Ислам және Ыбырай

Қостанай таңы, 2017 год, 1 ақпан (№ 12), Б. 8. | ТАНЫМНАМА

Қ.Т. ОРМАНОВ

Мұхаммед (с.ғ.с.) Хира тауының бір үнгірінде ұйықтап жатыр еді. Адамша киінген, кәдімгі адам кейіпінде бір бейтаныс кісі келді. Осы бір кездесу жайлы Мұхам­мед (с.ғ.с.) өз аузынан былайша баяндайды:

- Қолында жазуы бар, шиыр-шықталған қағаз ұстаған кісі мен ұйықтап жатқанда келді. Келді де, қағазды ұсынып:
- "Оқы!" деп бұйырды.
- Мен оқи білмеймін, – дейді Мұхаммед (с.ғ.с.).

Әлгі кісі қағазды мұның кеудесіне қойған. Мұхаммед (с.ғ.с.) үстіне тау құлап, тас басқандай зіл батпан салмақтын астында жаншылып, тынысы тарылып, жаны көзіне көрінді. Бейтаныс қағазды көтеріп:

- Оқы! – деп және бұйырды.

- Мен оқи білмеймін ғой, – деген Мұхаммед (с.ғ.с.) ентігіп. Сол-ақ екен әлдене оның үстінен басып, жерге сіңіріп жібере жаздады. Мұхаммед өлдім деп ойлады. Әлгі кісі:

- Окы! – деп үшінші рет бұйырды... ("Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың өмірі") Яғни, сол Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар заманынан бізге дейін жетіп отырған "Оқы, оқы және оқы" деген сөздер ғой бұлар. Кенес дәуірінде оқып, білім алған біздерге бұл сөздер әбден таныс. Ол кездегі мектеп оқушылары үшін бұл сөздер ұран болатын. Бірак, біздер ол сөздердің Құраннан алынғанын білген де жоқпыз. Ал Кенестер дәуірінен біраз бұрын, қазақ даласында бұл сөздерді қазақ балаларына алғашқы ұстаз Ыбырай Алтынсарин айтқан жоқ па еді. Осы сөздермен ол қазақ балаларын окуға, білімге шақырды емес пе? Бұл сөздерді Ыбрай бабамыз да, сөз жоқ, Құраннан алып отыр. Ыбырай Алтынсариннің Ислам діні мен тығыз байланысы, оны жай ғана білу емес, талдау, терең зерттеу, игеру жұмыстары да сол жылдардан басталса керек.

Шынын айту керек, "дін" дегенде біздің елдегі дүмше молдалардың күнделікті тірліктерін көріп жүрген біздер, әсіресе көздері ашық кекіректері ояу ұстаздар қауымы, теріс айналғандай боламыз. Ол, ол ма? Біздер өздерімізді қаншалықты мұсылманбыз, сүндетке отырғызылғанбыз, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың үмбеттеріміз деп есептегенімізге қарамай, көпшілігіміз бүгінге дейін сол ислам дінінін не екенін әлі де болса терең түсіне алмай келеміз. Көбіміз Құдайдың не бар, не жоқ екеніне жауап бере алмаймыз. Біз дін дегенде: түрлі мистика, ана жақтағы өмір, жұмақ пен тозақ, мұсылманның бес парызы: намаз, ораза, пітірсадақа, қажылық, харам мен халал, одан әріге бара алмаймыз. Себебі, біздер Кеңестер Одағының мектептерінде кеңестік идео-логияны оқыдық. Ол кезде біз діннің де езіндік идеология, түсінген адамға дұрыс жол сілтейтін ілім екенін біз білмедік. Дін негіздерін бізге ешкім оқытпады, тшті оқытуды керек деп те есептеген емес. Қайта одан алшақ ұстауды жөн көрді. Ал Ыбырай Алтынсарин заманында біздің елдегі діни ахуал бүтінгіден әлде қайда төмен деңгейде болғаны сөзсіз.

