Еңбегіне қарай құрмет

Наш Костанай, 2019 год, 15 января (№ 3), С. 8. | СОҢҒЫ БЕТ

Эльмира Наурызбаева қауымдастырылған профессор атанды

Баршаға мәлім, академик Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімі берілген Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ұжымы өздерінің білікті ғалымдарымен мақтанады.

Жуырда ғана аталмыш жоғары оқу орнының оқу-әдістемелік басқармасының басшысы, ізденімпаз ғалым Эльмира Кенжеғалиқызы Наурызбаева үлкен қуанышқа кенелді.

Оған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шешімімен қауымдастырылған профессор мәртебелі атағы берілді. Бұл қазақ қызының көп жылғы еңбегіне көрсетілген құрмет.

Қос тілді «Наш Костанай» газетінің ұжымы га­зет жанашыры, елімізге та­нымал тарихшыны осынау атағымен шын жүректен құттықтайды. Оған алдағы уақытта мықты денсаулық, отбасында бакқт, жауапты қызметінде табыс тілейді.

Бетті дайындаған Оразалы ЖАҚСАНОВ

 

 

Наши координаты

110000, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Мы в социальных сетях

Вы здесь: Главная Библиотека СМИ о нас Еңбегіне қарай құрмет