Латын әліпбиі жаңашылдыққа!
Қостанай таңы, 2018 ж., 23 ақпан (№ 23), Б. 4. | ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ЖАҢА КӨКЖИЕК
Көшбасшымыз Н. Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында 2050 жылға дейін латын әліпбиіне толығымен көшетінімізді мәлімдеген болатын. Елбасы еліміздің өркендеп өсуі үшін және қазақ тілінің болашағы мен латын әліпбиіне байланысты бірнеше жобаны ұсынды. Осыған орай 2018 жылдың 20 ақпанында қазақ тілінін латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасы қабылданды. Жаңа әліпбиде латын графикасындагы дәйекшелер (апострофтар) алынып тасталды. Қазақтынш тоғыз төл дыбыстарын диграф арқылы беру нұсқасы қабылданды. Мұнда бір дыбысты бір әріппен беру қағидасы сақталған.
Заман тәжірибесі керсеткендей, әлемдік ақпарат кеністігіне өтудін жолы ретінде латын жазуын кеңінен пайдаланады. Қай елдің ғылымы озық, технологиясы жетік болса, сол елдің мемлекеттік тілінің қолдану аясы әлемдік деңгейде болады. Өркениетке қол жеткізген әлем елдерінің 80 пайызы латын тілін қолданады.
Қарлығаш НҰРМҰХАМЕТОВА,
ҚМПИ-ның доценті, филология ғылымдарының кандидаты