Жаратылыстану-математика факультеті

Декан

Shumeyko

Шумейко Татьяна Степановна

Педагогика ғылымдарының кандидаты

e-mail:

Декан орынбасары

Тауакелов Чингис Айдаргазиевич

Тауакелов Чингис Айдаргазиевич

Педагогикалық білім магистрі

 

Баймаганбетова Бибигуль Буркатовна

Баймаганбетова Бибигуль Буркатовна

География магистрі

Факультет тарихы

21 тамыз 1939 жылыҚазақ ССР Кеңестік халық комитеті мен республика ағартушылық Наркоматы келісімі бойынша, Еңбекші депутаттары кеңесінің Қостанай облысының атқарушы комитетінің Президиумы «Қостанай мұғалімдер институты және оның бөлімдерін ұйымдастыру» туралы қаулысын қабылдады. Онда: «1. Қостанай педучилищесі базасында 1 қыркүйектен бастап Қостанай екі жылдық мұғалімдер институты екі факультет құрамында - физикалық-математикалықжәнежаратылыстану-географиялық ұйымдастырылсын» деп жазылды. 5 шілде 1955 жылымұғалімдер институты базасында Қостанай педагогикалық институтын ұйымдастыруға шешім қабылданды. 1961- жылдан биология- химия факультеті болды. 2004 жылы «География» мамандығының ашылуына байланысты факультет жаратылыстану ғылымдары факультеті болып атын өзгертті. 2009 жылы «институттың оқу бөлімдерін оптимизациялау бойынша комиссия шешімі» негізінде жаратылыстану ғылымдары факультеті физика-математика факультетімен бірікті және жаратылыстану - математика факультеті болып аталды.

Оқу – әдістемелік жұмыстар

2012 жылдың қыркүйек айында ҚМПИда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқитын көптілділік бойынша арнаулы топ құру үшін іріктеу емтихандары өткізілді. Емтихан нәтижесінде 12 адам өтті. Бұл іріктелген топтың студенттерін оқыту Назарбаев зияткерлік мектебіне кадрлар даярлауға бағытталған.

ЕМФ ЕМФ

Кредиттік оқыту технологиясын енгізуге байланысты факультетте білім контенттері мен әдістемелік кешендер жаңартылды.Факультетте білім берудің екі тенденциясы – дәстүрлі және инновациялық үйлесім тапқан. Студенттер мен педагогтардың, білім процесінде барлық субъектілердің шығармашылық дамуын қайта оятып,оқушылардың тұлғаларын өзіндік дамытуғапедагогикалық процесс бағытталған. Оқу зертханаларының қазіргі заманғы оқыту құралдарымен үнемі жаңартылып отыруы, мамандықтардың материалдық базасын күшейтіп, ақпараттық – қатынас технологияларын пайдалануға, пәндік – мазмұндық деңгейде студенттердің оқу – танымдық әрекеттерін жандандыруға мүмкіндік береді.

ЕМФ ЕМФ
ЕМФ ЕМФ

Мектептермен байланыс

Факультетте ұзақ жылдардан бері «Дарын», «Озат», Ы.Алтынсарин атындағы, С.Мәуленов атындағы мектептермен, ФМЛ, М.Горький атындағы гимназиямен және тағы басқаларымен бірлескен жұмыстар жүргізіледі. Бұл мектептерде факультет оқытушылары - Абдықалыкова Қ.А., Демисенов Б.Н., Жұмағалиева Б.М., Баубекова Г.Қ., Омарова К.И., Музычко Л.М., Валяева Е.А. Қожмухаметова А.С., Нұрышева А.Б., Демесенов Б.М. және тағы басқалары ғылыми жұмыстарды ұйымдастырумен белсенді жұмыс жүргізіп, кеңестер береді.

Келесі бір жұмыстардың бірі – факультет оқытушыларының белсенді қатысуымен қалалық, облыстық және республикалық масштабта пәндік олимпиадалар арқылы оқушыларға кәсіптік – бағдар беру болып табылады. Факультет оқытушылары тек қана әділ қазылар болып қана қоймай, сонымен қатар облыстық және республикалық олимпиадалардың эксперименталдық турларын ұйымдастыруға қатысады, мысалы, химия ғылымдарының кандидаты, химия кафедрасының меңгерушісі Таурбаева Г. О. қатысқанын айтуға болады.

Ғылыми жұмыстар

Соңғы жылдары факультет құрылымына «Сосновый бор» және Наурызым мемлекеттік табиғи қорығында (НМТҚ) стационарлық пратика базалары енгізілді. Стационарларда ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізуге және тұру үшін барлық жағдай жасалған. «Биология», «География » мамандықтарының студенттері осы базаларда оқу далалық практикаларын өткізіп, курстық және дипломдық жұмыстардың эксперименттік бөлімдерін жүргізумен айналысады.

