Көздің құрты – сүйікті өңді бір көру, көңіл құрты – аңсарымен бірге өлу

Қостанай таңы, 2015 ж., 4 ақпан (№13), Б. 6-7. | ЗЕРДЕ

Тілеген АХМЕТОВ, Костанай мемлекеттік педагогикалық институттының проректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Немесе Жүсіп Баласағунимұрасындағы отбасы тәрбиесінің мәселелері

1. ЖАҚСЫ ЖАР – ЖҰМАҒЫҢ

Уақыт пен кеңістікке тәуелді адамзат қоғамының даму тарихында көшпелі түркілер елін, жерін қорғайтын ұл мен қыз тәрбиелеудің негізі отбасы, ошақ қасынан басталатындығына аса мән берген.

Отбасы тарихи категория ретінде адамдардың өзара тек қана материалдық (табиғи-биологиялық, шаруашылық-тұтынушылық) қатынастарымен ғана сипатталып қоймай, сонымен қатар рухани (құқықтық, адамгершілік, психологиялық) процестерді де қамтиды.
Отбасындағы тәрбие қай заманда болмасын, маңызды мәселелердің бірі. Бүгінгі педагогикалық қауымның алдын-да тұрған мақсат: "Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің принципиалды мәнді бөліктерінің бірі - отбасымен жұмыс" екендігі белгілі.
Бүгінгі ғылыми педагогикада әдеби термин ретінде орыс тіліндегі "семья" сөзінің қазақша баламасы ретінде "жанұя, отбасы, шаңырақ" лексикондары қолданылып жүр. Біздің ойымызша, "семья" сөзінің қазақ тіліндегі дәл де ауқымды аудармасы "отбасы" болып табылады. Себебі, отбасы ұғымы қазақ халқының байырғы замандардағы отты қасиет тұтып, оған табынған сәбилік дәуірін еске түсіретін наным-сенімінің, салт-дәстүрінің көрінісі іспеттес. Қазақ халқы от, отбасы, Отан секілді түбірлес қасиетті сөздердің негізінде "Отан отбасынан басталады", "Отан оттан да ыстық", "Үйленеріңде әуелі отауыңды сайла" деген мақалдарды бекерге шығармаған. Осы қасиетті от лексикасынан өрбіген отбасы, отағасы, от ана, отау, отасу, от алу, отар, отығу, оташы, отын, т.б., дербес мағыналы сөз бен сөз тіркестері "қазақтың бабатүрік тілінен бүгінге жеткен, ілкі дамыған өркениетін айғақтайтын қоғамдық-әлеуметтік төл терминдік қатары".
Жүсіп Баласағұнидің отбасы тәрбиесі төңірегіндегі пайымдаулары бірнеше ба-ғытта өрбіген. Атап айтқанда, бұлар мына мәселелерді қамтиды: отбасы - мемлекеттің бір бөлшегі; отбасының беріктігі - мемлекет беріктігі; әке мен шешенің ұрпақ алдындағы борышы; ұл мен қызды тәрбиелеу ерекшеліктері; тәрбиенің әдіс-тәсілдері; маман да өнегелі тәлімгерлердің аса қажеттілігі; этностық өзіндік салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәні; тәрбие ісіне бүкіл адамзаттық кұндылықтарды пайдалану мәселесі.
Жүсіп Баласағұни отбасының қоғам өмірінде алар саяси-әлеуметтік орнын өте жоғары бағалаған. Оның ойынша, мемлекеттің күштілігі, қуаттылығы, дәулеттілігі тек ел билеуші қайраткерлерге, әділ заңға, қарулы әскерге ғана тәуелді емес, әр отбасының беріктігіне де тура байланысты. Сондықтан да қоғамдағы тәрбие ісі - мемлекеттік деңгейде шешілетін маңызды мәселелердің бірі. Бұл іске бір жағынан ел билеуші бектер жауапты болса, екінші жағынан өскен орта мен ата-ана, туған-туысқандар жауапты. "Ұл мен қыздың енегесі - ата-ана, бәрі бізден - дұрыс па, әлде қата ма?" (1486-бәйіт), - дегендей, ұрпақ тәрбиесінің тізгіні ата-ананың қолында болатындығы - аталмыш дастанның ең бір езекті мәселесі.
