ие болдым. Онда ұстазымның да қосқан үлесі аз емес дер едім.

Мен Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Ошақты елді мекенінде дүниеге келдім. Әкем Жаханәлі мен аяулы анам Оразкүл бізге жа-стайымыздан тағылымды тәрбие берді.

Бір шаңырақта 4 қыз және 1 ұл өстік. Өзім отбасындағы ең кенжесімін. Соған қарамастан еркелікке салынған жоқпын. 2015 жылы № 116 Игілік орта мектебін ойдағыдай тәмәмдадым. Содан жоғарыда айтылған «Серпін» бағдарламасы бойынша Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің әлеуметтік – гуманитарлық факультетіне студент болып қабылдандым.

Қазіргі таңда осындағы үздік студенттердің бірімін. Жоғары шәкіртақы аламын. Болашақта тарих мамандығын терең меңгеріп, елім мен халқыма адал қызмет етсем деп армандаймын.

Қостанай жылдан-жылға гүлденіп келеді. Бұл күндері оны жастар қаласы деп те атайды. Сондықтан бойжеткендер мен бозбалалар бұл шаһарға келіп, біздің университетте оқыса, өз армандарына қол жеткізетіндігіне нық сенімдімін. Солтүстікте мамандығым бойынша жұмыс істеуге де толық мүмкіндік бар.

Алтынай АҮЙСЕБЕК,
Костанай мемлекеттік педагогикалық
университетінің
3 курс студенті

 

Наши координаты

110000, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Мы в социальных сетях

Вы здесь: Главная Библиотека СМИ о нас Жастардың болашағы – өз қолдарында