Педагогикалық институттың даму бағдарламасы мектептермен үндес

Қостанай таңы, 2016 ж., 30 қыркуйек (№ 106), Б. 4.

XXI ғасыр мектебі сапалы білім беруге міндетті. Бүгінгі қоғам мұғалімнен жоғары мәдениеттілікті, инновациялық іс-әрекеттерге қабілеттілікті, кәсіби белсенділікті және жүйелі шығармашылықты талап етеді.
Отандық білімді жаңғырту және реформалаудың қазіргі жағдайында аймақтық педагогикалық институттың миссиясы – республика мен облыстың еңбек нарығына қажетті педагог кадрларды даярлау.
Тілеген АХМЕТОВПедагогикалық жоғары оқу орнының миссиясын жүзеге асыру студенттерге жоғары сапалы білім мен тәрбие беруді қамтамасыз ететін ұйымдастыру-басқару ісін дамыту арқылы орындалады.
Менің сайлауалды бағдарламамның ұраны – "Инновация. Даму. Тұрақтылық". Мемлекеттік педагогикалық институттың Даму бағдарламасында педагогикалык жоғары оқу орнын өркендетудің алты басым бағыты айқындалған.1. Аймақ мектептерінің педагог кадрларға заманауи талабы мен олардың қажеттілігін есепке ала отырып, мұғалімдерді даярлауды жетілдіру.
Профессор-оқытушылар құрамының ағылшын тілін меңгеру деңгейін жетілдіріп, үш тілде сабақ бере алатын білім алушылар тобын кеңейту арқылы көптілді мамандар дайындауды күшейту; шағын жинақталған мектептердегі (облыс бойынша 70% -ды құрайды) кадрлар талабын ескере отырып, бірнеше туыстас пәндерден сабақ жүргізе алатын арнайы педагог кадрлар дайындау.
2. Аймақтық білім беру жүйесінде мамандарды даярлауға негізгі тапсырыс беруші болып табылатын білім беру ұйымдарымен, жұмыс берушілермен және әлеуметтік серіктестермен педагогикалық институттың жан-жақты кооперациясы; дарынды балалардың ғылыми жобаларын қолдау арқылы пединститут пен мектептердің біріккен ғылыми-зерттеу, инновациялық-әдістемелік жұмыстарындағы өзара байланысын іске асыру; Назарбаев Зияткерлік мектебінің озық тәжірибесі мен инновациясын таратып-ендіру және білім беру консалтингін құру.
3. Жоғары оқу орнында кәсіби маман даярлау ісінде 12 жылдық білім берудің мәселелерін шешуді қамтамасыз ету және институтта оқытудың мазмұнын, әдістемесін, технологиясын 12 жылдық орта білім берудегі мектеп пәндерінің жаңартылған мазмұнына сәйкестендіре жетілдіру.
Оқыту мен сабақ беруде жаңа тәсілдерді алдын-ала енгізу жөне бағалау техноло-гиялары, диалогтік оқыту және сыни ойлау, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, ақпараттық-компьютерлік технологияны қолдану, оқыту барысында көшбасшылық қасиеттерді дамыту маңызды болып есептеледі.
4. Педагогикалық жоғары оқу орнындағы ақпараттық білім ортасы заманауи ақпараттық-бағдарламалық құралдар мен жоғары жылдамдыктағы Интернетке қол жетімділік, қашықтықтан оқыту теориясы мен технологиясы бойынша жоғары мектеп оқытушыларын даярлау, әлеуметтік-тәрбие жобаларын, робототехника курстарын дайындау және енгізу арқылы қалыптасады.
5. Педагогикалық институттағы оқу-төрбие жүйесі Жаңа қазақстандық пат-риотизмді қалыптастыруға негізделген. "Мәңгілік ел" ұлттық идеясын іске асыруға, инновациялық іс-әрекетті, белсенді, креативті идеяларға бай, кәсіби қызметінде жаңа талаптарға икемді, сапалы білім беруге қабілетті педагогті тәрбиелеуге бағытталған.
6. Инновациялық менеджменттің қалыптасуы Болон Декларациясының талаптары мен бүкіләлемдік жаһандану және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың инновациялық серпінді дамуынан туындайтын мәселелерді шешуге, профессор-оқытушылар құрамынық ресурстық әлеуетінің дамуына және адами ресурстарды басқару стратегияларының әзірленуіне, педагогикалық жоғары оқу орны менеджерінің құзыреттілігін арттыруға байланысты. Аталған бағыт контексінде заманауи менеджер педагогикалық жоғары оқу орны түлектерінің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігі және сұранысқа ие болуы арқылы педагогикалық институттың әлеуметтік-білім беру және ғылыми-зерттеу қызметіндегі мәселелерді шеше алады.
Бейінді заманауи жоғары оқу орны ретінде педагогикалық институт өңірге кез келген жүйелі өзгерістер мен сыни өткелдерге төтеп бере алатын, орта білімді рефор-малау мен қайта өзгерту жағдайында алған білімін қолдануға қабілетті, білікті, бастамашыл, жауапты маман даярлауға дайын және Қазақстан Республикасында мұғалімдерді даярлаудың жаңартылған талаптарына сәйкес болуы керек.
Ұсынылып отырған бағдарламаның тиімділігінің критерийлері болып Бақылау және Қамқоршылар кеңесінің, жұмыс берушілердің, қоғамның, мемлекеттік билік мекемелері өкілдерінің, ҚР БҒМ-нің тарапынан пединститутқа беретін тәуелсіз бағасы саналады. Бұл жағдайда институттағы білім беру деңгейі, ғылыми-зерттеу, қаржы-экономикалық, халықаралық, инфрақұрылымдық, түлектерді жұмысқа орналастыру пайызы, профессор-оқытушылық құрамындағы ғылым кандидаттары мен докторлардың үлесі бағаланады.
Тілеген АХМЕТОВ,
Қостанай мемлекеттік
педагогикалық институтының проректоры,
педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент.

Наши координаты

110000, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Мы в социальных сетях

Вы здесь: Главная Библиотека Публикации ППС в СМИ Педагогикалық институттың даму бағдарламасы мектептермен үндес