Жастарға жаңа жатақхана

Қостанай таңы, 2018 год, 13 маусым (№ 67), Б. 2

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті студенттік жатақхананың құрылысын бастауға дайын. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен селекторлық отырыста айтылды.

Қазіргі күні университетте 2155 студент күндізгі бөлімде оқиды. Оқу орнының Пушкин көшесі, 133 мекенжайында орналасқан жатақханасы бар. Ол жерде 582 студент тұрады. Университет бүған қоса Пушкин 134 мекенжайындағы 130 орынға шақталған нысанды студенттер үшін жалға алып отыр.

Яғни, барлығы 712 студент (46%) жатақханамен камтылған.

– Бұл жағдай жыл сайын қайталанады. Күндізгі оқу бөлімінде білім алатын бакалавриат мамандықтары бойынша студенттердің контингенті тұрақтала түсті. Студенттердің қатары жыл сайын 500-700 адаммен толығады. Жастарды жатақханамен камту мақсатында 2018-2022 жылдары сыйымдылығы 400 орындық жатақхана кешенін салуды жоспарлаудамыз. Инженерлік инфрақұрылымдар тартылған жер учаскесі дайын, – деді университет ректоры Еркін Әбіл.

Бүгінде нысанның жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу жөніндс "Шебер" ЖШС-мен келісімшарт жасалған. Жатақхананың 90 орынға шақталған бірінші корпусын 2019 жылы пайдалануға беру жоспарланыпты. Студент жастардың жатақханадағы жағдайларын жақсарту туралы "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты Елбасының халыққа үндеуінде айтылған болатын. Мемлекет басшысының үндсуінде: "Қазір жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерін жатақханамен қамта- масыз сту мәселесі өте өзекті. Бұл міндетті шешу үшін жоғары оқу орындары, колледждер мен девелоперлік компаниялар мемлекет пен жеке меншіктің серіктестігі қағидасымен жатақхана салуды бастауы керек" делінген. Елбасы 2022 жылдың сонына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсырды. Игі бастаманың арқасында талай жастар жатақханамен қамтылатыны сөзсіз.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Наши координаты

110000, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Мы в социальных сетях

Вы здесь: Главная Библиотека СМИ о нас Жастарға жаңа жатақхана