Іске кірісетін кез жетті

Қостанай таңы, 2017 год, 13 қазан (№ 113), Б. 3. | ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ЖАҢА КӨКЖИЕК

Абиль Е.А.

Еркін ӘБІЛ,  ҚМПИ ректоры:

Латын әліпбиіне көшу мәселесі басталғаннан бері түрлі талқылаулар болып, пікірлер де айтылып жатыр. Енді бізге қажетті, тиімді нұсқасын жүзеге асыратын кез жеткен сияқты. Сондықтан біздің қалауымыз, тезірек әліпбидің нұсқасын бекіту.

Күні кеше Елбасына тағы бір жоба ұсынылды. Осы соңғы нұсқасы кейбір мәселелерді шешкен сияқты. Бірақ мен филология жағынан дилетантпын. Сондықтан мен осы нұсқаны бұрынғыдан жақсы, жаман деп салыстырып, баға беріп, айта алмаймын. Бірақ менің ойымша, осы нұсқа заңды түрде қабылданған болса, тездетіп енгізіп, оқытуды бастау керек. Талқылаудан гөрі іске кірісетін кезге келгендейміз. Маған ұнағаны, осы дискуссия негізінде мамандардың көзқарасын тыңдап, олардың пікірлері қаралған. Көпшіліктін ойымен санаса отырып, бір нұсқаға тоқтап, іске кірісу керек деген ойдамын.

 

Наши координаты

110000, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Мы в социальных сетях

Вы здесь: Главная Библиотека Публикации ППС в СМИ Іске кірісетін кез жетті