Ұлттық идея неге қажет?

Наш Костанай, 2016 год, 27 декабря (№ 103), Б. 8. | Толғандырар тақырып

Аманжол КҮЗЕМБАЙҰЛЫ

Оның маңызын әрбір саналы азамат түсінуге тиіс

Кез келген мемлекеттің қуаты халқының сапасында екендігі бар-шамызға белгілі жәйіт.

Тұрғындарының рухы жоғары болса, мәдени деңгейі, тұрмыс жағдайы ешкімнен кем болмаса, ол мемлекет басқалармен терезесі тең қатарлас өмір сүруге мүмкіндік   алар еді.

Тәуелсіз ел болғалы 25 жылдың ішінде баспасөз бетінде болсын, беделді жиналыстар мен отыры-старда, ғылыми конфе-ренциялар мен үкімет мәжілістерінде ұлттық идеяның қажеттілігі жөнінде көп айтылады.

Бұл түсінікті де. Қа зақ елі бірнеше ғасыр бойы отаршылдық пен тоталитаризмнің ықпалында болды. Халқымыз мәдени деградация мен трансформацияға ұшырады. Тәуелсіз мемлекет ұлттық мәдениетті қайта өркендету, мемлекеттік деңгейде ұлттық идеяның негізін құрайтын түбегейлі құндылықтарды қайтару мәселесін күн тәртібіне қойды.

Сонымен идея дегеніміз.оның ішінде ұлттық идея дегеніміз не? Алдымен «идея» мен «ұлт» түсініктерінің ғылыми анықтамаларына тоқталуымыз қажет. Идея сөзі грек тілінен аударганда – көрініп тұрған нәрсе, бейне, яғни, мағына, ой, пікір, маңыз, мән ұғымдарын білдіретін, түрлі мағынада қолданылатын философиялық термин.

Ал, «ұлт» термині туралы да ғылымда толып жатқан түсініктер бар. Біз көбінесе марксизм классиктері берген анықтаманы пайдаланамыз. Қазақстан ұлттық энциклопедиясында былай деп анықтама берілген: ұлт – ортақ тілі, қалыптасқан мәдениеті, біріктіруші салт-дәстүрлері мен діні бар адамдардың әлеуметтік бірлестігі.

Ағылшын-американ жүйесінде «ұлттық» ұғымы мемлекеттік деген түсінікті білдіреді. Біздің елде де «Ұлттық банк», «Ұлттық компания» терминдері бұл мекемелердің мемлекеттік екендігін білдіреді. Яғни бүгінгі күннің түсінігінде «Ұлттық идея» сол мемлекеттің алдындағы қол жеткізер мұраты.

Біздің елімізде ұлт қа зақ этносының негізінде қалыптасуы мүмкін. Себебі, әр мемлекетте «ұлт» ұғымы жергілікті әлеуметтік және саяси ахуалға байланысты пайда болады.

Жоғарыда айтылған «идея» мен «ұлт» терминдерін біріктіретін болсақ, онда ұлттық идея бұл ұлттың ойы, санада көрініс табатын мақсат-мұраттары десе де болады.

Ол ұлттың өзіндік санасынын жүйеленген көрнісі ретінде халықтың, этностың, ұлттың өмір сүру мәнін анықтап, ұлттың пайда болуы мен тарихын, оның тарихи миссиясын көрсетеді.

Қазақ этносы бүгінгі таңда ел халқының 70 пайызга жуығын құрап отыр. Ұлттық белгілер этникалық белгілерден туындайды. Сондықтан келешекте Қазақстанда тұратын басқа этностар мұраты қазақ этносының арманына, келешек мақсатына сәйкес қалыпта-сады деген пікірдеміз.

Ұлттық идея – мемлекеттік идеология негізі. Ал идеология болса, еліміздегі әртүрлі этностарды, әртүрлі әлеуметтік топтарды ұйыстырып, мемлекеттің алдына қойылған мақсатты орындауға мүмкіншілік беретін Ұлы күш.

Ұлттық идея негізі – туған жерге сүйіспеншілік, халықтың тарихына, тіліне, әдебиетіне, салт-санасына, әдет-ғұрпына, ырым-дары мен тыйымдарына, жора-жо-сынына қызығушылық арқылы қалыптасады.

Ол – ұлттың болмысы, психологиялық өзіндік ерекшелігі. Ұлт бар жерде ол да бар. Ұлтпен бірге өмір сүреді, жойылмайды. Бірақ уақытына қарай, жағдайына қарай икемделуі мүмкін.

25 жыл тарих үшін үлкен меже емес. Осы жылдар ішінде қазақ тілі мемлекеттік дәреже алса да неге көпшіліктің тілі болмады деп рен-іш білдіруге болмайды. Амандық болса мемлекеттік тіл күн көріс көзі болатындығын да көреміз. Тілді білуге құштарлық тарихты білуге әкелетіндігіне дамыған елдерден байқап жүрміз. Ал енді осы екеуі ұлттық идеяның қайнар көздері.

Сөз жоқ, ұлттық идеяның біздің елімізде негізі бар. Бірақ толық қалыптасып болды деп айта алмаймыз.

Біз Свердлов, Герцен, Гашек, Таран көшелерінің атын өзгерту мәселелеріне араластық. Осы жағдайда ұлты басқа болса да мемлекеттік мүддені жоғары қойған азаматтарды кездестірдік. Тек қарапайым азаматтар ғана емес, сонымен қатар қалалық, облыстық маслихат депутаттарының арасында көрегендік танытқандар басым болды.

Мұның өзі ұлттық идеяның біздің өңірде де бой алғандығының көрінісі. Лайым мұнан әрі де солай болғай. Мақаланың арқауына айналған тақырып терең де, әрі күрделі. Оның бір ғана шетін қозғап отырмыз. Егер оқырманды қызықтыра алсақ, келешекте оның басқа да қырларына тоқталармыз.

Аманжол КҮЗЕМБАЙҰЛЫ,
тарих ғылымдарының докторы, профессор

Наши координаты

110000, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Мы в социальных сетях

Вы здесь: Главная Библиотека Публикации ППС в СМИ Ұлттық идея неге қажет?