Ислам және Ыбырай
Қостанай таңы, 2017 год, 7 ақпан (№ 14), Б. 6. | ТАНЫМНАМА
(Соңы. Басы газеттің өткен санындарында).
Олардың өздері де: Құдай бар, Құдай болмаса мына аспан мен жерді, жұлдыздарды, теңіздер мен мұхиттарды, адамдар мен аң-жануарларды кім жаратты? – десе, философия заңдарының негіздеріне сенген ғалымдар: "Еңбектің нәтижесі болса, оның иесі де, яғни Құдайдың (Жасағанның, Жаратқанның) болғаны, деп қысқа қайырады. Одан әріге әлі де еш ғалым, бара қойған жоқ. Осылайша олар Құдайдың барлығын дәлелдегенмен, біздіңше Құдай адам-заттың бойы да, ойы да жетпейтін биіктікте. Себебі, нағыз Жаратқан жайлы сөз қозғауға адамзаттың әлі де болса ой-өрісі (ақыл-ойы) жете қойған жоқ сияқты. Әй, жете де қоймас. Сондықтан да біз Жаратқан жайлы әңгімені қоя тұрып, Құдай жайлы ұлылар не деген екен. Соған көңіл бөлелік. Сол ұлылардың айтқандарын ой елегінен өткізелік.
"Құдай бар ма?", – деп басын қатырғандардың алғашқыларының бірі, бұл – дүниенің алғашқы ұстазы деп танылған Аристотель болатын.
Аристотель:
- Құдай – бұл біздің рухымыз, аспандағы күн десе, одан кейін Платон:
- Құдай – бұл бүкіл әлем, аспан мен жұлдыздар, жер мен біздің жандарымыз, дейді. Демокрит болса:
- Құдай біздің ақыл-ойымыз, – деп тұжырымдайды.
Ең аяғында біреулер ұлылардың жазғандары мен айтқандарына күмән келтіріп, онда бізге Құдайды көрсетіңдер дегенде, Еуропаның Раймунд Сабундский деген ғұламасы шығып:
"Егер сенің Құдайдан артық біреуің болса, бізге алып келші, көрсетші, болмаса Құдайды мойынсын (Если есть у тебя нечто лучше, предложи, если нет – покоряйся. Либо признайте силу наших доказательств, либо покажите нам какие-нибудь более обоснованные и более несокрушимые доводы), – деп (9. 214), бұл әңгіменің үлкен бір
нүктесін қойған болатын. Бірак, дүниежүзінде Құдай жайлы әңгіме мұнымен аяқталған жоқ. Бүгінге дейін бұл сұрақ талайларды толғандырып келеді. Әлі де толғандыра бермек. Осыдан кейін ғой дүниежүзі ғалымдарының арасында "Пантеизм" деген ұғымның пайда болғаны. "Пантеизм" – "Құдай табиғат", болмаса "Әлем – бұл Құдай" ("Мир – есть Бог", "Бог – есть мир") деген ұғымды білдіреді. Құдайдың бар, не жоғы жайлы Еуропаның: Кант, Гегель, Фром, Шпенглер, Швейцер, Фейрбах сияқты ғалымдары, тіпті Карл Маркс, қазақтың ұлылары Абай мен Шәкәрім де Құдай жайлы өз ойларын ортаға салып, түрлі дәлелдер де келтірген болатын. Атақты философ Спиноза: "Бог причина всех явлений и событий, есть лишь свидетельство незнания дела" деген де болатын. Қазақшалағанда: "Айналадағы құбылыстардың барлығы Құдайдан деуіміздің өзі істің мән-жайын білмегендігімізден" деген. Оның бұл ойына, немесе дәлеліне кейін талай ғалымдар қарсы шыққандықтары да бегілі.
Байқайсыздар ма? Аристотель: Құдай біздің рухымыз десе, Платон: Құдай біздін рухымыз, – дейді. Ал, Демокрит болса: Құдай біздің – акыл-ойымыз", – деп тұжырымдайды. Бұл ұлылардың барлығы Құдайды аспаннан емес, жерден іздеп отырған сияқты. Сондықтан, біз де Құдайды аспаннан іздемей, жерге түселік. Құдайды жерден ізделік.
