Ұлы обаның ұлы тұлғасы

Нұрлы таң, 2018 ж., 1 ақпан (№ 4), Б. 9. | ТҰЛҒА. ТАҒДЫР

Тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР саяси ғылымдар академиясының президенті, Қазақстан жоғары мектебінің еңбегі сіңген қызметкері, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде еліміздегі алғашқы саясаттану кафедрасының негізін қалаушы, жерлесіміз Тілеміс Мұстафин тірі болса, 4 ақпанда 90 толар еді. Ол тағдырдың жазуымен дәл 70-ке толған күні дүниеден озды.

Мұстафин Тілеміс Тілеукабылұлы 1928 жылы Қостанай облысы, Меңдікара ауданы, Лаба (Ұлы оба) атты кішкетай қазақ аулында мұғалім отбасында дүниеге келген. Әкесі – Тілеуқабыл, ез уақытында туған өлкесіндегі танымал қазақ зиялыларының бірі, Ыбырай Алтынсарин ізін басқан, шын мәнінде халық мұғалімі болған. 1925-1926 жылдары Омбы қаласында білім алған Тілеуқабыл еліне оралып, орыс тілі мен әдебиетінен ауыл мектептерінде сабақ береді. Әкесі Мұстафаның орташа дәулеті болатын. Соған қарамастан ол репрессияға ұшырап, алдымен Қостанай түрмесінде екі жыл отырып, кейін Алматыға жер аудары-лады. Екі жылдан кейін дүние салған Мұстафа Қарадөн деген жерде жерленген.

Әке жолы балаға да үлгі болды. Отбасының рухани ұстанымы болашақ профессордың өмірлік мақсаттарын айқындап, мамандық таңдауына игі әсерін тигізді. 1943 жылы Тілеміс Тілеуғабылұлы Мендіқара педагогикалық училищесіне окуға түсті. Ол кезде 1940 жылы Боровское қазақ орта мектебінің базасында ашылған «Казпед» деген аты бар оқу орны Қостанай-Торғай өңірінің зиялы қауымының алтын ұясына айналған еді. Оқу орнын әр жылдары Қаражігітов Нұрмағамбет Оразғалиұлы (1940-1945 ж.ж.), Дәненов Жұмағали Сәдуақасұлы (1946-1953), Струтовский Игорь Иванович (1964-1976 ж.ж.) сияқты өз ісінің мамандары басқарды. Оның төрт бірдей түлегі (М. Қозыбаев, Т. Мұстафин, Ә. Жұмасұдтанов, О. Смағұлов) тарих ғылымдарының док-торы болды.

1946-1951 жылдар аралығында ол сол кезде қазақтың мандайына біткен жалғыз университет С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетінде білім алады. Студенттік шағында ғылыми үйірмелерге белсенді қатысып, алғашқы ғылыми баяндамаларын жасайды. Жоғары курстарда ол тарих факультетінде студенттік ғылыми қоғамының көшбасшыларының бірі атанды.

Университетті үздік аяқтаған Тілемісті министрлік Ташкент қаласындағы Ленин атындағы Орта Азия мемлекеттік универеитегінің жанындағы жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыратын бір жылдық курсқа жіберді. Курс тындаушысы ретінде ол оқуы мен Өзбекстанның партия мектебіндегі оқытушылық қызметін қатар алып жүрді.

Оның өмірінін Қарағанды дәуірі шығармашылық жетістіктерге толы болды. 1952-1975 жылдары ол Қарағанды мемлекеттік медицина институтында қызмет істеді. Бұл жерде ол қатардағы оқытушыдан кафедра менгерушілігіне дейін өсті. Кандидаттық, докторлық диссертацияларын қорғады, институттың, қаланың және облыстың қоғамдық өміріне белсене араласты.

Екі тілді де терең меңгерген, өтe шешен сөйлейтін адам еді. Әлі есімде, өткен ға-сырдың 70-жылдары Қарағанды қаласында қоғамдық пәндер оқытушыларының об-лыстық семинарлары жиі өтіп тұратын. Соның бірін сол кездегі Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Тілеміс Мұстафин екеуі ұйымдастырды. Үш сағаттық мәжілістің қалай өткенін білмей қалдық. Екеуі жарыса сөйлеп, бізді ойландырған көп сұрақтарға жауап берді.

1975 жылы Тілеміс Тілеукабылұлы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттык универси-тетіне ауысты. Әуелі университет жанындығы қоғамдық ғылымдар оқытушыларының біліктілігін арттыру институтында кафедра меңгерушісі болып қызмет етті. Ол басқарған жылдары кафедра ғылыми және әдістемелік жұмыстар бойынша үздік нәтижелер көрсетіп, байқауларда жүлделі орындарды иеленді. 80-жылдары Тілеміс Мұстафиннің жетекшілігімен кафедра бірнеше әлеуметтану зерттеулерін жүргізді, кейіннен олардың нәтижелері Алматы және Өскемен қалаларындағы ірі жеңіл өнеркәсіп орындарының әлеуметтік даму жоспарына негіз болды.

