«Жас кезімнен білімге құштар болдым»

Наш Костанай, 2015 г., 19 мая (№ 39), с. 8

Деп сыр шертеді тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлы

Қостанайда аты шыққан зиялы қауым өкілдері аз емес. Солардың бірегейі бүгін әңгімемізге арқау болып отырған Аманжол Күзембайұлы. Ол тек ғылым жолын қуған азамат ғана емес, сөзге шешен, ұлтымыздың арғы-біргі тарихын жетік білетін тұлға.

Тарих ғылымының докторы, профессор бірнеше атақтары да бар. Өнегелі отбасының тірегі. Немерелері меи шөберелерінің ардақты атасы. Көптеген қазақ жастарының тәлімгері. Оны аз десеңіз облыстық Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрының көркемдік кеңесінің мүшесі.
Жуырда оның қарашаңырағында болып, белгілі ғалымның сонау балалық балдәурен шағынан бастап осы күнге дейінгі қалыптасу кезеңдері, алға қойған мақсат-мұраты, ұрпақ тәр-биелеудегі ғибраты жайлы кеңінен әңгімелескен едік.
Бүгінгі газетіміздегі «Жан сарай» деп аталатын жаңа айдарымызда осы көкірегі шежіреге толы айтулы қоғам қайраткері жайлы сыр-сұхбатты жұртшылық назарына ұсынғанды жөн көрдік.

