ШЫҒЫСТАНУШЫ В.В. ГРИГОРЬЕВ
Қазақ тарихы, 2015 ж., № 6 (137), Б. 11-12.
Эльмира НАУРЫЗБАЕВА, тарих ғылымдарының кандидаты, Қостанай мемлекеттік
педагогикалық институтының Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі

Қазақ тарихы хақында
XIX ғасырдың алғашқы жартысында Қазақ даласы Ресей ғылымының зерттеу объектілерінің біріне айналды. Ресей елшілігі қызметкерлерінің Орта Азияға жеткізген материалдары қазіргі ғылым саласында маңызды қызығушылыктар туғызады. Олардың өз көздерімен керіп бейнелей, суреттей жазып қалдырған қолжазбалары қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, мәдениеті, шаруашылығы, тұрмыс-тіршілігі жайында мағлұматтар береді.
XIX ғасырдың 50-70-жылдары үкімет шенеуніктерінің арасында қазақ халқының тарихы мен географиясы, этиографиясына қатысты маңызды мәселелерді зерттеуге үлкен үлес қосқан жоғары білімді адамдар, ғалым-шығыстанушылар да аз болған жоқ. Солардың бірі - көрнекті тарихшы-шығыстанушы [1], Орынбор Шекара комиссиясында төрағалық еткен Василий Васильевич Григорьев (1816-1881 жж.).
Озық ойлы көзқарастарымен ерекшеленген В.В. Григорьев қазақ жеріндегі отарлау саясатын қазақтардың қоғамдық қатынастары мен тұрмыс тіршілігінің ерекшелігін терең зерттеу негізінде ғана жүргізу керек деген пікірде болды. Оның бұл көз-қарасын зерттеуші Н.И. Веселовский келтірген Григорьевтің мына бір хат үзіндісінен көруге болады: «Как ориенталист, я, на беду мою, понимаю Азию и азиатцев, а те, которые руководят моими действиями, не знают аза ни в том, ни в другом, и, меряя все на европейский аршин, седлают корову арчаком, а коня запрягают в ярмо (бремя, тяжесть, иго). И никак этого никому не растолкуешь. Станешь доказывать, так обижаются, и тебе же говорят, что не понимаешь дела... Человеку не глупому стыдно быть русским чиновником, особенно по части азиатских дел» [2, 175-6.]. Бұл хат үзіндісінен зиялы азаматтың реніш пен өкінішін, ашынған ойын көре аламыз. В.В. Григорьевтің зиялы, прогрессивті көзқараста болуына оның білімділігі әсер етті.
1852 жылы досы Савельевке жазған хатында ол: «не сижу сложивши ручки. Во-первых - составил две записки исторические: о Киргизах и Уральских казаках – труд, который самого меня познакомил с делом...» деп, бірінші күндерінен-ақ езінің сүйікті ісі – өлке тарихын зерттеуге кіріскенін айтады [2, 113-б.]. Келесі жылдың мамыр айында Орынбордан Ақмешітке аттанған «құпия экспедиция» құрамында әскери жорық кеңсесінің басшысы және экспедицияның тарихнамашысы болды[2, 126-127-б.].
Орынборда В.В. Григорьев көптеген еңбектер жазды. Бұл еңбектерінің толық тізімін көрсету мүмкін емес. Оған себеп - баспа беттерінде жарық көрген мақалалары, қолжазбалары мынадай бүркеншік аттармен басылып отырған финляндиялық филолог Изафети Маклуб, Кр. Орская Степан Рукавшиников, Стерлитамак Я. Сахаров, Троицкий житель, сұлтан Мендали Пиралиев, Льготный казак және т.б. Оның қазақ даласы жайындағы алғашқы мақалалары «сұлтан Мендали Пиралиевтің жазбалары» деген бүркеншік атпен жарық көрді [2, 199-б.]. Осы атпен шыққан мақалалары: 1861 жылы Халықағарту министрлігінің журналында «Самоучитель русского языка для киргизов»; 1862 жылы «Северная пчела» журналының 110-санында «О Бухарском хлопке и о возможности разведения хлопчатника на Сырдарье», Халықағарту министрлігінің журналында «Материалы к изучению киргизского наречия Н.И. Ильминского», «День» газетінің 28, 32, 35 сандарында «Письма из Зауральской степи», 1873 жылы «султан Мендали Пиралиев, девять Хивинских писем в редакцию «Русского мира»» және т.б.
