Бақытым да, бағдарым да – Ата Заң!

Егемен Қазақстан, 2015 ж., 14 тамыз (№ 154), Б. 3.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында: «Қазақстан Республикасынын ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілген, яғни барлық қазақстандық азаматтар мемлекеттің кепілдік беретін барлық құқықтарына ие болын табылады. Бұрын Кеңес Одағы құрамындағы Қазақстан қеңестік социалистік республикасының Қылмыстық кодексінде ең алдымен мемлекетке қарсы жасалған қылмыстарға басымдық беріліп, оның 1-тарауы «Мемлекеттік қылмыстар» деп аталатын. Қазір тәуелсіз Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде адам құқығы алдыңғы орынға қойылған. Ол «Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» деп аталын, құжаттағы ерекше бөлімнін 1-тарауына орналастырылды. Яғни, еліміздің ең асыл қазынасы - адам және адамнын өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ерекше қорғауында тұр деген сөз.

Ата Заңымыз - Қазақстанның ашық, демократиялык, азаматтық қоғам мен құқыктық мемлекет болып қалыптасу, даму жолындағы ең жоғары заңдық күші бар негізгі заң. Мемлекеттік билік тармақтарының тепе-теңдігі, саяси партиялардың плюрализмі, қоғамдық ұйымдардың өз мүдделерін еркін білдіре алуы, ашық сайлау, толерантты азаматтық қоғам, омбудсмен институтының болуы - кұқықтық мемлекеттің негізгі нышандары. Алуан түрлі жобаларды жүзеге асыратын 18 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді.
Қазақстан Конституңиясы әлемдегі ең үздік құқықтық тәжірибелерге, гуманистік идеяларға негізделіп, жоғары заңдылықты сақтай отырып жасалғандықтан, оны оқыған сайын әрбір әрпінен заңның үстемдігі мен демократиялық қағидаттар аңға-рылып тұрады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдағаң әрбір Жолдауы, баяндамалары адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін корғау, құқықтық тәртіп пен заңдылықты күшейту іс-шараларымен негізделген. 2012 жылы желтоқсан айында Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз құқықтық нигилизмді жеңіп, қоғамды тәртіпті қорғау ісіне тартуымыз керек. Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Бүгінде, интернет пен жоғары технологиялар ғасырында, ақпараттар тасқындаған заманда, «сүзгі» адамның ішінде болу керек. Классиканы оқыңыздар, фильмдерді көріңіздер», деп жазған болатын. Аталған құжат-тарда қылмыстық саясаттың барлық бағыттарының демократияландырылып, тиісінше ондағы ақпараттардың ашықтығы мен тұнықтығын қамтамасыз етуге бағытталғандығын анық көруге болады. Ойткені, заңдылык пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі, құқықтық мәдениетті, көзқарастарды, құндылықтарды, құқықтық сананы, тәрбиені қалыптастыру Конституциядан бастау алады. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «құқық және экономика» мамандығы студенттерінің белсене қатысуымен жыл сайын «Конституция - әр үйге» ашық дәрістері өтеді. Бүгінгі жастар өздеріне барлық құқық пен бостандықты беріп отырған Ата Заңды білуі тиіс. Сабақтан тыс ашық дәрістердің көздеген мақсаты да сол. Биыл мерекелі жылы студенттер «Ата Заңым - айбыным!» атты дөңгелек үстел нұсқасында пікір алмасу мәжілісін өткізді. Конституциямыздың 20-жылдығына арналған кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының аумағында 127 жоғары оқу орны болса, оның 72-сі жекеменшік. Барлық жоғары оқу орындары Болонья үрдісінс енуімізге байланысты кредиттік оқыту жүйесінс негізделген. Бұл ортақ жүйс білім мен ғылым саласының интеграциялануына жағымды жағдай туғызып, дипломдардың Еуропа елдерінде танылуына мүмкіндік туғызады, академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқытушы профессорлар құрамының, студенттердің өзара тәжірибе алмасуына өте тиімді. Ұлы Абай өзінің 18-ші қара сөзінде «Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ» деп байлам жасаған. Білім мен ғылым болашаққа салынған үлкен капитал.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабында: «Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар. Мемлекет білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын белгілейді. Кез келген оқу орнының қызметі осы стандарттарға сай келуі керек», делінген. Білім алу құқығы қазіргі заманғы қоғамның аса маңызды игіліктерінің бірегейі болып табылады. Білім сапасы әрбір қазақстандық азаматтың рухани-адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени және дене дамуының, кәсіби біліктілігінің деңгейін қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар тудыруы тиіс. Жоғары оқу орындарына конкурстық негізде түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу арқылы әрбір азамат өзінің білім денгейіне сәйкес тең құқықта өзінің сүйікті мамандығының иесі атана алады. Білім сапасын тексеру мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі құрамында Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті жоғары оқу орындарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу жүргізеді және лицензиялық заңдарға қойылатын талаптардың сақталуын тексереді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 59-бабының 4 тармағына сәйкес, жоғары оқу орны тәуелсіз (мемлекеттік емес) аккредитациялық органдардан институционалдық және мамандандырылған аккредитациядан өткен жағдайда 5 жылдан аспайтын мерзімінде мемлекеттік аттестациядан босатылады. 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасының талаптарына сәйкес 2015 жылдан бастап мемлекеттік аттестация ұлттык институционалдық аккредитациямен алмастырылып, мемлекеттік бақылау тек лицензиялық тексерулермен ғана шектелуі тиіс болатын. Алайда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов Парламент Мәжілісі депутаттарының алдында мемлекеттік аттестаттау жүйесін 2017 жылға дейінгі мерзімге кейінге қалдыруды ұсынды. Бұл мәселе озінің орынды шешімін табатынына біздің сеніміміз мол.
Осылайша Қазақстан Республикасынын Конституциясы толыққанды мемлекеттігіміз бен өркениетті құқықтық қоғам құруымызды әрқашан негіздеп отырады.
 
Мұхтар ТӨЛЕГЕН,
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының
проректоры, заң ғылымдарының кандидаты.

Наши координаты

110000, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Мы в социальных сетях

Вы здесь: Главная Библиотека Публикации ППС в СМИ Бақытым да, бағдарым да – Ата Заң!