Біздің жастық шағымыз қазіргілерге ертегі

- Аманжол Күзембайұлы, сіздің еліміздің басқа аймақтарын айтпағанның өзінде де осы өзіміздің киелі Қостанайдағы мемлекеттік педагогикалық институтта жемісті қызмет атқарып келе жатқаныңызға да едәуір уақыт болып қалды. Сізбен талай алқалы жиындарда жүздесіп жүргенімізбен былай сұхбат құрудың сәті енді ғана келіп отыр. Сондықтан әңгіме барысында іштегі қордаланған ойларыңыз бен пікірлеріңізді жасырмай айтады деген үміт-теміз.
- Айналайын-ау, келісті сұхбат аламын деген адам болса мен қашан да дайынмын ғой. Жалпы, қаламгер қауымын өте сыйлаймын. Ақын-жазушылардың арасында да достарым аз емес. Сол себептен сауалынды қоя бер. Мен жауап беруге дайынмын. Бұдан бұрын жергілікті басылымда біраз мен туралы дүниелер жарық көрді.
- Байқауымша сіз текті әулеттің ұрпағысыз. Сондықтан әңгімемізді әріден бастағанымыз дұрыс шығар. Алдымен маған өзіңіз тәрбиеленген қасиетті шаңырақ жайлы сыр шертсеңіз. Әкеңіз, шешеңіз кім болған? Олардан кейінгілерге айтып жүретіндей ғибратты жайлар жөнінде де білгеніміз дұрыс шығар.
- Ең алдымен әкем Күзембай жайында айтсам. Жалпы біздің қазақ өз ұрпағына есім берер кезде ырымға ерекше сүйенген. Кез келген қазақтың атын алсақ оның астарында мән-мазмұн жатады. Мысалы, ардақты әкем Күзембай сонау 1920 жылы кәдімгі күздегі қой қырқу кезінде дүниеге келіпті.
Асыл әжеміз дәл осы кезде босанып, өмірге шекесі торсықтай ұл әкелгендіктен оны Күзембай деп атапты. Мен 1991 жылға дейін атамның атына, яғни Әбілов болып жазылдым. Еліміз тәуелсіздік алып, мемлекетімізді әлем таныған соң, әкемнің атына көштім.
Әкем Күзембай дүниеден ерте өтті. 57 жас деген еркек үшін көп емес қой. Бұған кешегі Ұлы Отан соғысындағы алған ауыр жарақаттары мен кейінгі кездегі бастан кешкен қиындықтары да өзінің ықпалын тигізбей қойған жоқ.
Ол кісінің небары жеті-ақ класстық білімі болды. Бірақ сол шақта ақыл-парасаты мол, өмірден тұйгені мол жанға осы білімнің өзі де жеткілікті болатын. Тіршіліктің университетінен өткен қайран тұлға өмірден өткенше еңбек жолын кәдімгі қатардағы колхозшыдан бастап, есеп жұмысына жегілді.
Ол кісінің небары жеті-ақ класстық білімі болды. Бірақ сол шақта ақыл-парасаты мол, өмірден түйгені мол жанға осы білімнің өзі де жеткілікті бола тын. Тіршіліктің университетінен өткен қайран тұлға өмірден өткенше еңбек жолын кәдімгі қатардағы колхозшыдан бастап, есеп жұмысына жегілді.
Әкемнің алдын да бір-ақ мақсат тұратын. Ол шиеттей бала-шағасын ештеңеден та-рықтырмай, зарықтырмай қатарға қосу еді. Әрине, елі мен халқына адал қызмет етті. Қазір сол кездегі кейбір оқиғаларды айтсам қазіргі жастарға ертегідей көрінуі мүмкін.
Өйткені, біз көп балалы отбасында өстік. Бір-біріміздің киімімізді киіп өстік. Тіпті қар ұстінде жалаң аяк жүретінбіз. Әйтеуір шешеміз тігіп берген «боқшамызды» мойнымызға асынып алып, мектепке баратынбыз. Осыған намыстанбадық. Себебі, ол кезде халықтың пейілі де, ниеті де басқаша болатын.
Әкем жайлы айтқан соң, шешеме тоқталғаным да дұрыс қой. Анам Айтжанды Қостанай өңірінде білмейтіңдер жоқтың қасы. Өйткені, ол кісі биыл ғана 90 жылдығын елі мен халқы абыроймен атап өткен Социалистік Еңбек Ері. Көрнекті мемлекет қайраткері Оразалы Қозыбаевтың туған қарындасы.
Ол кісі де өте зерек еді. Өзі от ауызды, орақ тілді. Өте өткір жан-ды. Сондықтан да ешкімнің беделі мен қызметіне қарамай шындықты кәдімгі қас батырларша бетке тіліп айтатын. Сонысынан да болар, кейбір замандастарын мысы басып, олар ішіндегісін қысылып айта алмайтын.
Анамыз өте білімге құштар болатын. Сол кездегі облысқа тарайтын «Ленинский путь» және «Коммунизм таңы» газеттерін елімізге тарайтын «Білім және еңбек», «Мәдениет және тұрмыс» секілді журналдарды тұрақты түрде жаздырып алатын.
Жалпы біздің әулетіміздегі ұл мен қыздардың руханиятқа жақын болуына осы шешеміздің де септігі тигендігін айтқаным жөн болар. Осынау қазір сағынышпен еске алатын аяулы жан өлең де жазатын. Оның туған-туыстарына, ұлдары мен қыздарының туған күндеріне арнаған шумақтары біздің үйімізде әлі күнге дейін ең құнды зат ретінде сақтаулы.
Анамыз біздің қызығымызды көрді. Өзімнің ғылым саласындағы қол жеткізген табыстарымды естіп, кәдімгі балаша қуанатын. Сол анамыз 2004 жылы 84 жасында дүниеден өтті. Ұрпақтары бұл кезде бәрі де жетіліп қалған-ды. Сон дықтан соңғы сапарға ақ жуып, арулап қойдық.