В.В. Григорьевтің тарихи-этнографиялық еңбектері мыналар: «Моңғолдар тарихы» (1834 ж.), 1857 жылы «О значении народности», «О воспитании в духе народности»; 1861 жылы «Бұхардағы, Қоқан мен Қашғардағы кейбір оқигалар жайлы мырза Шемса бухари жазбалары»; «Ұлы Александрдың Батые Түркістанға жорығы туралы», «Книга рукописная прошнуровная с печатью зимние кочевки волостей Каркаралинского внешнего округа»; 1862 жылы «О передаче звуков киргизского языка буквами русской азбуки» (Н.И. Ильминскийге хат) акционер журналының 12-санында «О наших средеазиатских делах»; 1863 жылы «День» газетінің 29-санында В.В. Вельяминов-Зерновтың «О Касимовских царях и царевичах» деген еңбегіне рецензия, осы жылы «Северная пчела» журналының 33-санында «Торговля с Средней Азией»; 1864 жылы «Народная Беседа» журналында «Оренбургские киргизы их чест и умение в торговом деле» деген мақаласында: «1858 жылы далада орнатылған тыныштықтың әсері, әр түрлі өндірістің дамуына әкелді, ал батыс бөлікте егіншілік қарқынды түрде дамып, тіпті сол жылы орал казактарын нанмен қамтамасыз еткен, ал шығыс бөлікте арбамен жүк тасу (түйемен жүк тасу қазақтың ертеден келе жатқан кәсібі еді) ісі өз межесіне жеткен. Сауда мәселесі де үлкен айналымдарға жетіп, кішігірім капиталистер серіктестіктерді құрды, ал бәйыған саудагерлер банкирлерге айналды» [2, 222-223-б.] деп жазған. 1865 жылы Парижде «Альбом видов из Киргизской степи»; 1869 жылы «Шығыс Түркістан» еңбегінің бірінші басылымы жарық көрді, ал 1873 жылы толықтырылды, 1871 жылы «О скифском народе саках» атты еңбектері жарияланды.
1874 жылы «О русской политики в отношении к Средней Азии» атты еңбегінде патша өкіметінің қазақтарға қатысты саясатына мынадай сын айтып, «Қырғыздарды басқаруға қатысты біздің әдістеріміз шын мәнінде күлкілі, үйлеспейтін мақсаттар мен ол үшін қолданылған тәжірибесіз шаралардың нәтижесі, әсіресе, тілге, дінге, түсініктер мен әдет-ғұрыпқа байланысты жасалған әрбір қадам қателік болды» [18, 1-б.], - деп мойындайды. Ал бұл қателіктердің неден туындағанын ол былай түсіндіреді: «Біз қырғыздарды өзіміздің поволжьелік татарлармен этнографиялық жағынан уқсас деп ойладық, сондықтан жүз жиырма жыл бойы барлық санақ жұмыстарын татар тілінде толық сеніммен жүргіздік. Мұнымыз испандықтарға итальян тілінде немесе итальяндықтарға испан тілінде, сербтерге поляк тіліндө, ал поляктарға серб тілінде жазган сияқты болып отыр» [3, 1 б.]. Сонымен қатар В.В. Григорьев халықтың өз еркімен дамуына кедергі келтірмейтін реформаларды қолдап, қазақтарды азаматтық қоғамға зорлық-зомбылық жолымен емес, тек қана тыныштық және бейбітшілік жолымен апаруымыз керек деп қорытады. Oл көшпелілердің тұрмыс-тіршілігіне, өмір сүруіне кедергі келтіретін бірнеше ресми құжаттарды келтіре отырып, мұндай іс адамгершілікке жатпайды, тіпті мемлекеттік жағынан тиімсіз деп, қазақты бағындыру ушін басқа да сенімді құралдардың бар екенін айтады.
В. Григорьев 1876 жылы Петербургтегі Шығыстанушылардың үшінші халықаралық конгресінің ұйымдастырушысы әрі төрағасы болған. Осы шараға байланысты ол «Россия и Азия» атты мақалалар жинағын әзірлеп, оны баспадан шығарады. Жинақта жарияланған мақалалардың бірқатары қазақтар тарихына тікелей қатысты еді. Мысалға «Алтын Орда хандарының орыстың дінбасыларына берген жарлықтарының шындығы туралы» макаланы атауға болады [4].
