«Жас кезімнен білімге құштар болдым»
Наш Костанай, 2015 г., 26 мая (№ 41), С. 7.
Әке көрген оқ жонар
- Сіз ғұлама ғалым ғана емессіз, ұлтжандылығыңызбен тәуелсіз еліміздің болашағы үшін еңбек етіп жатқан қайраткерсіз. Сонан соң менің бір байқағаным, бір ұлыңыз еркін өзіңіздің жолыңызды қуып, тарих ғылымының докторы атанды емес пе?
- Рахмет. Менің еңбегімді елге танытып, азды-көпті Отаным үшін сіңірген жұмыстарымды көрсетіп жатқан өзің секілді журналистер ғой. Шынында да үш ұлымның тұңғышы Еркін Менің жолымды қуып, тарих ғылымының докторы атынғаны рас.
Ол бұл күндері Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ғылым және шет елдермен байланыс жөніндегі проректоры. Қарапайы тілмен айтсақ, осындағы барлық бола-шағынан үміт күттірер ғалымдармен жұмыс істеп, жәстардың осы саладан өз орындарын табуына өзінің лайықты үлесін қосып келеді.
Өзінің баласы болған соң мақтады деп ойлап қалмаңыздар. Еркін сонау мектеп қабырғасында жүрген кезден бастап, тарих пәніне өте құштар болды. Өзінің осы ғылым саласына деген бейімділігін ерте танытты. Алтыншы сыныптан бастап әрхеологиялық қазба жұмыстарына қатысып, өзінің қарым-қабілетін көрсете бастады деп нық сеніммен айта аламын.
Арада бір жыл өткен соң, яғни жетінші сыныптан бастап ғылымға бейімділігі үшін сонау Болгарияға барып келді. Тіпті кезінде кез келген баланың қолы жете бермейтін Артекте де болды. Қарағанды мемлекеттік университетінің бірінші курсында оқып жүрген шақтан бастап, ғылыми жұмысын жаза бастады.
Университетті аяқтар кезде маған қосалқы автор ретінде тарихқа байланысты кітап жаза бастадық. Әлі күнге дейін мен, анасы Тамара және ол үшеуміз он шақты кітапты жарыққа шығардық. Ең бастысы ол өте табанды әрі еңбекқор. Қандай жұмысты қолға алса да соңына дейін жеткізбей тынбайды.
Мұның осы институтқа дейін облыс орталығындағы Қазақстан Рес публикасы ішкі істер министрлігіне қарайтын Қостанай Заң университетінде кафедра және курс меңгерушісі болып қызмет атқарды. Отставкаға полков ник дәрежесімен шықты.
Еркіннің мінезі жайдары. Сонау студенттік жылдары көңілділер мен тапқырлар клубында белсенді мүшелердің бірі болды. Орта мектепті орысша бітіргенмен, өзінің таудай талабы, ана тіліне деген жанашырлығының арқасында бәрін де меңгеріп алды.
- Сіз кітапты рухани байлыққа балайтын зиялы кісілердің қатарындасыз. Екінші қабатқа көтерілгеннен бері байқағаным, бір бөлменің төрт қабырғасы толған кітап екен. Шамасы оның ұзын саны үш-төрт мың дананы құрап қалады-ау деймін?
- Иә, біз барған үйімізді оның дүниесімен емес, кітабына қарап бағалайтын заманның ұрпағымыз. Бұл арадан тек қана сіз олардың ең негізгілерін ғана көріп отырсыз. Басқа жақта да кітаптар аз емес. Өмір бойы кітап жинап өскен ағаларыңның бірімін.
Осы арада бір тоқталайын дегенім, сөрелерде 1896 жылы Мәскеуден жарық көрген Герман халқының тарихы, С. Ковалевтің бұрынғы Ленинград қаласынан 1936 жылы шыққан «История античного общество» деп аталатын кітаптарды да көресіз.
Профессор жан жақты болуға тиіс
- Мен де жас болдым. Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінде оқып жүрген кезімде нағыз профессорлардың қандай болатындығын көзбен көріп, көңілге түйдім. Олардың әрбір лекциясын босқа жібермейтінбіз. Сонымен қатар олардың жүріс тұрысы, киім киісі, сөйлеген сөзі, тіпті жан сарайына шейін өзімізді қызықтыратын.
- Осы арада өзіңіздің ұстаз ретінде пір тұтқан ғалымдар жайлы тілге тиек етудің де реті келіп тұрған секілді?
- Өзімді шексіз бақытты санаймын. Өйткені, жастық шағымыз ізденіспен өтті. Жоғарыда баяндалған университеттің қабырғасында мүйізі қарағайдай аттарынан ат үркетін ең мықты деген профессорлардан дәріс алдық.