Бауырларым - өмірдегі тіректерім

- Сіз көп балалы отбасында тәрбиелеңгеніңізді айттыңыз. Осы бауырларыңыздан қазір кімдер бар. Олардың қуанышы мен қайғысына ортақтасып тұратын боларсыз?
- Інім-ау адам жас кезінде көп нәрсенің байыбына бара бермейді. Жасың ұлғайып, алды-артыңды таныған кезде бауыр деген өте қажет екен. Шешем марқұм кезінде тоғыз құрсақ көтеріпті. Содан бұл күндері жетеуі тірі. Бәрі де жоғары білімді.
Мәселен, қарындасым Ақсұлу тарихшы. Бұл күндері зейнеткер. Сондай-ақ қыз ба-лалар Балапан мен Ақыл да өз ортасына өте сыйлы. Ақыл болса Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. Ұл балаларға келетін болсақ, інілерім Қорғанбек заңгер бол са, одан кейінгі Амантай әділет майоры.
Осы бір ата-анадан тараған ұл қыздармен тіршілікте араласып тұрамыз. Шаңырақтың үлкені болған соң, бәрі де меніасқар таудәй арқа тұтады. Қандай мәселе болса да акыл-кеңес сұрап, кішіліктерін көрсетеді. Отбасындағы қуаныштары мен мерейтойларымның басы-қасында солар жүреді. Соған шүкіршілік деймін.
- Әбеке, менің білуімше, сіздің елу жылға жуық бір шаңырақтың астында бақытты ғұмыр кешіп келе жатқан асыл жарыңыз Тамара Қайыржанқызы Әлібек те тарих ғылымдарының кандидаты, доцент. Бұл күнері өзіңізбен бірге бір жоға-ры оқу орнында қызмет атқарып жатыр деседі. Әңгіменің орайы келгенде соған да тоқтала кетсеңіз?
- Зиялы қауым өкілдері біздің әулетті ғылым қонған шаңырақ деседі. Оның өзіндік сыры да бар. Өйткені, әлгі сауалыңыз да айтылғандай менің бағым мен бақытым болып кездескен қазақтың ару қызы Тамара Қайыржанқызы да белгілі ғалым, Ол қазір Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында доцент. Студенттерге дәріс береді.
- Осы апамызбен қашан және қай жерде таныстыңыз? Соны да оқырмандардың білгені артық болмас?
- Алматы біздің замандастарымыз үшін өте ыстық қала. әлемдегі ең сұлу, табиғаты көркем осы шаһар менің де өмірімде ерекше орын алады. Сол шақтағы өзге қатарларым секілді мен де арман қуып Алатаудың баурайындағы осы қалаға бағымды сынау үшін барған едім.
Сол шақта Ақмола облысы Атбасар қаласында туып, өскен бойжеткен Тамара да әлгі қалаға жоғары білім алу үшін келген екен. Шілденің шіліңгір айында жан-жақтан жиналған жастар бұрынғы қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетіне емтихан тапсыруға жиналдық.
Жолымыз болып, мен де, Тамара да осы көптен бері арман еткен факультетке студент болып қабылдандық. Бәрі де сол кезден басталды ғой. Мен де кәдімгі тепсе темір үзетін, қылшылдаған жігітпін. Тамара да бетбіткеннің сұлуы болатын.
Сол студент кезде біз бұрынғы астанадағы Виногра дов көшесі 88-ші үйдегі №1 жатақханада тұратынбыз. Бастапқыда біз бір топта оқыдық қой. Содан танысып, достықтың соңы махаббатқа ұласты.
- Естуім бойынша, сіздерді қазақ халқының мақтанышы, ұлы тарихшы Манаш Қозыбаев үйлендірді деседі. Сол қаншалықты рас. Осыны өз аузыңыздан естісек деп едік?
- Мұның ешқандай өтірігі жоқ. Өйткені ол кезде академик Манаш Қозыбаев сол қалада тұратын. Есімі ғалым ерітнде елімізге танылым қалған-ды. Манаш аға маған нағашы болып келеді. Сондықтан сабақтан бос кездерім де осы кісінің үйіне барып тұратынмын.
Бұл күндері Манаш ағамыз арамызда жоқ болса да ол кісінің сүйген жары Сара апамыз айтулы азаматтың шаңырағының отын сөндірмей, ұл мен қыздарын тәрбиелеп отыр. Өзім Тамарамен үйленуге серт байласқан соң, оны нағашым мен жеңгеме көрсеттім.
Тамара ол кісілерге бірден ұнады. Өйткені, қалыңдығым көп сөйлемейтін, ибалы да инабатты, қазақтың барлық асыл қасиеттерін бойына сіңірген бойжеткен-ді. Олар келісім бер ген соң біз ауылдағыларға да хабар бердік. Осылайша үлкен кісілердің батасын алып, шаңырақ көтердік. Ол 1968 жылдың 1 желтоқсаны болатын.