Жоғарыда айтқанымыздай, ойшыл ақын мемлекеттің саяси беріктігі, әскери күші, байлық дәулеті, әлеуметтік рухы әр отбасындағы ахуалға байланысты, ал отбасының тыныштығы ошақ иесі әйелге тәуелді екендігін көре біліп, алдымен бозбалаға қандай әйел алу керектігі туралы пайдалы ақыл-кеңестер айтады. Осы жерде ақынның адам танығыштығы, өмір қалтарыстарын терең түсінетіндігі, адамның жан сыры мен мінез-құлқын жетік білетіндігі қайран қалдырады.
Жүсіп Баласағұнидің ойынша, отбасының беріктігі, оның болашақта өркен-деуі ең алдымен өмірлік дос болар жақсы жар таңдауға байланысты. Жар таңдау мәселесіне жеңілтектікпен қарау, күнделікті күйбең тіршіліктегі ұрыс-керіс, үй шаруасындағы икемсіздік, жан-сезімнің соқырлығы, нәпсі тежеусіздігі сияқты келеңсіз кеселдер отбасының шаңырағын шайқалтатын негізгі себептер болып табылады.
Жүсіп Баласағұнидің пікірінше, жастық шақта адам сұлуқұмар сезімнен аса алмай, тек көрікті сұлу әйел көздейді. Ал, сырты сұлу қыздың ішкі жан дүниесі де сұлу болып кездесуі өте сирек кұбылыс. Сұлу қызға үйленгендер жүре келе әйелін кім көрінгеннен қызғанып, уақытын үнемі өз әйелін қорғаштап күзетумен өткізеді. Сөйтіп, сұлуға үйленген адам күзетшінің кейпін киіп, қандай сорға тап болғанын өзі де байқамай қалады: "Сұлуқұмар, сұлуды аңсап сор қума, қызыл жүзді сарғайтпа, Һәм қор қылма" (4485-бәйіт).
Ал, кейбіреулер "қатын алма, қайын ал" деген бағытты ұстанып, бай жерден әйел алуды ойлайды. Ондай адамдар күндердің күнінде сол әйелдерінің ашса - алақанында, жұмса - жұдырығында бо¬лып, жалтақтап әйелінің аузына қараумен күнін еткізеді. Соның салдарынан ол үйдегі отбасының басшысы кім екендігін айыру да ҚИЫН болады: "Ей, тыңдаушы бай әйелден үміткер, құлы болып қалма оның, білікті ер" (4491-бәйіт).
Көрінгенге көзін сүзіп қарамайтын, ерінің көзіне шөп салмайтын, ақ ниетті, әдепті, пәк, ұятты қалыңдықты табу қиынның қиыны. Сондықтан ақын: "Қайын алма, алсаң нағыз қатын ал, адамшылдық сіңген асыл затына" (600-бәйіт), - дел өсиет айтады.
Табиғатынан мансапқор, елге билік жүргізуге құмар адамдар әулетті де атақты отбасында өскен қызға үйленуге ұмтылады. Көбінесе, ондай отбасында өскен қыздар дұрыс тәрбие көрмеу салдарынан тұрмысқа шыққаннан кейін күйеулерінің жігерін кұм қылып, еркектің намысын қор етеді. Сөйтіп, бай әйел алған адам байлықтың құлы болып, атақты жердің қызына үйленген жігіт биліктің құлына айналады.