Олардың кітаптарын айтпағанның өзінде өздерін бір көріп, мағыналы әңгімелерін тыңдаудың өзі кез келгеннің қолы жете бермейтін ерекше бақыт еді. Осы арада көрнекті тарихшы, кезінде өзінің ұлтжандылығы үшін қудаланған Ермахан Бекмахановты атап өткенім орынды болар. Өйткені, ол кісі осы жоғары оқу орнында ка федра меңгерушісі болды.
Сондай-ақ Әмір Қанапинді тілге тиек етпесем, мынау сұхбатымның сәні келмейтін сияқты. Ол кісі де тарих ғылымының докторы, сонау бір жыл дары елімізде мәдениет министрлігі болды. Қазақстан компартиясы орталық комитетінің идеология жөніндегі хатшысы атанды.
Мұндай лауазымды қызметте жүрсе де ол өте қарапайым болатын. Осы мемлекет қайраткерінің тікелей басшылығымен өзімнің кандидаттық диссертациямды ойдағыдай қорғадым. Оны ешқашан да ұмытпаймын. Өткен жылы оның 100 жылдығы аталып өтті.
Сондай-ақ Қазақстан ұлттық ғылым академиясының академигі антро полог Оразақ Смағұловтың мен үшін орны бөлек. Ол кісі биыл 85-ке толады. Осындай азаматтардан дәріс алып, еліміздің түкпір, түкпірінде қазіргі таңда егеменді еліміз үшін аянбай еңбек етіп жатқан замандастарымыз қаншама.
- Сіздің ұлтымыздың біртуар перзенті академик Манаш Қозыбаевтың жиені екендігіңізді жұртшылықтың бәрі де біледі. Сөздің реті келгенде осы қайталанбас тұлғаның тәлімгерлігі өзіңізге жасаған қамқорлығы, азаматтық қырлары жөнінде де әңгімелей кетсеңіз?
- Әрине, әлгі есімдері аталған ұстаздарымның маған деген ерекше ықыластарымен қатар, Манаш аға да менің ғалым болып қалыптасуыма өзінің септігін тигізді деп айтпасам ешкім нанбас та еді. Ол кісі менің бойымдағы тарих ғылымына деген құштарлықты байқаған соң, тұрақты түрде бағыт-бағдар беріп отырды.
Сонымен қатар нағашым өте қа тал болатын. Маған да биік талаптар қойды. Көп оқуымды қадағалады. Жан жақты азаматмболып қалыптасуыма да тікелей ықпал етті. Өзі де үздіксіз еңбек етті. Қазақ халқының еліміз егемендік алғаннан кейін тарихын жазуға көп тер төкті.
Ол кісі өте мейірімді болатын. Тек туысқандарына ғана емес, бойында талант ұшқыны бар барлық жастарды жеріне, руына ұлтына қарамастан жанашырлық танытып, қолтықтарынан демеді. Келешекте еліне пайдасын тигізер жастарды өте байқайтын. Сон-дықтан да олардан уақытын аямады.
Жалпы оның соңғы демі үзілгенше сырлас болдым. Оның інісі бұл күндері Әл-Фараби атындағы ұлттық университетінде кафедра меңгерушісі болып істейтін атақты ғалым Сағынбай екеуміз бірге оқыдық. Ол өткен жылы ғана 70 жасқа толды.
Байқаймын, ол осындағы өзің секілді қолына қалам ұстап жүрген көптеген журналистердің тәлімгері. Кейінгі журналистерге тағылым бо лар талай кітаптардың авторы ретінде де кепке аян.
Оразалы Қозыбаев -мемлекет қайраткері
- Бұл пікіріңізбен толық қосыламын. Себебі, ол атам кезінде басқарма төрағасы болды. Меңдіқара ауданында ол кісіні білмейтіндер жоктың қасы. Оның бір ұрпағы Сәуле апамыз бұл күндері Краснопреснин ауылында оның шаңырағын ұстап отыр.
- Анаңыздың туған бауыры Ора залы Қозыбаев кезінде Қазақстанды узақ жылдар басқарған Дінмұхаммед Қонаевпен дәмдес, үзеңгілес азаматтардың бірі болғандығы тарихтан белгілі. Осы тұлғаның да бізге белгісіз кейбір жайлары жөнінде сөз етсеңіз?
- Ең алдымен айтарым, ол елім деп еңіреп өткен азамат. Кезінде рес-публикамыздың басқа еңірлерін атамағанның өзінде Қостанай облыстық Партия комитетінің екінші хатшысы болды. Күллі Торғайлықтар да оны осы күнге дейін біздің Әбекең деп ауыздарынан тастамайды. Өйткені ол сол аймақты түлетті.
