Тарихи мектеп тағылымы

Нұрлы таң, 23.11.2017 (№ 46), Б.5.

Күлзада МЫРЗАҒАЛИЕВА

Ауыл бұрынғы орнынан қырға қарай өрбіп, өрге өрмелеп бара жатқан сыңайлы. Осы өңірдегі ең бір еңселі үйлер – мешіт пен мектеп орны енді құмға оранып, биіктей түскен...

Көңілді тәтгі мұң тербеп, еріксіз өткен күндерге жетелейді. Бір кезде жүздеген баланың күлкісімен күмбірлеп, қызықты думанға бөленіп жататын үй ғой бұл. Шилі топырағында осы мешіт 1919 жылы «Бостандық мектебі» аталып, мұнда бүкіл Торғай бойының балалары келіп оқыған екен. Одан кейін де екі мектеп үйі бой көтеріп, қызмегін өтеп, құмға сіңіп жоқ болды.

Олардың орындары да кішкене қырға айналған. Оны көзімен көргендер ғана сөйлетіп, қиялында қайтадан қалпына келтіре алады. Бұл мектептерден қаншама бала білім алып, қияға қанат қақты. Мектеп үйі қыр үстінен еңсесін көтере қарайтын тәрізді. Бұл мектептін салынғанына да биыл елу жыл толып отыр. Айналасын ағаш қоршап, сәнге бөлеп, жасартып тұр... Соның арасында шуылдаған балғын бөбектер мен жасөспірімдердің көңілді үндері алысқа естіледі. Қоңырау үні көңілге жылы тиіп, жүрек қылын қағады. Оқушылар – өмір көктемі, бізді болашақпен жалғастыратын солар.

Он жыл оқып білім алған мектебім, ұлағатты ұстаздар әрқашан жүрегіңнен кейпейді-ак! Шытырман жолдарға толы өмір атты тылсымның кейбір қиындықтарына тaн болып қабырғаң қайысқанда есіңе ұстаз ақылы түседі. Сол ақылды, мейірімді аңсайсың. Жетістікке жетсең де алтын ұя мектебің, мейірбан ұстаздарың көз алдьща келері анық. Өйткені қиялына қанат бітіріп, қияға самғатқан сол білім ордасы, мұғалімдер қауымы емес пе?! Сол біз оқыған Шилі орта мектебіне биыл жүз жыл толды.

«Қазақ» газетінде жарық көрген Әлмағамбет Оспанұлының мақаласында Шилі, Суықбұлак маңындағы елді мекендердің ақсақалдары бас қосып, кеңес құрып, он тараудан тұратын қаулы қабылдалты. Оның бірінші, екінші үшінші, төртіншісінде 25-ші маусымдағы патша жарлығының елге әкелген ауыртпалығы айтылып, «дініміз үшін орысша-мұсылманша заманына лайық жаңа тәртіппен жастарымызды оқытып, мойнымыздағы міндетті борышымызды өтеуге, арамыздан Үшқарасу деген жерге бір мектеп, бір месжид (мешіт) саламыз» делініп, бұл істерін аяқсыз қалдырмай, жүзеге асыру үшін жедел іске кірісетіндері, оқу орнын «Бостандық мектебі» деп атайтыңдары, мектеп пен мешіт салуға жұмсалған қаржы ынтымақтасып, қаулы қабылдаған ауылдардың міндетінде екені көрсетіледі. Бесінші, алтыншы тармақтарында   зекет,  ғұшыр, пітір, фадис секілді уәжіп садақаларды да мектеп пен медресе пайдасына уақытында жиып беріп тұратыны тәптіштей түсіндіріліп, сырттай бақылап, есебін алып отыратын ақсақалды қаулыға қол қойғандардың ішінен сайлайтыны айтылады. Одан кейінгі тармақтарында мектеп әрі мешітге кімдер жұмыс істейтіні, оқудың қалай жүргізілетіні және тағы сол секілді деректерден мағлұмат береді.

Мектеп ашушылар сол тұстағы заман талабына сай орысша, қазақша оқытумен бірге, мұсылманшылықты да басты назарда ұстаған.

«Ұлттық мектеп деп төрт тұғыры да түгел мектепті, яғни, біріншіден, өз ұлтының тәуелсіз білім беру саясатын жүзеге асыратын, екіншіден, сол ұлттың мемлекеттік аймағында қызмет ететін, үшіншіден, адамзат өркениетінің құңдылықтарын туған халқынын рухани және мәдени мұраларына жарасымды ұштастыратын, төртіншіден, ана тілінде тәлім-тәрбие мен білім беретін мектепті айтады» [Р. Башарұлы. Ыбырай Алтынсарин өскен өнегелі орта: ғибраты мен шапағаты және тарихи сабақтастық. Білім № 3, 2016-26 б.], – дейді ғалым Р. Башарұлы.