НМТҚ стационар базасында факультет студенттері билолгия және экология проблемалары ғылыми зерттеу орталығындабиология ғылымдарының докторы, профессор Т.М.Брагинаның және Батыс Вирджиния (АҚШ) университетінің оқытушыларының жетекшілігімен ғылыми жұмыстар бойынша Кіші гранттарды жеңіп алып, зерттеу жұмыстарын жүргізді.

ЕМФ ЕМФ

Биология ғылымдарының кандидаты, профессор Пережогин Ю.В. жетекшілігімен ҚМПИ кеппешөп қоры жұмыс істейді. Ол қазіргі уақытта әлемдік стандарттар талаптарына сай Солтүстік Қазақстандағы ірі кеппешөп қорларының бірі болып табылады. Кеппешөп материалдары бойынша «Биоәртүрлілікті зерттеу ғылыми – зерттеу орталығы» ғылыми сайт құрылды. Бұл ғылыми сайт дүние жүзінің өсімдік әлемін зерттеумен айналысатын және табиғатты сүйетін жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне арналған.

2011 жылдан бастап факультетте флора мен фаунаның дамуын зерттеуге арналған палеонтологиялық жұмыстардың нәтижесінде жаратылыстану тарихы мұражайы жұмыс істейді, онда Торғай аумағынан табылған жәдігерлер бар. Бұл мұражайда студенттер палеоботаника, палеозоология, эволюциялық ілім бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.

ЕМФ 

Қостанай облысының «Севказнедра» АТД және кен байыту комбинаттарыменбірлесіп жұмыс істеудің нәтижесінде Қостанай облысының пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы мен географиясын зерттеуге арналған минералдар қоры коллекциясы ұйымдастырылды. Оның жетекшілері, оқытушылар: Г.Қ.Баубекова, К.И.Омарова, В.В.Коваль «География» мамандығының студенттері мен қала мектептерінің оқушылары үшін сабақ процесінде минералдар қорын белсенді түрде пайдаланады.

Факультет кафедраларының әрқайсысының ғылыми бағыты бойынша жұмыстар жүргізе отырып, ғылыми зерттеулер мен әдістерін оқу процесінде пайдалануды таныстыру үшін ғылыми конференциялар, форумдар, дөңгелек столдар, кездесулер өткізіп тұрады. Мысалы, факультетте дәстүрге айналған «Азия далаларындағы биоәртүрлілікті сақтау» (2007, 2012 жж.) Халықаралық ғылыми конференциясын өткізіп тұрады. Оған Ұлыбритания, Германия, Израиль, Қазақстан, Ресей, АҚШтан белгілі ғалымдар, 50 жуық ғылыми ұйымдар мен мекемелер қатысты. Конференцияның резолюциясы Дала бюллетенінде, ҚМПИ Жаршысында жрияланып, ҚМПИ сайтына да орналастырылды, сонымен қатар қатысушылар мен мемлекеттік органдарға да таратылды. Биология ғылымдарының докторы, профессор Т.М.Брагинаның жетекшілігімен «Киіктердің популяцияларын сақтау және қалпына келтіру» тақырыбында дөңгелек стол ұйымдастырылды. Оған облыстың және республиканың мемелекеттік табиғат қорғау мекемелерінің жетекші мамандары шақырылып, пікірталасты.

Факультет оқытушылары гранттық бағдарламалар бойынша белсенді жұмыс жасайды. Кешенді экспедициялар мен аймақтың флорасы мен фаунасы жайлы материалдар жинап, санақ жүргізуде студенттер де өз үлестерін қосып келеді. Студенттермен жеке әдістерді оқытуға және конкурстық негізде ғылыми зерттеулер өткізуде халықаралық гранттарға тартуға назар аударылуда.Биология ғылымдарының кандидаты, доцент Е.А. Брагин «Жыртқыш құстардың сирек кездесетін түрлерінің миграциялық жолдарын спутниктік бақылау арқылы зерттеу және геоэкологиялық сараптама» ғылыми жобасын орындау барысында БЭП ҒЗО жәнехалықаралық серіктестікжобасы шегінде «Биология» мамандығы студенттері далалық зерттеулер әдістерінен оқудан өтті.

Біздің жетістіктеріміз

Мамандықтардың материалдық базасына жаңашылдық және модернизация енгізу өз нәтижелерін беруде. «Биология» мамандығының оқу – ғылыми жетістіктерінің нәтижесі көрсеткеніндей екінші жыл қатарынан Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындары мамандықтары арасында ұлттық рейтингте ұлттық аккредитациялық орталықтың рейтингі нәтижесі бойынша құрметті екінші орынды иеленіп отыр.

ЕМФ

Осы жылы ҚР БҒМ өткізген оқу жетістіктерін сыртқы бағалау бойынша «География» мамандығының студенттері тестілеуге қатысқан еліміздің жоғарғы оқу орындары арасында ең жоғары балл жинады. «Химия» және «Физика» мамандықтарының студенттері республикалық студенттік пәндік олимпиадаларда командалық есепте бірінші және екінші орындарды иеленді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Факультеттер Жаратылыстану-математика факультеті