Адамзаттың Құдайға, ең бастысы Құдайға сену арқылы өзіне деген сенімін арттыруда, қандай болмасын қоғамның бір калыпты өсуіне, өркендеуіне, асыптаспай, астамшылыққа жол бермеуіне, шеттен шықпай, ардан аттамай бір қалыпты өмір сүруі-не Құдайдың қаншалықты қажет екендігін әбден түсінген ұлы Вольтер: "Құдай болмаса, оны баяғыда-ақ ойлап табу керек еді" десе, осы ойды әрі қарай дамытқан Ф. Ницше: "Егер Құдай өлсе, онда адамзаттың шеттен шыққаны ғой", – деп үлкен бір өкініш сезімін білдірген екен. Ал орыстын ғұламасы, жазушы Лев Николаевич Толстой болса: "Бог не в храме, не в изображениях, не в словах, не в таинствах, не в делах человеческих, а в человеке, в самом человеке... Тело мое болеет и умирает; душа не болеет и не умирает. Душа – это Бог, живущий в моем теле", – деп жазған болатын.
Л.Н. Толстойдың бұл жазғандарынан Ыбырай бабамыз сөзсіз хабардар болды. Ол Л.Н. Толстойдың шығармаларымен таныс қана емес, оның біраз еңбектерін қазақшаға аударды.
"Құдай бар ма?" деген мәселеге келгенде Ыбырай бабамыз өзінше, жай ғана, түсінікті тілмен, бұлтартпайтын дәлелдер келтіреді. Ол былай дейді: "Мәселен, адамның дүниеге келмегіне ата-анадан тумақ керек, ал ата-анасының дүниеге келмегіне бұлардың өздерінің және ата-аналарынан тумақтары керек... Не болмаса, адам топырақтан кірпіштей, табақтай нәрселер істесе, мұны да түп жаратушы кім екендігін тергеп кісі сұраса керек: "топырақты кім жаратты?" деп, "Топырақ жерден алынды" десе, "жерді кім жаратты?" демек керек болар. Әлбетте – жерді, көкті, отты, желді, суды біреудің жәрдеміне мұқтаж жандықтарды еш бір жаратуды мүмкін еместігі әркімнің көзіне көрініп тұр".
Иығыңда отырған шайтан емес, кімге болса да дұрыс жол сілтейтін періштені тындай білу үшін өмірлік тәжірибе керек, оқу керек, білім керек, түсінік керек. Өмірде біреудін (шайтаннын) айтқанымен жүрмей, шайтанға ілесіп шайтан болмай, адам болу үшін, өз басыңмен жұмыс істеп, өз ойыңды жүзеге асыруға тырысу керек. Ең бастысы, жүректі тыңдай білу керек. Ол үшін міндетті түрде білімінді, ой-өрісінді дамытуың керек. Жоғарыда атап өткендей, оқу керек. Міне, жастарды, қазақ жастарын осы жолға түсіру үшін ұлы Ыбырай бабамыз даланың алып қоңырауын соғып, қазақ балаларына "оқы, оқы және оқы" деп оларды оқуға, білімділікке, имандылыққа шақырды.
Ыбырай бабамыз "Мұсылманшылықтың тұткасы" еңбегінде жалпы діндерді көбісінің мақсаттары мен міндеттері бір екендігіне тоқталады. Ғалымдар соңғы жылдары дін болу үшін міндетті түрде оның пайғамбары, сол діннен қалған кітабы болуы керек дейді. Соған дәлел ретінде Ыбырай бабамыз: "Таурат – Мұса алаһйис – саламға, берілген Құдай тағаланың кітабы - ды. Неше замаңдардан соң Тауратпен іс қылудың муддаты (мезгілі, мерзімі) толып, Алла тағала өз құдыретімен Тауратпен құлшылык етуді тоқтатып, оның орнына Забурды ендірді. Забур Хазрет Даутқа алайһи-с-саламға енген. Неше замандар сол Забурмен іс істеудің мудаты (мерзімі) толып, оның орнына Құдай тағала Инжилді жіберді. Хазрет Иса алаиһйс – салламға. Неше замандардан соң Инжил шарифпен іс істеудін мудаты толды деп, Құдай тағала құдыретімен Құран кәрімді ендірді деп иланамыз. Бұл Құран ақырзаман пайғамбары Мұхаммед мустафа сала аллаһу аллаһи уа салламға ендіріліп, мұнан соң кітап ендіруді һәм Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардан соң дүниеге пайрамбар жіберуді тоқтатты. Сол үшін дін исламды ақырғы дін деп һәм пайғамбарымызды пайғамбарларымыздың ахыры деп білеміз..."(2. 16 б.). Осы сөздерімен Ыбырай бабамыз жалпы діннің сатылап өсу жолын, өркендеу жолын көрсетіп отыр. Діннің өсуі мен өркендеуі, адамзаттың өсуі мен өркендеуін де көрсетсе керек.