Қазақстанда бүгінге дейін ұлттық мектеп жоқ екен. Ал, «Бостандық мектебінен» ұлттық мектеп нышандарын аңғару қиын емес. Ол – мектептің өз еліміздің аймағында ашылып, Ислам діні құндылықтарын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді оқушылар бойына сіңіріп, ана тілімізде тәлім-тәрбие, білім бергендігі.

Ұлттың қасиеті – тіл, ойлау қабілеті, тәрбие, салт-дәстур, әдет-ғұрып. Осылар болған жерде ғана ұлттық сана қалыптасады. Қазақша оқыған балалардың кісіге жақын болатынын, үлкенді сыйлап, кішіге мейірбандық танытатынын күнде көзіміз көріп жүр. Сондықтан да қазірігі қазақ мектептерінде де дін сабағы жүргізіліп, Ислам дінінің мейірімшапағаты, ізгілікке, ізеттілікке, қайырымдылыққа үндейтін қағидалары бойларына сіңірілсе, жастардың жат атымға ілесуі, адасуы сирей түсері анық.

Сондай-ақ қаулыны оқығанда оны жазып, қабылдаушылардың халыққа жанашырлығымен қатар, әр іске жауапкершілікпен, жіті көзбен қарап, тиянақтылық танытқан іскер адамның қолтаңбасын аңғарамыз. «Сақтықта қорлық жоқ» деген. Жиналған қайыр-садақаның тек қана мектеп пен мешіт пайдасына жұмсалуын қамтамасыз ету үшін жіті бақылаушы қою керектігін де ескертіп, оның жоғарыға есеп беріп тұруын ойластырулары да көрегендік.

Ә. Оспанұлы тек мектеп пен мешіт ашып қана қойған жоқ, ол кісінің елге сіңірген еңбегі орасан. Шилі өзеніне бөгет салдырып, оны айдын көлге айналдыруға басшылық жасаған да осы ел ағасы, ел ардақтысы болатын.

«Ең бірінші осы «Бестау» ауылдық кеңесінде (ол кезде он екінші ауыл деп атайды) «Бостандық мектебі» деген мектеп ашылды. Оны ашушы – Әлмағамбет Оспанов. Бұл 1917 жыл еді. Содан кейін оған бірталай бала келді. Жүзден аса бала оқыдық. Бірінші сол мектепте оқушы болған мен, екінші Ахметхан Әбіқаев еді. Біз 1923 жылға дейін оқыдық. Кейін бізбен бірге оқыған біраз баланы Омбыға рабфакқа жіберді. Онда Қазақстанның орталығы Омбы болатын. Ол кеткен балалар   осы   ауылдың,   Оспанов Әлмағамбеттің шәкірттері Молдаәлім Сейдәзімов, Ақкөл Бірмағамбетов, Ғилымхан Молдашов, Әбділда Бақдәулетов, қалғанымыз – Смағұл Мұқанов мен Тәшбай Әлмағанбетов, Кенжетай Оспанов, Байдан Сәбденбеков, тағы басқа бір топ бала аудан орталығыңдағы Иванов мектебіне барып түстік», – дейтін қарт ұстаз Қабылда Байдіддин.

Қарт ұстаз сөз еткен Иванов мектебі туралы айтайық. Орыстың белгілі педагог-ғалымы К. Д. Ушинскиийдің идеясын ұстанып, Ы. Алтынсариннің ісін жалғастырушы Ғабдолғали Балғынбаев 1921 жылы уездік кәсіподақ бюросының мүшесі ретінде Торғай даласында халық училищелерін ашып, жастарды жаппай оқуға тарту туралы, оларды та-мақпен, жатақ-орынмен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныс жасайды. Оның ұсынысын ерлі-зайынты мұғлімдер – Ивановтар қолдайды. Торғайда ашылған орысша төрт кластық мектеп сол кісінің есімімен «Иванов мектебі» деп аталып кеткен.

