Жаңа нұсқа жеңіл

Қостанай таңы, 2018 ж., 23 ақпан (№ 23), Б. 4. | ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ЖАҢА КӨКЖИЕК

Төлеу ПАНИЯЗҰЛЫЕлбасының латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын қайта бекітуінің бірнеше себептері болды. Біріншіден заманауи, соның ішінде технологиялық талаптарға сай келмеуі, екіншіден, ана тіліміздің талаптарына толық жауап бере алмауы және зиялы қауым мен қалың көпшілік тарапынан үлкен сынға ұшырауы болды. Көпшіліктін пікірін елеп-ескеріп алғашқы нұсқасына қарағанда жеңіл, әрі қолайлырақ етіп жетілдіруі көңілден шықты. Дегенмен, заман талабына сай әлі де өзгеруі мүмкін ғой.

Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру жаһандану, ұлт болып ұйысу жағдайында технологиялық, саяси-идеологиялық жағынан артықшылықтары мен ба-сымдықтарға ие және бәсекеге қабілетті ұлт болу мәселесінде де маңызды болып табылады. Және де кезінде дұрыс жүргізілмеген отарсыздану үдерісінің орнын толықтырып, қазақ ұлтының рухани жаңғыруы мен қайта түлеуіне үлкен септігі тиеді деп үміттенемін.

Төлеу ПАНИЯЗҰЛЫ,
ҚМПИ аға оқытушысы, саясаттанушы

Наши координаты

110000, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Мы в социальных сетях

Вы здесь: Главная Библиотека Публикации ППС в СМИ Жаңа нұсқа жеңіл