19 ғасырдың орта шенінде Ыбырай заманында қазақтар арасында арабша оқыған адам біренсаран ғана болғаны рас. Ол кезде ел арасында оқу, жалпы діннің, соның ішінде ислам дінінің қажеттілігін (оны ең алғаш болып түсінгендер, оның әсіресе имандылық, тәрбие, білім деген салаларын насихаттау, оның жолын, жөн-жосығын көрсету тіпті қиын болды. Осы жайларды ескере отырып, қалың қазақ арасында имандылықты, ислам мәдениетін насихаттау үшін ғой Ыбырай Алтынсариннің қазақ арасында біріншілердің бірі болып "Мұсылманшылықтын тұтқасы" (Шариат-ул-ислам) (1991 жылы бұл кітапты баспаға қайта дайындаған профессор Ақселеу Сейдімбеков болатын) деген еңбегін жазып жүргені. Ыбырай қазақ қауымына бұл енбектің аса қажеттілігін терең түсінді. Ұлы ұстаз ор қазақтың баласы өзінің мұсылман екенін білгенін, жүре-іімен терең сезінгенін міндет деп санады. Ең бастысы, ол діннің қажеттілігін, оның тәрбиелік жағын терең түсінді дей аламыз.

Бұған дейін қазақтар арасында – "Ыбырай мұсылман емес", "ол балаларды орысша оқытады", "ол шоқынды", "ол орыстарға берілген", деген өсек сөздердің тарап кеткеніне қарамай, Ыбырай "Мұсылманшылықтын тұтқасы" деген еңбекті жазуға бел байлады. Мұндағы мақсатым дейді Ыбырай:

"... Кәләм шариф (қасиетті сөз) һәм ұлкен ғылыми кітаптар араб тілінде жазылуы. Араб тілін әркімге білмек һәм қиын, һәм көп қара халыққа мүмкін де емес. Мұнан ғайри (басқа, бөтен) және сөздері де не араб, не парсы тілінде болып, әр жұрттын лұғаты (тілі) бөлек болуынан көп оқымаган адамдар аят – хадисте бұйырылған, һәм әр мұсылманға керекті қысқа ғылымдарды да білуге қадыр  бола  алады.

Арабтың тілі сөзге байырақ, һәм қошырақ болуынан һәм пайғамбарымыз араб жұртынан болуы себепті Қәләм шариф араб тілінде еніп, ол тілді білмек мұсылмандарға парыз кифайа (жалпы парыз) болса да, бір халықтың ішінде араб тілін бір адам білуменен де ол халықтын мойнынан парыз түседі... Парыз түсу түгіл, бұл мұқтаж шарттарды білмеген кісі мұсылман да болмайды"... Мұны көріп біз, фақыр Қыпшақ руының Ибраһим Балғожа биұғлы, қарындас халқымыз қазақ жұртына пайда келтірмек ниетпен өзінің дінін түсіндіру үшін бұл кітапты жазуға кірістік. Құдай тәбәрәк уа тағала қайырлы еткей еді, әмин!... Бұл кітап ішіндегі бұйрықтар қайсысы аят-хадистерден, қайсысы  шаһар  Петербургте  имам жамиғ (мешіт имамы) мулла Атаалла Баязид есімді молданың әр кітаптардан жинап шығарған "Ислам" деген кітәбінан, һәм мұнан ғайри зор ихтибарлары ұрметті, маңызды) кітаптардан қаралып, неше-неше рет саналып, теңдестіріліп жазылды, – дейді. (2. 9-10.).