«1920 жылы бүкйі уез бойынша мұғалімдер даярлайтын курс осы біздің Шиліде ашыдды. Онда 75 адам оқыды. Оларға Мұқан Өмірзақов, Жамбыл Солтенов, Ғалымжан Бектасов, Мақсұт Жоламанов, Мырзағали Омаров, Төлеубай Қожин, Нұрғали Жақсыбаев сабақ берді. Осылардың сыртында менің есімде қалғандары Балқай Байто-ғаев, Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат» кітабының кейіп-керлерінің бірі Мүсәпір Бұралкиев, Мұстафа сынды жігіттер келіп оқыды. Бізден ересек Хамзабай Біркин, Мәрден Ерғабылов, Тәжікен Кененбаев, Әжібай Шолақов, Қайырбек Ысқақов, осы бесеуін сол курсқа қосты, олар екі жарым ай курсты оқып бітіріп, құжаттарын алғасын ауылдарға бөлініп, мұғалім болып кетті. Сол кезде шаруашылық меңгерушісі есебінде Қаражан Топаев, ауданнан жиі-жиі оқу бөлімінің меңгерушісі Ілияс Байменов келіп тұрды», – дейтін Қ. Байділдин.

Қазақ ССР Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, химия ғылымдарының докторы, профессор Батырбек Бірімжанов «Оқу бастауы» деп аталатын естелігінде Шиліде мұғалімдер даярлайтын курста Ыбырай Алтынсарин үлгісімен орысша, сонымен қатар, мұсылманша, төте оқу да қоса жүргенін айта келіп, осы курсты бітірген Сүйншіәлі Оспанов сабақ бергенін, ол кісі кейін Орынборда рабфакта оқып келіп, Қостанай аймақтық оқу бөлімінің меңгерушісі болғанына тоқталады. «Әлмағамбет молда, – деп жазады Батырбек Бірімжанов, – жан-жақты білімді адам еді. Өзі дін жолында бола тұра, балаларды орысша да оқытты».

«Елу жылда ел жаңа» деген, ескі мен жаңа алмасып, өмір көші жалғасып кете барады. Тіршілік заңы солай. Бұл күнде кеңес үкіметі орнағн жылдары туған бала жоқ. Олардың орнын ұрпақтары басты. Сол сияқты мектеп те әртүрлі өзгерістерге түсті. 1936 жылы төрт сыныптық, 1937 жылы жеті жылдық, 1950 жылдары сегіз жылдық, 1966 жылы он жылдық мектепке айналды. Қарт мұғалімдердің орнын жастар басты, ескі мектептердің орнында жаңа еңселі ғимараттар бой көтерлі.

Шилі – тарихи жер. Бұл жерден ақындар Әбіқай Нұртазаұлы, Құбаша Шалбайұлы, Жармағанбет Оспанов, Ахметхан Әбіқаев, Қайнекей Жармағамбетов, Серікбай Оспанұлы, Зәкәрия Әбдірахманов, Еңбек Ерлері Фатхолла Кірмандаев, Жексенбай Қондышов, Едірес Нұрпейісов шыққан. Сондықтан да ауыл жастары мен балғын бө-бектері осы кісілерді мақтан тұтады. Солардай жақсы азамат, елдің қамқоры, еңбексүйгіш болуға ұмтылады. Ауылдығы мектепке Қайнекей Жармағамбегов есімі берілген.

Шилі – бұл менін балалық, жастық шағым өткен жер. Туған жер десе елжіреп, сағыныш сазын шертіп, өткенін еске алмайтын адам кемде-кем шығар бұл өмірде. Осы ауылда алғаш ұстаздық жолымды бастап, биыл ашылғанына ғасыр толып отырған мектепте ұзақ жыл қызмет істедім. Осындайда қызметтес болған марқұм, құрбым Зейнеп Молдахметова, қазір құрметті демалыстағы, Астанада тұрып жатқан математика маманы Мұңсыз Тұрсынбекова, Шилідегі Бақытжамал Шоханбаева, Қостанайдағы химия пәнінің мұгалімі Әлия Гаюпова мен қазақ тілі мен әдебиеті маманы Маржан Молдашева, Көкшетаудағы орыс тілі маманы Жұмаш Қасымовалар еске түседі.

Мектепте сабақ бергендердің бәрін ұстаз деу қиын. Меніңше, ұстаз болып туу керек. Жантәнімен бала тәрбиесіне көңіл бөліп, бар оқыған-білгенін оқушы бойына сіңіруді мақсат тұтқан, мейірімді, мейірбан жан ғана шынайы ұстаз бола алады. Иманды аталарымыз ашқан тарихи мектеп тағдырынан тағылым алған жоғарыда аты аталған құрбыларым атақ-дәреже кумаған шын мәніндегі ұстаздар.

Күлзада МЫРЗАҒАЛИЕВА, ҚМПИ доценті,
филология ғылымдарының кандидаты

Наши координаты

110000, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Мы в социальных сетях

Вы здесь: Главная Библиотека Публикации ППС в СМИ Тарихи мектеп тағылымы