Жүсіп Баласағұни осындай терең пайымдаулардан кейін қыздардың жалпы сипаттарына тоқталып, қандай әйел алу керектігінің кейбір шарттарынан оқырманды хабардар етеді. Содан кейін, ақын "әйел алсаң сұлуды алма, бай әрі атақты жерден шыққан қызды да алма, алсаң тек ақылды әйел ал" деп, нақты кеңес береді. Ақылды әйел ғана шын мағынасындағы сұлуға айналып, күйеуінің қолын байлыққа да, атаққа да жеткізеді. Ғұлама-ғалым ақылды әйелге үйленген жігіт ақылдылық, одан туындайтын жан мен тәннің сұлулығы, бақ-дәулет, атақ-дәреже сияқты, барлығы төрт қасиетке ие болып, қолына бақыт кұсын қондырады деп ой түйеді.
Ақынның пайымдауынша, дүниеде ақылды әйелге қол жеткізу өте қиын, со¬нымен қатар ақылды әйелдер оңайлықпен табыла да бермейді. Сондықтан әйел іздегенде ең алдымен текті әулеттен, көргенді отбасынан іздеген дұрыс. Өзі ұятты, пәк, жібек мінезді, ізгі қылықты, тіпті тұрмысы темен ортадан шыққан қызға үйленсең де опық жемейсің. Есік көрген, шалдуар мінезді, қулық-сұмдыққа жақын жаман әйел еркекке ешқашан да абырой әпермейді. Осындай ой-толғамдарынан кейін ойшыл ақын тек ақылды әйелге ғана үйленуге кеңес беріп, сондай әйелді сабырлылықпен іздеу ке-ректігін айта кетеді: "Ақылды әйел ізде - іздесең сен егер, есті болса, төрт құбылаң теңелер" (4502-бәйіт). Біз бұл жерде Мұхаммед пайғамбардың "Сен дінге сенетін әйелге үйлен, олай етпесең қатты екінесің" (225-хадис) деген діндарлықты бірінші орынға қоятын талабын қазіргі жастардың ескеруі қажет деген ойдамыз.
Жаман әйелдің еріне, тіпті, бүкіл қоғамға тигізер кесірі туралы ұлы ойшылдардың сөздері мен халық арасына тараған мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, ой-пікірлер көп-ақ. Мысалы, Қорқыт ата әйелдерді төрт түрге бөледі: "Оның бірі - ниеті қураған әйел, екіншісі - ынсапсыз әйел, үшіншісі — үйдің құты болған әйел, тертіншісі - кесір әйел. Әйел біткеннің ең жаманы осы". Қорқыт ата отбасының құты болған әйелдерді ең алғашқы мұсылман әйелдер Айша мен Фатимадан бата алған әйелдер екендігін айтып, ондай әйелдердің мыңдап есуін тілейді.
Әйел алуға қатысты ойларын ұлы Абай да Қорқыт ата мен Жүсіп Баласағұнидің жолын ұстанып: "Жасаулы деп, малды дел байдан алма, кедей қызы арзан деп құмарланба. Ары бар, ақылы бар, ұяты бар, ата-ананың қызынан ғапыл қалма", - деген елең жолдарымен жастарға терең ой тастаған.
Сонымен, Жүсіп Баласағүни де, хакім Абай да жастарды жар таңдау мәселесіне аса байыптылықпен, шыдамдылықден, сабырлылықпен қарауға шақырады. Тіпті, екеуі де "көріп алған сұлудан көрмей алған текті артық" деген халық даналығын ұстанып, ата-ана тәрбиесін көрген текті жерден шыққан қызға үйленген жігіттің маңдайының бағы ашылатындығын айтады.
Қазақ халқы жаман, кесірлі әйелдер туралы "Бір әйелдің кесірі қырық есекке жүк болар", "Екі әйел алған еркектің дауы үйінде, жаман әйел алғанның жауы үйінде", "Ер жігітті мұқалтар - өтпес пышақ, шабан ат, шайпау қатын" деген мақалдар шығарып, "Қыз кезінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығар" деп, жар таңдау мәселесінде бозбалаларды мейілінше абай болуға бейімдейді.