Бұл еңбекті жазу Ыбырай үшін қаншалықты қажет болса, соншалықты қиын да болды. Ал оны баспадан шығарып, ел арасына таратудың тіпті де қиынға соғатынын білген Ыбырай өзінін досы Николай Иванович Ильминскийге 1882 жылдың 12 қыркүйегінде арнайы хат жазып, қазақтар үшін бұл енбектін мәні мен мағынасын, толық мазмұнын түсіндіреді. Хаттың соңында ол:

- ...Представляя теперь настоящий учебник к Вам, добрейший Николай Иванович, по совету между прочим и г. Попечителем Оренбургского учебного округа, осмеливаюсь почтительнейше просить не отказать своим посредничеством в напечатании его, так как мне не известны пути, по которым печатаются подобные татарские книги (кажется, цензор некто – Готвальд) и не знаю так же, сколько может требоваться денегь на напечатание одной или двух тысяч экземпляров подобной книги, что я и намерен принять на свой счет.

Корректорами я прошу вместе сими быть моих собратьев – студентов Алдиярова и Карабаева.

О последующем не оставте уведомление через В. В. Катаринского, если можно, в непродолжительном  времени.

С глубоким уважением и искреннею преданностью имею честь быть Вашего Превосходительства покорный слуга И. Алтынсарин.

12 сентября 1882 года. (3. 253).

Ыбырайдың бұл хатына жауап көпке дейін келмеді. Кітаптың баспадан шығуы да кешеуілдетті. Мәселенің қиындағанын Ыбырай әбден түсінді. Себебі, біріншіден – ол заманда Торғай өңірінде мұсылмандық мәселесімен тек қана татар молдалары айналысатын. Ал мына енбек болса, "қазақ жастарының дін жөніндегі түсініктері теріс бағытқа түсіп кетпес үшін және де тілдері татаршамен шұбарланбас үшін" жазылып отыр. Яғни, татарларға қарсы кітап болмақшы. Сондықтан да татар молдаларының бұл енбектің жарық көруіне қарсы болары заңды құбылыс. Жеп отырған нандарынан кімнің
айырылғысы келсін? Екіншіден, бұған дейін оның барлық бастамаларын негізінен қолдап келген Торғай облысының басшылары, "Мұсылманшылықтын тұтқасы" деп аталған бұл еңбекті жарыққа шығаруда көпке дейін бір байламға келе алмады. Бұл еңбек олардың, Ыбырайдың көмегімен қазақтарды орысша оқытып, қазақ мектептеріне кирилицаны енгізіп, қазақ балаларын біртіндеп өз діндеріне өткіземіз деген ойларына қарама қайшы келгені белгілі. Тіпті, Ыбырайдың жанашыры, ең жақын досы деген Н.И. Ильминскийдін өзі бір-екі жылға дейін бұл еңбекті жарыққа шығаруға көмек көрсете алмай, үнсіз жатты. Оған Ыбырай Алтынсариннің 1882 жылдың 2 желтоқсанында В.В. Катаринскийге жазған мына хаты толық дәлел бола алады. Онда Ыбырай былайша жазады:

- ... От Николая Ивановича я до сих пор не получаю ни ответа, ни привета на счет моего учебника по закону Божьему. Теряюсь в догадках, что бы могло задерживать его. Быть может некогда и рассматривать его. Не получаю ответа и от студентов Алдиярова и Карабаева, которых я просил держать по учебнику корректуру. Не знаете ли Вы что-либо, добрейший Василий Владимирович? И какой Ваш мне совет относительно того, как поступить далье? Хоть бы написал, что учебник мой получен, а то я и этого не знаю..." (3. 305 б.).

Өзінің дін туралы бұл оқулығы жайында еш хабар болмағандықтан Ыбырай Алтынсарин ол жайында екінші рет 1883 жылдың бірінші апрелінде В. В. Катаринский жазған хатында тағы да есіне салады:

- ... Николай Иванович до сих пор ничего не отвечает на счет учебника моего по Закону Божьему. Просто удивительно и досадно наконец. В последнем письме я просил возвратить учебника и на это ответа нет. Что мне делее делать – и не придумаю... (соңда. 309 бет).