- Сіздірдің қашан шаңырақ құрғандарыңызды білдік. Ғылымға, жалпы Қазақстан тарихын зерттеуге арнаған еңбегіңізге әлі тоқталармыз. Негізі адамның ғұмырының жалғасы оның ұрпағы емес пе? Сондықтан маған балаларыңыз, немерелеріңіз жөнінде әңгімелеп берсеңіз?
- Осы жерде асыл жарым Тамара апаңа шын жүректен шыққан шынайы алғысымды білдіргім келеді. Қанша дегенмен, тәрбие көрген қазақтың қызы ғой. Өзінен гөрі, мені әрқашан да жоғары қойды. Менің профессор, академик болып жүргенім бір жағы осы кісінің де тікелей қамқоры дер едім.
Өйткені, бұл кісі де, мен де ғылым докторы болғым келеді деп қырсығып отырса, мен не істер едім. Әрине, ол да ғылымнан кенде болған жоқ. Бірақ әйел затына тән сыйластықты, адамгершілікті ұстанды. Отбасының бақытын жоғары қойды.
Жұмыс та істеді. Бала да тәрбиеледі. Оның үстіне менің қаншама келімді, кетімді адамдарым бар емес пе? солардың бәрін де қабақ шытпай қарсы алып, дастарханын жайып отырды. Жоғарыда айтып өткенімдей мен шаңырақтың үлкені болдым, Сон-дықтан барлық інілерім мен қарындастарым менің үйімде жатып оқыды. Олардың ас-суы, жуылатын киім-кешегі бар дегендей, соның бәрі де менің асыл Тамарам төзді, шыдады.
Тіпті, інілерім үйленіп, қарындастарым тұрмысқа шыққанда аналарының орнын жоқтатпай, барлық той жабдықтарын зыр жүгіріп жүріп дайындады. Қыз балалардың жасауын жасады. Міне, мұның бәріне де қазақы тәрбие көрген, ананың тәлімін алған әйел ғана үлгереді.
Соның есесіне бұл күндері менің інілерім мен қарындастарым Тамара десе шығарға жандары ғана бөлек. Оның қас-қабағына қарайды.Туған күні мен мерекелерде бәрі қоршап алып, ең ізгі тілектерін білдіріп жатқаны. Несін жасырайын, солардың өзара сыйластықтарын көргенде бір сәт толқып қалатын кездерім де бар.
Үш ұл тәрбиеледік. Олардың бәрі де өмірден өз орындарын тапты. Тұңғышымыз Еркін 45 жаста. Кезінде Қарағанды мемлекеттік университетін үздік дипломмен аяқтады. Қазір сүйікті келініміз Эльмира екеуі Рүстем атты балаларын тәрбиелеп жатыр. Ол да 14 жасқа келіп қалды.
Ортаншы ұлымыз Абзал да әлгі аталған қаладағы эко номика факультетін бітірді. Содан кейін білімін жетілдіру мақсатында астанадағы қазақ гуманитарлық заң академиясын бітірді. Бұл күндері Қарағанды қаласында тұрады. Оның жан-жары келінімізАйгүл негізі фаранцуз тілінің маманы. Бірак бұл күндері «Қазакстан-Қа-рағанды» телеарнасында жүргізуші болып қызмет атқарады.
Екеуінде ел таниды. Олар қос перзенттері Дильара мен Оразды қазіргі уакыт талабына сай тәрбиелеп, білім беруге ұмтылыс жасап келеді. Үлкендері Ораз қазір біздің қолымызда. Облыс орталығындағы Сырбай Мәуленов атындағы гимназияның 10 сынып оқушысы.
Кенже баламыз Азат Қостанай мемлекеттік университінің Заң факультетінің түлегі. Біраз жылдар прокуратура саласында қызмет атқарып, мамандығын шыңдады. Қазір кәсіпкер. Жұмысында табыссыз емес. Осы ұлымыздың жан жары, келініміз Индира да отағасы секілді заңгер.
Бұлардың да шаңырақтарында ұш балалары өсіп келеді. Тұңғыштары Әмір 9-шы сынып оқушысы болса, ортаншы ба лалары Темір биыл бірінші сыныптың табалдырығын аттайды. Сүт кенжелері Адия әлі кішкентай сәби. Әте тату-тәтті тұрады.
Осы балаларымызға қарап, жан жарым Тамара Қайыржанқызы екеуміз Алла тағалаға шүкіршілік етеміз. Өміріміздің мәнді де мазмұнды өтеп келе жақандығына тәубә дейміз. Үш ұлдан тараған немерелеріміз жан-жақтан келіп, ата-әжелеп қаумалап алғанда төбеміз көкке жетіп, нағыз шаттықтың қызығына бөленеміз.
(Соңы келесі санда)
Оразалы ЖАҚСАНОВ.
 

Наши координаты

110000, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Мы в социальных сетях

Вы здесь: Главная Библиотека Публикации ППС в СМИ «Жас кезімнен білімге құштар болдым»