Орекең өте ұлтжанды кісі еді. Қа зақ кадрларын қызмет бабымен көтеруге өзінің тікелей ықпалын тигізді. Менің анам Айтжан секілді тік мінеді қайсар, кімнің болсын кемшілігін бетке қорықпай айта білетін батыр келбетті жан болатын.
Ол кісі де үстіміздегі жылы 90 жасқа толды. Облыс орталығындағы халыққа қызмет көрсету орталығының қабырғасына нағашымызға арналып мемориалдық тақта орнатылды. Содан кейін оның ұрпақтары әкесінің құрметіне ас беріп, ақсақалдарымыздың батасын алды. Кітап шығарды. Деректі фильм түсірілді.
Міне, осының бәрі де асыл азаматқа деген құрмет деп түсінемін. Кезінде ол менің тарихшы емес, агро ном болуымды қалады. Бірақ оның да әу бастағы таңдаған мамандығы тарихшы болатын. Сонау бір жылдары Қостанай мемлекеттік педагогика институтының түлегі.
Жатқан жері торқалы болғыр нағашым ашуланғанымен тез тарқайтын. Маған ептеп, ренжігенімен кейін көңілі қалпына түсті. Уақыт өте ғылым докторы атанғанымда арқамнан қағып, бетімнен де сүйді. Оның осы бауырмалдығын жер басып жүрсем, сірә ұмытамын ба.
- Осы Орекеңнің қызмет жолын бір кісідей білемін. Алайда көрнекті мемлекет қайраткерінің отбасы жөнінде көп айтыла бермейді. Жерлестеріміз біле жүрсін. Осы жайлы да сіздің аузыңыздан естісек деп едік.
- Оразалы нағашым қызметте мерейлі, жолдастарының арасында беделді болса, отбасында ете қамқор әке болатын. Ұзақ жылдар бойы бәйбішесі Раушан апамыз екеуі бақытты ғұмыр кешті. Ынтымақтары жарасқан ерлі-зайыптылар үш қыз екі ұлдарына жұрт қатарлы тәрбие берді.
Ағамыздың өзі ерекше жақсы керген қыздары Сәния мен Ғалия меди цина ғылымдарының кандидаттары. Бір ұлдары Нұрланның ғұмыры қысқа болды. Өмірден ерте өтіп, бәрімізді де мұңайтты. Бірақ тағдырдың жазуына қандай шара бар.
Ал Серік болса негізі музыкант. Кішісі Құмар химия ғылымдарының кандидаты. Бұл күндері кәсіпкерлікпен айналысады. Әкесін ерекше пip тұтқан осынау ұлдары тоқсан жылдық мерейтойында өз деңгейінде өтуіне тікелей атсалысты.
- Аманжол аға, міне, сұхбатымыз айяқталып келеді. Сіз осы уақытқа шейін қанша ғылыми еңбек жаздыңыз. Сондай-ақ былайғы жұртшылық біле бермейтін қандай бос уақытыңызда айналысатын қырларыңыз бар? Соны да түйіндеп айтып берудің сәті келген секілді?
- Жалпы, кім болсын уақыт өткен сайын өткен жылдары не тындырдым, халқыма не бердім, ғылымға қандай жаңалық қостым деген секілді сауалдарға жауап іздейді. Өзімнің бұл орайдағы ұялмайтындай шаруа тындырғаныма шүкіршілік деймін. Талай лауазымды қызметтерді де атқардым.
Екі ғылым докторымын және бірнеше ғылым кандидаттарына жетекші болдым, 250-ден астам ғылыми еңбек жаздым. Оның ішінде оқулықтармен монографиялар да жеткілікті. Кезінде Өзбекәлі Жәнібековке хат жазып, колледждер мен мектептерге Қазақстан тарихының енуіне тікелей ықпалымды тигіздім, Ол үшін атақ та алдым.
Бос уақытымда жеке үйде тұрған соң огородта бай-бақша өсірумен айналысамын. Кезінде орыстың домыра примасында ойнадым. Еркін күрестен спорт шеберлігіне кандидат болдым. Тамақ пісіруді бір кісідей білемін. Палауды өзбектерден кем дайындамаймын. Ұйғырдың лағманының шеберімін.
Кейбір еркектер әрине, мұны намыс көреді. Шынымды айтсам, қамырымды да илеп, кеспе жасауды бір кісідей білемін. Сонан соң отағасы болған соң, үй ішінде электрден ақай етсе оны біреулерді шақырмай-ақ өзім істей беремін.
Өзімнің жеке шеберханам бар. Онда барлық ағаш және темір жонуға арналған станоктарым да бар. Міне мұның бәрі де менің қолымнан келеді.