Қазақтарға жанашырлықпен қараған Шекара комиссиясының төрағасы В.В. Григорьевтің шаруашылық мәселесіне қосқан үлесі де аз емес. Ол жайында былай деген: «Біздің әкімшілік қырғыздардың егін шаруашылығымен айналыса бастағанынан қатты қорықты және осы істе оларға барынша кедергілер жасап бағуда. Олар қыр-ғыздарға егін шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік бермей, Ресейге тікелей бағынышты етуді көздеді. Тіпті генерал-губернатор В. А. Перовскийдің өзі тұрғылықты тұру үшін қандай да жер уй немесе балшық үй салуға үзілді-кесілді тыйым салды. Дегенмен, әкімшілік тыйымдарға, өңдеуге келетін жерлердің аздығына, орманды жерлердің мүлдем жоқтығына қарамастан, қазақтар егіншілікпен айналысқан» [5, 209-б.]. Қазақ даласына жасаған бірнеше іссапарларының нәтижесінде В. Григорьев: «Егіншілік қыргыздар үшін өмірлік қажеттілігінен туындады» деп маңызды істерде өзінің көзқарасын өзгертеді [2, 210-б.].
Әсіресе, Сыр өңіріндегі суармалы егіншілікті қолдаған ол: «Сырдың жағалауын орыс, казак және т.б. қоныс аударушылар арқылы отарлау мүмкін емес, бұл жерде суармалы егіншіліктен басқа шаруашылық бола алмайды, ал орыстар үшін бұл өте ауыр болып көрінеді», - деген пікір айтты. Сондықтан да Осмоловскийдің: «Сыр бойына орыс егіншілерінің қоныстануы онда егін шаруашылығының дамуына ғана емес, олардың кырғыз арасында дамуына кедергі келтіреді», - деген ойын қолдайды. В. Григорьев Сыр өңіріндегі егіншілік мәселесіне мынадай тұжырымдар келтірген: «Сыр бойындағы орыс отаршылдары арқылы дамыған егін шаруашылығы, яғни, дәнді дақылдар өндірісі іске аспайтыны анық...» деп Сырдария бойында бұрыннан қалыптасып қалған шаруашылық түрін еш кедергісіз қазақтар мен қарақалпақтарға беруді айтады. Оның ойы бойынша «бөгет салып, қана өткізу ісі орыстар үшін азап шегу болып табылады, ал қазақтар мен карақалпақтар үшін таныс әрі баяғыдан бергі айналысып келе жатқан істері» [2, 018 б.], - деп жазады.
Қорыта келе, айтпағымыз - В. Григорьевтің ғылыми еңбектері нақты материалдардың көптігімен, зерттеудің жаңашылдығымен ерекшеленеді. Белгілі шығыстанушының қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі жайында және этнографиялық мәселеге арналған зерттеулері сол кездегі қазақ елінің шаруашылық ерекшеліктеріне қатысты құнды дерек көзі болып табылады. Оның қазақ тарихына қатысты қалдырған мұрасы кең көлемді, әр түрлі, сондықтан да әлі де терең талдауды қажет етеді.

РЕЗЮМЕ
В статье анализируются труды востоковеда В.В. Григорьева, которые можно использовать при изучении истории казахского народа.
* * *
The article analyzes works orientalist V.V.Grigorieva, which can be used in studying the history of the Kazakh people.

ӘДЕБИЕТТЕР
1. OpOMM. 6 - к. - 10 - т. - 7258 - ic
2. Веселовский Н. И. Василий Васильевич Григорьев по его письмам и трудам 1816-1881 гг. – Спб., 1887. – 288 с.
3. Григорьев В. В. Русская политика в отношении к
Средней Азии. Исторический очерк. – СПб., 1874. – 5 с.
4. Григорьев В. В. Россия и Азия. Сборник исследований и статей по истории, этнографии написанных в разное время. – СПб.. Типография братья. Пантелеевых, 1876. – 572 с.
5. История Казахстана в русских источниках XVI-XX веков. - Алматы: Дайк-Пресс, 2007. – Т.5. – 613 с; История Казахстана в русских источниках XVI-XX веков, – Алматы: Дайк-Пресс, 2006, - Т.8, ч. 2, - 962 с.