Көпті көрген көне көз, нәзік жүректі ақынның назарынаң мәңгі елмес махаббат мәселесінің әр түрлі қырлары да тыс қалмаған. Жүсіп Баласағұни отбасының іргетасын қалайтын мәселелердің ең негізгілерінің бірі деп махаббат сезімін санайды. Ғашықтардың бір-біріне деген ынтықтығы, жан сырларын іштей түсіні-суі дастанда өте көркем суреттелініп, қазіргі жастарды нәзік сезімге баулуға өлшеусіз өнеге бола алады. "Ғашықты ғашықтардың өңі айтар... кірпігі айтар жанды өртеген тілектей" (1901, 1902-бәйіттер) деген жолдар ұлы Абайдың "Ғашықтың тілі - тілсіз тіл, көзбен кер де ішпен біл" немесе "Махаббатсыз - дүние бос, хайуанға оны қосындар" деген ма¬хаббат туралы толғаныстарын еріксіз еске түсіреді.
Жүсіп Баласағұнидің пікірінше, таяқтың екі ұшы болғанындай махаббат сезімінің де ләззаты мен азабы қатар жүреді: тәтті қайда болса - ащы сонда. Яғни, өмірде үнемі жақсылық, қызық дүние бола бермейді. Күн мен түннің, жаз бен қыстың ауысуындай тіршілікте жақсылық та, жамандық та кезектесіп келіп жатады. Сондықтан ғашықтық сезімнің ыстығына күйіп, суығына тоңған адам ғана баянды бақытқа қолын жеткізе ала-ды. Бірақ, кейбіреулер ғашықтықтың жөні осы екен деп құлай беріліп, көзсіз тәндік соқыр сезімге жиі бой алдырып, сүйіспеншілік мәселесінде жақсы мен жаманды айыра алмайтындай күйге ұшырайды. Осы жағдайды ақын былайша суреттейді: "Кездің құрты - сүйікті өңді бір көру, көңіл құрты — аңсарымен бірге өлу. Сүйгеніңнің шұнақтығы байқалмас! Сүйкімді боп тұрар міні суйгеннің (1293, 533-бәйіттер).
Қашанда бір-біріне құлай ғашық бол¬ған, көргенді әрі тәрбиелі екі жас құрған отбасында дүниеге келген балалардың болашағынан зор үміт күтуге болатындығына Жүсіп Баласағұни кәміл сенеді. "Үйлену оңай, үй болу қиын" екендігін, яғни, өмір заңына сәйкес ер мен әйел бас қосып, бір шаңырақ астында тіршілік кешу мәселесінің өте маңыздылығын ғұлама Жүсіп те, одан тоғыз ғасырдан кейін өмір сүрген ұлы Абай да аса көрегенділікпен пайымдап жастарға келелі ақыл-кеңестерін айтып кеткен. Қай за-манда болмасын "Халық әрдайым бақытты отбасын ту көтерген, себебі, отба¬сы - бақыттың кілті".
"Құтты білік" дастанындағы отбасы тәрбиесінің кейбір қырларын Айтолды уәзірдің қайтыс болар алдында баласы Өгділмішпен қоштасарда оған өзінің соңғы өсиетін айту сәтінен анық байқауға болады. Айтолды ұлынан әкесінің жолын ұстап, ата-бабалар дәстүрін жалғастырудың маңызын түсінудің, езінің өткен өмір жолынан, тар жол тайғақ кешуінен, татқан тағдыр тауқыметінен ғибрат алуды етінеді. Оның өлер алдындағы ең негізгі өсиеттерінің бірі - өзі қалай баласын тәрбиелі қылып өсірсе, баласының да өз ұрпақтарын дәл солай тәрбиелі етіп есіруін етінуі (120-128-бәйіттер).