1987 жылдың наурыз айы мен 1988 жылдың қараша айы аралығында Тілеміс Мұстафин әл-Фараби атындағы ҚазМУ-да оқу жұмысы жөніндегі проректор қызметін атқарды. Ол факулътеттердің әдістемелік комиссияларының рөлін арттыруға бағытталған және оқытуға инновациялық әдімтерді енгізу бойынша көптеген жұмыстарды жүзеге асыруға атсалысты.

Од елде және әлемде болып жатқан үдерістерден ешқашан тыс қалған емес. Өткен ғасырдың 80-жылдардың аяғында КСРО халкының қоғамдық санасында күрт өзгеріс басталды. Марксизм-ленинизм идеалдарына халық сенімсіздік туғыза бастады. Бұл үрдіс 1986 жылғы Алматы және басқа да қалалардағы жастар қозғалысынан көрініс тапты. Кейбір оқу орындарында студенттер марксизм ілімін оқудан бас тартты. Олар шет елдердің оқу орындарында оқытылатың саясаттану, әлеуметтану сияқты пәндерді оқу жоспарына кіргізуді талап ете бастады. Осыған байланысты Тілеміс Мұстафин 1991 жылы әл-Фараби   атындағы   ҚазМУ-дың   философия, саясаттану және психология факультетінде арнайы бөлім ашты. Осы уақытта ол қоғамда болып жатқан үдсрістерді сараптап, талдап, ғылыми ізденістсрге бағыт-бағдар беріп отырды. Мұстафиннің бастауымен саясаттану бойынша алғашқы оқу бағдарламалары жасалынды. Саясаттануды ғылым және оқу пәні ретінде қалыптастыруда академиялық мәселелер туындады. 90-жылдардың басында оған аса көңіл бөлінбеді. Тілеміс Тілеуқабылұлы бұл мәселелерді көріп қана қоймай, саясаттанудың гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі рөлі мен орны, оның ғылым ретіндегі пәні, басқа ғылымдармен ұқсастықтары мен айырмашлықтары туралы орынды сауалдар қоя білді. Саясаттанудың ЖОО-да оқу пәні ретінде өз орны белгіленгенімен, жаңа ғылымды тану үшін жалпы әдіснамалық негіз бен оқыту әдістемесін жетілдіру қажетгігі туындады.

Тілеміс Мұстафин әлем таныған ғалым. Ол әлем ғалымдарымен тығыз байланыс орнатты. Оклахома университетінің студенттеріне екі рет лекция оқыды. Шет елдерде өткен дөңгелек үстелдерге қатысып, онда Қазақстандағы саяси үдерісгер жөнінде баяндамалар жасады. Сонымен қатар, жақын шет елдердегі әріптестерімен де қарым-қатынас жасап тұрды. Қырғызстан ұлттық университетімен бірлесіп, халықаралық семинарлар өткізді, ғылыми мақалалар жинағын шығарды. Қазақстан, Америка, Қырғызстан ғалымдарының «Политология, политика и современность» атты оқу құра-лының жарық көруі – осындай байланыетың нәтижесі.

Оның ғылыми жетекшілігімен 25 кандидаттық және 4 докторлық диссертация қор-ғалды. 1980-1988 жылдар аралығында саяси ғылымдар кеңес қауымдастығы Президиумы Қазақстан бөлімінің мүшесі, ҚР жаратылыстану ғылымдары мен әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі болып сайланды. Үкімет оның бұл еңбегін жоғары бағалап, «Құрмет белгісі» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «КСРО Жоғары мектебі» белгісімен марапаттады. Табысты лекторлық қызметі үшін оның есімі «Білім» қоғамының Құрмет кітабына енгізілген. «ҚазКСР Жоғарғы метебінің еңбек сіңірген қызметкері» деген де атағы бар.

Тілеміс Тлеуқабылұлының жұбайы Марьям Ильясқызы Даулетбакова да белгілі ғалым, медецина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ғылымының еңбек сіңірген қызметкері. 21 жыл (1967-1975 ж.ж.) Қарағанды медицина институтының ғылым жөніндегі проректоры қызметін атқарды. Ұлы Алмас техника ғылымдарының докторы, әке жолын жалғастырушы, «Орнында бар оңалар» деген осы шығар.

Аманжол КҮЗЕМБАЙҰЛЫ,
Тамара ӘЛІБЕК,
ҚМПИ профессорлары

Наши координаты

110000, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Мы в социальных сетях

Вы здесь: Главная Библиотека Публикации ППС в СМИ Ұлы обаның ұлы тұлғасы