Жан-жақты талқылаулардан өтіп, "білгіш" татар молдаларының тезіне түсіп, әбден сілекпесі шыққан еңбек ақыры 1884 жылы жарық көрді-ау. Бірақ, "Мұсыл-маншылықтың тұткасы" кітабының ғұмыры ұзаққа бармады. Ресейдің бұл өңірінде мұсылманшылықтың тұтқасын өз қолдарында ұстап отырған татар молдаларының қысымымен "... балаларға ислам дінінің "ақиқаттығын" дәлелдейтін негізгі түсініктер бере алмайды" (2. 5 бет) деген желеумен, Ыбырай бабамыздын бұл еңбегі мұрағаттардың "қараңғы қапасына" қамалды. Содан ол еңбек табаны күректе жүз жылдай жарық көрмей, өзінің оқушыларына жетпей жатып қалды. Кім біледі Ыбырай бабамыздың бұл еңбегі ертерек жарық көргенде көптеген қазақтардың дін туралы түсініктері бүгінгіден сәл де болса басқаша болар ма еді?

Кітапты оқып отырып біздің түсінгеніміз – Ыбырайдың міндеті өзіне дейін ислам діні жайлы жазылған кітаптарды пайдалана отырып, оларды өзінің мұсылман діні жайлы ойға түйгендерімен толықтырып, қарапайым тілмен ислам діні жайлы арнайы кітап жазып, өзінің осы кітабының көмегімен қазақ халқына ислам дінін насихаттау ғана емес, ислам дінінің негіздері мен оның тілек – талаптарын жеткізу ғана екен. Яғни, мұсылман деген кім, ол қандай болуы керек, Құдай жолында ол күнделікті қандай шарттар мен парыздарды орындауға міндетті – осылардың бәріне жауап береді. Жауап беріп қана қоймай, айтылған ойдың әр оқушысына түсінікті болуы үшін Ыбырай ол шарттарды қазақ тіліне аударып, олардың барлығын халыққа қарапайым қазақ тілінде түсіндіріп беру ғана екен.

Ыбырай әрі қарай: "Енді, ей, дін – қарындастарымыз, бізге ең әуелі керегірек іс – сол, әуелі білмек керек немен мұсылман болатынымыз. Мүмин (дінғе сенуші) мұсылманның мұсылман аталуы құр мұсылман киімін киіп, мұсылман арасында жүргені емес. Әуелі иманды болып, ол "иман" деген не екеніне түсініп, түсінген соң сол иман ішіндегі сөздерді шексіз шын көңілімен дұрыс деп білген кісіні мұсылман деп атайды. Соның үшін Құдай тағаланың пенделеріне парыз еткен парыздарының ең әуелі иман болса керек (2. 10 бет).

Қарап отырсақ, ислам дінінің, бес парызынан да бұрын, ең басты көңіл бөлетіні "иман" екен. Ал осы "иман" деген не? Ыбырай бабамыз айтады:

"...әрбір жақсы амалдардың да асыл түбі иманнан, яғни иланудан келеді. Имансыз еткен жақсылықтың пайдасы жоқ. Мәселен, біреу намаз оқыса да, ол намаздың керектігін көнілі дұрыстамаса, әлбетте, ол намаз болып табылмайды... Иманның екі мағынасы бар: бірі – тіл мағынасы. Тіл мағынасы дегеніміз – әркім тілмен айтып растамақ. Мәселен, мұсылманшылдығымызга бас куәлік – сөзіміз немесе араб тілінше шәһәда (куәлік беру). Яғни, "куәлік беремін: жоқты бір Құдайдан бөтен Құдай (жоқтығына) және куәлік беремін, Мұхаммед оның құлы һәм елшісі екендігіне деп, шариғат мағынасын растағанда ол иманда көнілмен растамақ. Бұл растамақ дегеніміз, жалғыз Құдай тағала бар... (сонда 12 б.).

Қ.Т. ОРМАНОВ,
ҚМПИ Ы. Алтынсариннің мұраларын
зерттеу орталығының маманы.
(Соңы келесі санда).

Наши координаты

110000, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Мы в социальных сетях

Вы здесь: Главная Библиотека Публикации ППС в СМИ Ислам және Ыбырай