2. ҚОНАҚ КЕЛСЕ - ҚҰТ КЕЛЕДІ

Дастанда айтылатын баланы тұлға етіп қалыптастыратын қасиеттердің бірі - қонақжайлылық. Түркі этносы көп халықтардан аса қонақжайлық қасиетімен ерекшелінеді. Олар ездері ішіп жемей, тамағының ең дәмдісін, мал етшің ең кәделі мүшелерін қонақтарына сақтайды. Қонақты "құдайы қонақ" деп, күн мен түннің қай мезгілінде келсе де, қабақ шытпай қарсы алып, қонақтың аузына барын тосып, жайылып жастық, иіліп төсек болады.
Қазақтың түсінігінше: "Қонақ болу үшін, оның таныс болуы, діндес, теңдес болуы шарт емес. Әрбір жолаушы кез келген қазақ үйінде қонақасыны "бөлінбеген еншім" деп талап өтуге еркі болған". Қазақ халқы ежелден "үйге қонақ келсе - құт келеді, береке байлық болады" деп сенген.
Сондықтан олар "Қонақ келсе ет пісер, ет піспесе бет пісер" деп, дастарханнан дәм үзілмеуді, қонаққа берер сый-сияпатының таусылмауын тілеген. Өйткені, "Дала адамдарының түсінігі бойынша, сый-сияпат жасаспай, достық құру мүмкін емес". Кез келген қазақ үйіне келген қонағына қалағанын беріп, шығарып салып, сый-сияпат көрсетуді достықтың, татулықтың, араласудың белгісі деп санаған.
Қонақ күтудің, қонаққа барудың этикасы ел арасында қатты дәріптелініп, соған қарап адамның тәрбиелік деңгейі анықталып отырған. Халықтың осындай қонақ-жайлық қасиетінің түп төркінін "Құтты білік" дастанының қонаққа бару салт-дәстүріне арналған тарауларынан айқын көруге болады.
Жүсіп Баласағұни қонаққа бару, қонақ шақыру сияқты меймандостық қасиеттерді өте жоғары бағалайды. Оның ойынша, бұл салт-дәстүр - адам тіршілігінің негізгі бір бөлшегін құрайтын өмір көрінісі. Қонақ болудың, жұртты шақырудың неше түрлі себептері бар. Мысалы, кісі шақыру, неке қию, сүндет, шілдехана сияқты тойлармен қатар, қазаға байланысты берілетін ас-су рәсімдері секілді алыс-жақын адамдардың, туыстардың ақ дастархан басында жиналуын қамтиды.
Ақынның ойынша, шақырған жердің бәріне бара беруге де болмайды. Ағайын-досың, туыс-бауырың шақырса, барып мауқыңды басасың, көрші-көлемің не жақының шақырса, көңілінді көтересің. Себебі, олардың саған деген пейілі ақ, сен де өз жағыңнан олардың жандарын жадыратып, көңілдерін сергітуге тырысасың.
Қонақта ашқарақтанба, қанша қарның тоқ болса да дәмнен алып отыр, ыстық асты үрлеме, кісі алдындағы асқа қол созба. Осындай қонақта болу этикасын бұзған адам - нағыз кісінің қоры. Зауықпен, шамамен, мейірленіп жеген ас сіңімді бола¬ды. Дерттің дені ауыздан еніп, алдын алмаса денеге дендейді. Ыстық пен суық асты теңестіріп ішіп, тамақты тәбеті келгенде жеген адамның дені сау болады. Міне, денсаулыққа байланысты ақынның психологиялық-педагогикалық ережелері осындай.
Егер қонақ шақыратын болсаң жақсылап дайындал. Үй ішінің, төсек-орынның, ыдыс-аяқтың тазалығын тексеріп, мейман мейірленіп жейтіндей етіп астың дәмін келтіріп пісірген жөн. Тұз-дәмге шақырғанда адамдарды алыс-жақын, туыс-бөтен деп белуге болмайды.
Дәмнің алдында барлық адам бірдей. Дәмнен үлкен кісі болмайды. Қонақ аз оты-рып, көп сынайды. Қонақ күтуде салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты білудің маңызы зор. Үлкен аста еттің мүшелерін дүрыс тарата білудің езі де өнер. Астан кейін шырын, жеміс-жидек, миуа, тәтті құрмалар ұсынып, шамаң келсе, меймандарға жыртыс жыртып, сый-сияпат беру де жен жосықты білгендікті көрсетеді.
Қонақты үйде қалай қарсы алудан бастап, оны шығарып салуға дейінгі рәсімдерді осылайша егжей-тегжейлі суреттей келіп, ақын қонаққа баратын адамдарды да, үйіне мейман шақыратын кісілерді де төрт топқа бөледі. Бірі - күллі шақырудан қалмайтын, не берсең соны ішіп-жей беретін ас талғамастар. Екіншісі - езі қонаққа барғанымен, үйінен басқаға дәм таттырмас сараңдар. Үшіншісі - шақырғанға бармайтын, езі де үйіне ешкімді келтірмейтін томаға-тұйық жандар. Жүсіп Баласағүни ондай адамдарды: "Тірі елік - ол. Тіріге оны санама, тіршілікте араласпа, қарама" (4668-бәйіт) - деп, оларды өлікке теңеп, шенеп-мінеп, әжуалайды. Ал, төртіншісі - өзі қонаққа барудан қашқақтағанымен, үйіне мейманды жиі шақырып, ол үшін мал-мүлкін аямайтын жомарт жүректі кісілер. Ақын осындай кісілерді адамның асылы деп дәріптейді де, солардан үлгі алуға шақырады.

Наши координаты

110000, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Мы в социальных сетях

Вы здесь: Главная Библиотека Публикации ППС в СМИ Көздің құрты – сүйікті өңді бір көру, көңіл құрты – аңсарымен бірге өлу