Жоғары білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ЖБ ОЖСБ)
Қазақстан Республикасының білім сапасын бағалаудың Ұлттық жүйесі білім алушылардың оқу жетістіктерін сырттай және іштей бағалауды қамтиды.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қабылдануына байланысты, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. «Оқу жетістіктерін сырттай бағалау нұсқаулығын бекіту туралы» 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 151 бұйрығы негізінде 2011-2012 оқу жылында оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) рәсімі енгізілді.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ОЖСБ білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартында көзделген жалпы білім беретін пәндер циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ОЖСБ күндізгі және сырттай оқу бөлімінің бітіруші курс студенттері үшін, ал 2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 94 бұйрығы негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын үшінші курс студенттері үшін өткізіледі.
Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ОЖСБ өткізу үшін жалпы білім беретін пәндер циклінің үлгілік оқу бағдарламалары бойынша тест тапсырмалары пайдаланылады.
ОЖСБ өткізілетін оқу бағдарламалары мен пәндер тізбесін жыл сайын уәкілетті орган айқындайды.
ОЖСБ пәндері тізімі (2018 жылға дейін)
- Элементарлық математика
- Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
- Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту әдістемесі
- Тарихты оқыту әдістемесі
- Жалпы психология
- Математиканы оқыту әдістемесі
- Қазақ тілін оқыту әдістемесі
- Қазіргі қазақ (орыс) тілінің негіздері
- Қазақ тілін оқыту әдістемесі
- Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
- Биологияны оқыту әдістемесі
- Психологияны оқыту әдістемесі
- Физиканы оқыту әдістемесі
- Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы
- Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі
- Орыс тілін оқыту әдістемесі
- Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
- Арнайы мектепте тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
- Педагогиканы оқыту әдістемесі
- Мектепке дейінгі білімді басқару және ұйымдастыру
- Мектепке дейінгі балалардың тіл дамыту әдістемесі
- Түркі халықтарының тарихы
- Туризмология негіздері
- Арнайы педагогика
- Информатиканы оқыту әдістемесі
- Бастауыш мектепте тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
- Туризм менеджменті
- Математиканы оқыту әдістемесі
- Педагогика
- Экскурсиятану
- Биологияға кіріспе
- Әдебиетті оқыту әдістемесі
- Медициналық психология
- Психологиялық кеңес беру негіздері
- Географияны оқыту әдістемесі
- Жаратылыстану
- Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі (спорттың базалық түрлері бойынша)
- Информатиканың теориялық негіздері
- Химиялық экология
- Химияны оқыту әдістемесі
- Оқушылардың профильдік оқытуын ұйымдастыру
- Дене шынықтыру және спорт оқыту әдістемесі
- Жас ерекшелік физиология және мектеп гигиенасы
- Психология және адам дамуы
- Жеке тұлғаның дифференциалды психологиясы
- Білім беру жүйесіндегі менеджмент
2019 жылы ОЖСБ төрт жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізіледі:
- Қазақстан тарихы.
- Философия.
- Ақпараттық коммуникациялық технология (ағылшын тілінде).
- Шет тілі (ағылшын, неміс, француз).
Білім беру ұйымдарында ОЖСБ-ны өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және Министрліктің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Білім саласындағы бақылау департаменттерінің уәкілетті өкілдері жүзеге асырады.
Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ студентерінің мамандық бойынша ОЖСБ нәтижелері (орташа балл)
Мамандық | 2015 жыл | 2016 жыл | 2017 жыл | 2018 жыл | 2019 жыл |
5В011100 «Информатика» | 115,71 | 89,63 | 83,64 | 86,74 | 58,63 |
5В011000 «Физика» | 106,96 | 96 | 86,85 | 85,43 | 68,9 |
5В010900 «Математика» | 106,52 | 91,13 | 91,58 | 95,81 | 82,04 |
5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» | 99,93 | 95,43 | 99,76 | 102,92 | 77,72 |
5В012000 «Кәсіптік оқыту» | 99,73 | 75,38 | 70,56 | 88,46 | 61,6 |
5В011800 «Орыс тілі мен әдебиеті» | 94,00 | 96,71 | 90,38 | 79,33 | 64,33 |
5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» | 92,35 | 97,8 | 92,91 | 93,59 | 63,05 |
5B012200 «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» | 92,00 | - | - | - | - |
5В012100 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» | 100,89 | 103,50 | - | - | 84,67 |
5В011200 «Химия» | 90,94 | 91,1 | 72,46 | 90 | 91,24 |
5В010500 «Дефектология» | 90,38 | 93,23 | 92,1 | 92,65 | 75,17 |
5В010200 «Педагогика және бастауыш білім беру әдістемесі» | 89,07 | 93,45 | 96,79 | 94,79 | 73,09 |
5В011500 «Құқық және экономика негіздері» | 86,10 | 95 | 84,88 | 102,2 | 79,93 |
5В010300 «Педагогика және психология» | 85,36 | 100,86 | 100,61 | 92,25 | 70,38 |
5В011300 «Биология» | 81,22 | 80,55 | 83,09 | 90,02 | 92,24 |
5В011600 «География» | 81,07 | 87,23 | 84,24 | 81,67 | 73,53 |
5В010800 «Дене шынықтыру және спорт» | 79,44 | 74,75 | 68,37 | 76,37 | 69,59 |
5В011400 «История» | 77,92 | 77,07 | 93,19 | 92,5 | 75,11 |
5В050300 «Психология» | - | 86,71 | 82,5 | 91,5 | 83,00 |
5В090200 «Туризм» | - | 90,17 | 87,3 | 85,8 | 74,2 |
5В010600 «Музыкальное образование» | 88,57 | ||||
5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу» | 59,4 | ||||
5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» | 81,16 | ||||
Қорытынды (орташа балл): | 90 | 88,38 | 88,83 | 90,05 | 75,28 |
ОЖСБ нәтижелерін уәкілетті орган білім беру саласындағы заңнаманы қадағалау барысында жүргізілген тексеру кезінде тәуекелдерді бағалау жүйесінің өлшемшарты ретінде пайдаланады.