Ұлы ағартушының Ислам дінін насихаттағанда оның адамзатқа сыйлаған сенімімен қатар, өзі ұстаз болғандықтан ислам дінінін тәрбиелік мәніне ерекше көңіл бөлген болатын. Осы діни насихатпен бірге ол адамгершілікті де насихаттай білді. Дінді насихаттағандағы оның басты міндеттерінің бірі – тәрбие, адам тәрбиесі болатын. Ол халқымыздың, "не ексең соны орарсың!", – деген мысалын былайша түсіндіреді.
Ыбырай: "Тікен еккен жерден бидай орып алып, ұн ішермін деп үміт ету, әлбетте, ақымақтық болса керек. Әркім не ексе, соны орып алса керек. Адамның да дүниедегі амалы осы қалыпта. Дүниедегі амал – егінің жақсылық болса һәм ол жақсылық егіннің шашқан тұқымы рия, хасад, кубрадан болмаса, үміт бар ол егініңнен жамандық орып ал-массың деген. Егер істегенің жамандық болса, жақсылық тауып алу да күмән болса керек... Құдай тағала шын жалбарынып, ихлас пен тәуба қылса, кешіремін дейді. Ләкин риясыз істеген жақсылық бір мысқалдай болса да мизан таразы күнінде (мизан сарат куні адамның жақсылығы мен жамандығы өлшенеді) есепке кірмей қалмайды. Мұнан көрінеді, өзіміз түзелмейтін бұзық болмасақ, Құдай тағала әрқашан бізге рахым ету үшін екендігі һәм түзелерге тырысуға еш уақыт кеш еместігі. Ләкин әрбір іс бастан түзу бо-лып келмесе, түбінде түзелуі де қиын болады. Ағашты жас күнінде қисығын түзей келсең, түзу болып өседі, һәм түзу болып өскен соң жаңадан қисаймайды. Ағаш ұлғайып, қатып кеткен соң түзетуге де көнбейді, сынып кетеді. Сол рәуішті жақсы, көркем мінезді жасыңнан әдет етсең, ол едет тура жолдан соңғы уақыттарда қандай қиыншылық көрсеңіз де жаздырмас... Не жақсылық – жамандық етсек те ақырында пайда залалын өзіміз көреміз. Мәселен, ұрлық, залымдық, парақорлық, өтірік, айбаттан кім залал көреді? Әрине, адам баласы өзді-өзі залал көреді" (2. 57 б.). "Жақсылық қылсаң – өзіне, жамандық қылсаң да – өзіңе" деген осы емес пе. Сондықтан да жақсылық қыл, әр істеген ісің, әр қимылың өзіңе ол жақсылық болып қайтсын.
Міне, осылайша дінді насихаттаған, ислам дінінің тереңіне сүңгіп, оның бар жақсы қасиеттерін алдымызға жайып салған, ислам дінін қазақ халқына жақындатып, оның негізгі шарттары мен парыздарын, әр мұсылманның Құдай алдындағы парыздарын түсінікті тілмен бізге жеткізген, ислам дінінің бар күш-қуатын адам тәрбиесіне, әсіресе жастар тәрбиесіне жүйелі түрде пайдаланып отырған, "Мұсылманшылықтың тұтқасы" деген еңбекті жазып қалдырған Ыбырай Алтынсаринді – ұлы ағартушы ғана емес, ұлы педагог, ислам дінін шынайы насихаттаушысы демей, кім дей аламыз?!
Қ.Т. ОРМАНОВ,
ҚМПИ Ы. Алтынсариннің мұраларын
зерттеу орталығының маманы.